Қозғалыстың салыстырмалығы. Санақ жүйесі. Санақ денесі. Галилейдің салыстырмалық принципі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыстың салыстырмалығы. Санақ жүйесі. Санақ денесі. Галилейдің салыстырмалық принципі.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.2 - жылдамдықтар мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіру;

Сабақтың мақсаттары

Қозғалыстың салыстырмалылығын түсіндіру;

Галилейдің салыстырмалық принципін түсіндіру;

Санақ жүйесі, санақ денесі ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

Бағалау критерийлері

  • Санақ денесі, санақ жүйесі ұғымдарына дұрыс мысалдар келтіре алады;
  • Дененің орын ауыстыруын және жылдамдығын заңға сүйеніп дұрыс анықтай және сипаттай алады;
  • Галилейдің салыстырмалылық принципін есеп шығаруда дұрыс қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Оқушылар:

Қозғалыстың салыстырмалығы, санақ жүйесі, санақ денесі, абсолютті жылдамдық, салыстырмалы жылдамдық, тасымалданатын жылдамдық.

Пән лексикасы және терминология:

English

Kazakh

Russian

Reference system

Санақ жүйесі

Система отсчета

Relative motion

Қозғалыстың салыстырмалығы

Относительность движения

Average speed

Орташа жылдамдық

Средняя скорость

Relative speed

Салыстырмалы жылдамдық

Относительная скорость

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Классикалық механиканың қағидасы бойынша... Табиғаттағы кез-келген физикалық құбылыс барлық... Тасымалданатын жылдамдық... Салыстырмалы жылдамдық..

Осыған дейін меңгерілген білім

Кинематика теңдеулер.Орын ауыстыру, жылдамдық, үдеудің графиктері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 мин

4 мин

4 мин

Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Мұғалім оқушылардың алдына тақырыпқа сәйкес 3 суретті қиып таратады. Оқушылар қиындыларды құрастыра отырып, өз тобын табады.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру.

«Миллионер» ойыны. Оқушылар оқылмаған сұраққа ақша тігеді (1000-5000 тг), басқа топтың оқушылары келесі топтар қанша ақша тіккенін білмеулері қажет. Мұғалім әр топтың тіккен ақшасын жазып алады. Барлық топқа ортақ сұрақ оқылады, егер топ дұрыс жауап берсе тіккен ақшаларын мұғалім оларға береді, ал егер дұрыс жауап бермесе олардың тіккен ақшасын алып алады. Бұл ойынды қолдан ақша жасап ойнатуға болады. Егер ақша болмаса, мұғалім тақтаға жазып отырады. Ойын аяқталғаннан кейін топтың жинаған ақшасы есептеледі. Қай топтың ақшасы көп сол топ жеңеді.

Жұптық жұмыс. Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды, келесі топ бағалайды, мұғалім толықтырады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

Жаңа сабақтың мақсактын жариялау. Мұғалім дереккөздерде ұсынылған сілтемедегі видеоны көрсетеді. Оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Видеоны және презентацияны қоланып, оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып тақырыпты түсіндіреді.

(G) Оқушыларды 3 топқа бөліп, әрқайсысына талдауға және есептеп шығаруға тапсырма беру.

Әр топ тапсырма бойынша: санақ денесін, қозғалыстағы денені, денелердің салыстырмалы жылдамдығының бағытын және мәнін анықтауы тиіс.

1-топ: дене тәрбиесі сабағында мұғалім Асан мен Дастанды 60 м арақашықтыққа жарыстырады. Мұғалім старт сызығынан жүгіруге рұқсат береді. Асан 3 м/с, Дастан 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіреді.

2-топ: Мектептен үйге қарай 6 м/с жылдамдықпен қозғалған Әсемге қарама – қарсы 3 м/с жылдамдықпен жел соғады.

3-топ: жағадағы ағашқа қатысты 6 км/сағ жылдамдықпен қозғалған моторлы қайыққа қарсы 3 км/сағ жылдамдықпен өзен ағысы ағады.

Жұптық жұмыс. Есептер шығару.

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім бағалау критерийлерін және дескрипторларды таратады. Оқушылар өздерін өзі бағалайды, мұғалім бағалайды, сұрақтарға жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=aQi9BQhu4nc

Презентация

Қосымша 4

Қосымша 5

Сабақтың соңы

1 мин

Рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек !

Үйге тапсырма: § 1,6, 10-сынып.

Оқулық 10 сынып Б.Кронгарт, В.Кем

Физика

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу