Импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 1.4 Сақталу заңдары | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні:__/___/_______ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Импульс пен механикалық энергияның сақталу заңдары. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі
| Оқушы мақсатқа жетеді, егер ...
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология масса, импульс, векторлық жылдамдық, күш, серпімді соқтығысу (соққы), серпімсіз соқтығысу (соққы), кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, серпімді деформация энергиясы. Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар
| Топпен жұмыс коммуникативті дағдыларды дамытады және бірлесе отырып жұмыс жасауға үйретеді. Ашық сұрақтар мен тапсырмалар сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға көмектеседі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика – импульс пен энергияның сақталу заңдарын қортып шығару формуласы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны пайдалану дағдылары | http://www.bilimland.kz/ сайтындағы ресурстарды қолдану Power Point программасындағы ресурстарды қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Векторлық жылдамдық және күш ұғымдарын білулері, Ньютон заңдарын түсінулері керек. Оқушылар mgh және ½mv2 формулалары арқылы потенциалдық және кинетикалық энергияларды есептей алулары керек | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут 5 минут | Оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру. Тілдік мақсаттарды тексеру арқылы білімдерін өзектендіру. «Сақталу заңдары» тақырыбы бойынша ағылшынша сөздерді табады. Табылған физикалық шамаларға анықтама береді. | Презентация 1 қосымша | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 5 минут 15 минут 5 минут 5 минут 5 минут 10 минут 10 минут | «Энергия түрлері. Энергияның сақталу және түрлену заңдары» (F) «Сұрақ – жауап» 1) Механикалық энергия дегеніміз не? 2) Зымыран ұшқан кезде отын энергиясы қандай энергияға түрленеді? 3) Резиналы арқанмен секірген кезде қандай энергия түрленулері болады? (оқушылар сұраққа жауап береді және сақталу заңының тұжырымдамасын дәптерлеріне жазады) 4) Жердің гравитациялық өрісіндегі потенциалдық энергия дегеніміз не? (оқушылар сұраққа жауап береді және сақталу заңының тұжырымдамасын дәптерлеріне жазады) 5) 1-ші мысал 6) 2-ші мысал 7) Кинетикалық энергия дегеніміз не? (оқушылар сұраққа жауап береді және сақталу заңының тұжырымдамасын дәптерлеріне жазады) 8) 3-ші мысал
9) Дененің Ер пен Ек энергиялары қалай байланысқан? 10) 4-ші мысал 11) Механикалық энергияға кедергі күші қалай әсер етеді? Оны энергияның сақталу заңымен қалай байланыстыруға болады? (G) Стимуляторды орындау арқылы оқушылар білімдерін бекітеді: https://phet.colorado.edu/en/simulation/legacy/energy-skate-park Скейтбордисттің қозғалысы кезінде қандай энергиялық түрленулер болады? Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. (F) «Импульс» ұғымын түсіндіру (G) Топпен жұмыс: Оқушыларға стимуляторды қоланып «серпімді соқтығысу», «серпімсіз соқтығысу», «центрлік соқтығысу», «центрлік емес соқтығысу» түрлерін түсіндіру ұсынылады. https://phet.colorado.edu/sims/collision-lab/collision-lab_en.html (F) Импульстің сақталу заңы мен реактивті қозғалыс принципін түсіндіру. (G) Бекіту үшін және коммуникативті дағдыларын дамыту үшін оқушыларға шағын топтарда кейбір жағдайлардағы сақталу заңдарының пайда болуын түсіндіру ұсынылады. 1) Бильярд ойыны кезінде абсолютті серпімдлі соқтығысу болатынын сақталу заңдары арқылы түсіндіріп беріңіз. Жауабы: Бильярд ойыны кезінде шарлардың импульстары да, кинетикалық энергиялары да сақталады, сондықтан олардың соқтығысуын абсолютті серпімді деп атауға болады. 2) Автомобильдердің кинетикалық энергиясы қандай түрлерге түрленді? Неліктен бұл әрекеттесу абсолютті серпімсіз деп аталады? Осы жағдайда денелер импульстары сақталады ма? Жауабы: Кинетикалық энергия дыбыс, жарық, жылу энергияларына түрленеді, сондай-ақ энергияның бір түрі деформацияға жұмсалады. Кинетикалық энергия сақталмайтындықтан, бұл абсолютті серпімсіз соқтығысу. 3) Зымыран мен кальмар, сегізаяқ (осьминог), каракатица, медуза сияқты жануарлардың қозғалыстарында қандай ұқсастық бар? 4) Әбден піскен қиярдың «құтырған» дәніне қол тисе болды, ол күшпен дәні араласқан сұйықты сыртқа қарай лақтырады. Ал қиярдың өзі қарама-қарсы бағытта ұшады. Осы жағдайды импульстің және энергияның сақталу заңдарымен қалай түсіндіруге болады? 5) Герон шарының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз Деңгейлік есептерді шығару Формативті бағалау | https://bilimland.kz/ru/content/structure/940-physics#lesson=10742 http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10751-zakon_soxraneniya_impulsa_i_ehnergii_pri_stolknovenii http://tap.iop.org/mechanics/momentum/222/file_46467.doc жұмыртқалардың құлауы бойынша видео: http://www.youtube.com/watch?v=qKQntlsJ_KQ кедергімен соқтығысу нәтижелері туралы видео: http://www.youtube.com/watch?v=d7iYZPp2zYY деформациға байланысты видео: http://www.youtube.com/watch?v=zS_Gk7vjmOg немесе http://www.youtube.com/watch?v=2EY1fMXpdqQ Импульстің сақталу заңы бойынша демонстрация: http://www.youtube.com/watch?v=YlkTBbFikU8 соқтығысуды моделдеу: http://phet.colorado.edu/sims/collision-lab/collision-lab_en.html 3 қосымша | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
Үй тапсырмасы: §12,14 Физика 9 Генденштейн | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Орташа деңгей есептерін шығарғанда барлық оқушылар импульс пен энергия туралы білімдерін қолданады. Оқушылардың көпшілігі (қабілеті жоғары оқушылар) күрделі деңгей есептерін шығару барысында сақталу заңдарын, соқтығысу түрлеріне байланысты қорытылып шығарылған формулаларды қолданады. | Бағалау критерийі бойынша өзара және өзіндік бағалау жасау. Сабақ барысында ауызша бағалау да қолданылуы мүмкін. | Барлық қауіпсіздік ережесі сақталады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?