Ньютонның бірінші заңы. Күш. Ньтонның екінші заңы.Масса. Ньютонның үшінші заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Ньютонның бірінші заңы. Күш. Ньтонның екінші заңы.Масса. Ньютонның үшінші заңы. | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы:Ньютон заңдарының тұжырымдамасын біледі және түсінеді; Көптеген оқушылар:Ньютон заңдарына есептеулер жүргізе алады; Кейбіреуі:Ньютон заңдарына мысалдар келтіріп талдай алады. | |||
Жетістік критерийері |
| |||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Күш, ауырлық күші, үдеу,масса, инерттілік,инерция,инерциялық санақ жүйесі,әрекет, қарсы әрекет | |||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық,мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу. | |||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару және графикті оқи білу. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. | |||
Бастапқы білім
| 7 сынып физика курсынан - күштер,күштердің түрлері, серпімділік күші, инерция,инерциялық санақ жүйесі |
Сабақ барысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||
1-2 | 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Сабақ мақсатын анықтау. | |||
3-8 | W сыныппен жұмыс активити 1.Тыныштықта тұрған доп. 2.Допты қозғалысқа келтіреміз қолымызбен әрекеттесу арқылы. Бастапқы білімді еске түсіру үшін оқушыларға сұрақ: 1.Нені байқадыңдар? 2.Нені бақыладыңдар. 3.Бақылаған кезде байқаған өзгерісті түсіндіруді сұраймыз. Оқушылардың жауабын тыңдай отырып жаңа тақырыпты бастаймыз. | Доп немесе теннис шаригі | ||
9-15 16-21 | Жаңа материал Ньютонның бірінші заңы Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады. Осы инерция заңын – Ньютонның бірінші заңы деп атайды. Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесінде деп аталады. Мысалы инерциялық санақ жүйесiне - гелиоцентрлiк санақ жүйесi жатады. Кез-келген үдеумен қозғалатын санақ жүйесi инерциялық санақ жүйесi болып табылмайды. Жаңа материалды бекітуге тапсырмалар: 1.Салт атты шауып келе жатыр.Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса,онда қандай жағдай байқалуы мүмкін? 2.Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды? 3.Автомобильмен санақ жүйесі байланысқан.Қандай жағдайларда ол инерциялық санақ жүйесі болады: а)автомоьиль аялдамада тұр; b)автомобиль бағдаршамға жақындағанда жылдамдығын азайта бастады; с)автомобиль тас жолдың түзусызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалып келе жатыр. |
| ||
22-32 33-40 | Жаңа материал Ньютонның екінші заңы Ньютонның 2 заңы: Дененің алатын үдеуі оған түсірілген күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал: Бұл теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі. Си жүйесінде күш бірлігіне ньютон алынған. Ньютон – бұл массасы 1кг денеге 1с ішінде 1м/с2 үдеу тудыратын күш. Бекітуге тапсырмалар: 10-жаттығу №1, №2 | Интерактивті тақтада | ||
41-51 | Жаңа материал Ньютонның үшінші заңы Күнделікті өмірден мысалды: 1.орындықта тұрған рюкзак. 2.адам көтерген гантель Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы. 11-жаттығу №1, №3 | |||
51-77 | G Жұптық жұмыс Есептер шығару №1 Ілмегінде тарту күші 15кН болатын трактор тіркемеге 0,5м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді? №2 60Н күш денеге 0,8м/с2 үдеу береді.Осы денеге қандай күш 2м/с2 үдеу бере алады? №3 Массасы 4кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2м/с2 үдеу алды.Массасы 10кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады? №4 Массасы 4т жүк таситын бос автомобиль қозғалысын 0,3м/с2 үдеумен бастады. Егер автомобильдің тарту күші сондай болғанда орнынан 0,2м/с2 үдеумен қозғалатын болса, онда оған тиелген жүктің массасы қандай болған? №5 Массасы 0,5кг допты ұрғанда 0,02секундтан кейін 10м/с жылдамдыққа ие болды.Соққының орташа күшін табыңдар. №6 Массасы 0,2кг тыныштықта тұрғант денеге 5с бойы 0,1Н күш әрекет етті. Осы дене қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол жүреді? 4.2Н күш әрекет еткен кезде 4см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар. №7 Қатаңдығы 105Н/м болатын тіркеу тросымен массасы 2т автомобильді 0,5м/с2 үдеумен сүйресе, трос қаншаға ұзарады? Үйкеліс ескерілмесін. | ТМ - 2 | ||
78-80 | Рефлексия Үй жұмысы | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?