Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтеруші күш. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні: ________________күні: _______________
Бернулли теңдеуін қорытып шығарайық. Сұйық 1-нүктеден 2-нүктеге қара ағады дейік.
- Диаграммадағы 1 және 2 нүктелерді қарастырайық. Бұл нүктелерге әсер ететін күштер (F1 және F2), түтіктің көлденең қимасының аудандары (A1 және A2), сұйықтың жүріп өткен жолдары (Δx1 және Δ x2), сұйық жылдамдықтары (v1 және Δ v2), және осы нүітелердің жерден биіктіктері (y1 және Δ y2).
- Осы 1 және 2 нүктелер үшін берілген физикалық шамалардың мәндерін салыстырыңыз. .
1 нүкте үшін | салыстыру ( <, >, = ) | 2 нүкте үшін |
F1 | F2 | |
A1 | A2 | |
Δx1 | Δx2 | |
v1 | v2 | |
y1 | y2 |
- Сұйық 1-нүктеден 2-нүктеге орын ауыстырғанда істелетін толық жұмыстың формуласын жазыңыз.
- Сұйықтың істеген жұмысын жұмсалған күш пен жасалған орын ауыстыруы шамалары арқылы жазыңыз. Таңбаларын ескеріңіз.
- Жұмыс пен энергияның өзара байланысын ескере отырып, теңдеуін жазыңыз. Теорема бойынша толық істелген жұмыс оның кинетикалық және потенциялық энергияларының өзгерістерінің қосындысына тең.
- Сұйықтың кинетикалық және оның гравитациялық потенциялық энергияларының өзгерісін екі нүкте үшін жазыңыз.
- Сұйықтың ағыны кезінде жасалған жұмыстың формуласын жазу үшін жұмсалған күшті қысым арқылы өрнектеп жазыңыз.
- Сұйықтың сығылмайтынын ескере отырып, екі нүкте үшін көлемнің мәндерін салыстырыңыз.
1 нүкте үшін | салыстыру ( <, >, = ) | 2 нүкте үшін |
V1 | V2 |
- Барлық шамаларды біріктіре отырып, келесі теңдеуді ашып жазыңыз.
- Теңдеудің екі жағын да сұйықтың көлеміне (V) бөле отырып, егер бөлу кезінде алынған шама тығыздықты берсе, оны ρ-мен белгілеп, төменге алынған формуланы жазыңыз. Алынған шамаларды 1-нүкте үшін теңдіктің бір жағына, 2-нүкте үшін теңдіктің екінші жағына жинаңыз.
_____________________________________________________________________________
Сіз Бернулли теңдеуін қорытып шығардыңыз! Жарайсыз!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?