Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Моменттер ережесіне есептер

  • Жерде массасы 90 кг бөрене жатыр. Бөрененің бір жақ шетінен көтеру үшін оған қандай күш түсіру қажет?
  • Массасы 200 кг және ұзындығы 5 м бөренеге массасы 350 кг жүк бір шетінен 3 м қашықтықта ілініп, бөрененің екі шетінен тіреу қойылған. Әр тіреуге түсетін қысым күші неге тең?
  • Массасы 10 кг, ұзындығы 40 см сырықтың ұштарына 40 кг және 10 кг жүктер ілінген. Сырық тепе-теңдікте қалу үшін тіректі қай жерге қою керек?
  • Массасы 9 кг, ұзындығы 1м сырыққа екі тіреу қойылған. Тіреудің біреуі сырықтың сол жақ басына, ал екіншісі оң жақ басынан 10 см қашықтыққа қойылған. Әр тіреуге түсетін қысым күшін табыңыз.
  • Ұзындығы 1 м сырық параллель орналасқан екі динамометрге ілініп, тепе-теңдікте тұр. Бірінші динамометр сырықтың сол жақ ұшынан 10 см қашықтыққа ілінген, оның көрсетуі 20 Н. Екінші динамометр сырықтың оң жақ ұшынан 30 см қашықтықта ілінген болса, сырықтың массасы неге тең?
  • Салмақсыз рычаг тепе-теңдікте тұр. Егер рычагтың ұзындығы 40 см, АВ=30 см, m2=6 кг болса, m1 жүктің массасы неге тең?
  • Массасы 1 кг, ұзындығы 1 м шыбықтың бойына сол жақ шетінен бастап массалары 1 кг, 3 кг, 4 кг және 5 кг шарлар бір-бірінен бірдей қашықтықта бекітілген. Жүйенің ауырлық центрін анықтаңыз.
  • Радиусы 9 см біртекті дөңгелек пластинаның шетін жанай радиусы берілген пластинаның радиусынан 2 есе кіші дөңгелек пластина кесіп алынған. Пайда болған пластинаның ауырлық центрін табыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу