Қозғалыстың салыстырмалығы. Санақ жүйесі. Санақ денесі. Галилейдің салыстырмалық принципі. Физика, 10 сынып, презентация.


Өткен тақырыпты қайталау

Топтық жұмыс. «Миллионер» ойыны

Жұптық жұмыс

Автомобиль шоссесі

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыстың салыстырмалылығы. Санақ жүйесі. Санақ денесі. Галилейдің салыстырмалылық принципі.

Оқу мақсаты:

10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

Еске түсіру

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі дейміз.

Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.

Абсолют қозғалыс жоқ! Қозғалыс әрқашан салыстырмалы

Дөңгелектің спицасының ұшында көбелек отыр. Көбелектің қозғалыс траекториясы қандай болады?

1)Спицаға қатысты қарастырсақ, көбелек қозғалмайды.

«Спица» санақ жүйесінде көбелек тыныштық күйде. Көбелектің «Спица» санақ жүйесіндегі траекториясы – нүкте.

2) Велосипед осіне қатысты көбелек шеңбер бойымен қозғалады. Велосипедші көбелектің 3 түрлі траекториясын көре алады:

Шеңбер (егер велосипедтің осінен қараса);

Эллипс (егер оське бұрыш жасай қараса);

Кесінді (егер дөңгелекке жоғарыдан (төбесінен) қараса).

3) Жерге қатысты көбелек циклоид бойынша қозғалады

Галилейдің салыстырмалылық принципі:

Барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді. Басқаша айтқанда, барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы.

Жылдамдықтың инварианттық принципі. Бос кеңістіктегі (ваккумдегі) жарық жылдамдығы жарық көзі мен жарық қабылдағыштың қозғалысына тәуелсіз тұрақты шама.

1-топ: дене тәрбиесі сабағында мұғалім Асан мен Дастанды 60 м арақашықтыққа жарыстырады. Мұғалім старт сызығынан жүгіруге рұқсат береді. Асан 3 м/с, Дастан 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіреді.

2-топ: Мектептен үйге қарай 6 м/с жылдамдықпен қозғалған Әсемге қарама – қарсы 3 м/с жылдамдықпен жел соғады.

3-топ: жағадағы ағашқа қатысты 6 км/сағ жылдамдықпен қозғалған моторлы қайыққа қарсы 3 км/сағ жылдамдықпен өзен ағысы ағады.

Жұптық жұмыс. Есептер шығару

Қалыптастырушы бағалау

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек !

Назарларыңызға рақмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу