Салыстырмалы қозғалыс. Физика, 10 сынып, презентация.
Тапсырма: Станция жанынан жөнелтілуші пойыз баяу қозғалысын екі адам бақылауда.Оның бірі - үстінде алма жатқан столға жақын отырған вагондағы жолаушы, 2-сі - жолаушыны шығарып салушы перронда тұрған бақылаушы. Екі бақылаушының пікірінше: а) алма вагомен бірге қозғалады, ә) алма стол үстінде жатыр және қозғалыссыз. Осы пікірді қай бақылаушы тұжырымдады.
Салыстырмалы қозғалыс
Топпен жұмыс.
1-топ. Қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығы.санақ жүйесі.
2-топ. Траектория. Орын ауыстыру векторы. Жол.
3-топ. Орын ауыстыруларды қосу. Жылдамдықтарды қосу.
Бағалау критерийі:
1-топ. Санақ денесі, санақ жүйесіне анықтама береді;
Қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығын санақ денесі және санақ жүйесіне қатысты түсіндіреді.
2-топ. Траекториянының салыстырмалылығын графиктік тәсіл арқылы түсіндіреді;
Орын ауыстыру векторы мен жолдың айырмашылығын графиктік тәсілмен түсіндіреді.
3-топ. Орын ауыстыруларды және жылдамдықтарды санақ жүйелерінде түсіндіреді;
Орын ауыстыруларды және жылдамдықтарды қосудың формулаларын жазады.
Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы – қозғалыс траекториясының, орын ауыстырудың, жылдамдықтың таңдап алынған санақ жүйесіне тәуелділігінің құбылысы.
Орын ауыстыруды қосу заңы:
дененің қозғалмайтын санақ жүйесімен салыстырғандағы орын ауыстыруы қозғалатын санақ жүйесімен салыстырғандағы дененің орын ауыстыруы мен қозғалмайтын санақ жүйесімен салыстырғандаға қозғалатын жүйенің орын ауыстыруының векторлық қосындысына тең.
немесе
Жылдамдықтарды қосу заңы: қозғалмайтын санақ жүйесімен салыстырғандағы дене жылдамдығы (абсолют жылдамдық) қозғалатын санақ жүйесімен салыстырғандағы дене жылдамдығы (салыстырмалы жылдамдық) мен қозғалмайтын санақ жүйесімен салыстырғандағы қозғалатын санақ жүйесінің жылдамдығының векторлық қосындысына тең.
немесе
Сұрақ: Жер бетіндегі адам вертикаль төмен қозғалып бара жатқан ұшақты бақылап тұр делік. Ұшақтың желдеткіштеріндегі (лопасти) нүктелер винт центріне қатысты қандай сызықпен қозғалады?
Жауап. Шеңбер бойымен
Сұрақ: Жер бетіндегі бақылаушыға қатысты бұл нүктелер қандай сызықтармен қозғғалады?
Жауап: спираль бойымен
Сұрақ: Бұл жағдайда нүктелердің траекториясы бірдей ме әлде әртүрлі ме?
Жауап: Әртүрлі
Сұрақ: Доңғалақтың нүктелері оның центріне қатысты қандай траекториямен қозғалады?
Жауап: шеңбер бойымен
Сұрақ: Егер траектория салыстырмалы болса, онда онымен байланысқан қай физикалық шама салыстырмалы болады?
Жауап: Жол
Кері байланыс.
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?