Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Cақталу заңдары

2 сағ

Мектеп: ХББ НЗМ, Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні: Есеркенова Ж. К.

Сынып: 10

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.1 - сақталу заңдарын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Импульстің және механиклалық энергияның сақталу заңын түсіну және қолдану

Бағалау критерийлері

Сақталу заңдарын түсіндіре алады

Дескрипторлар:

  • Импульстің қандай шамаларға тәуелді екенін біледі
  • Импульстің формуласын есептер шығаруда қолданады
  • Импульстің сақталу заңын түсіндіреді
  • Импульстің сақталу заңын қолданады
  • Энергияның сақталу заңын түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар

  • Тақырыпқа қатысты терминдерді пайдалану арқылы академиялық тілді дамыту
  • Суреттер арқылы оқушылардың критикалық ойлауын дамыту

Оқушылар импульс, энергия, серпімді соққы кезіндегі импульстің сақталу заңы, энергияның сақталу заңына қатысты терминдердің физикалық мағынасын түсінеді

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Импульс- momentum

Энергия - energy

Энергияның сақталу заңы - law of energy conservation

Импульстің сақталу заңы - law of conservation of momentum

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында ұйымшылдық, ынтымақтастық, бір-бірінің пікірін тыңдау барысында құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы, жұмыс барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. Ойын жүйелеп сыныптастарының алдында қорғай алу, топпен жұмыс жасай білу, зерттеушілік қабілетін дамыту, өз жұмысының нәтижесін сараптай алу

Пәнаралық байланыстар

Жылу балансы теңдеуі шешу - математика.

Қоршаған ортаны қорғау-экология

Жаратылыстану пәні бойынша табиғаттағы құбылыстардың жылуға қатысы қарастырылады

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайтынан физикалық құбылыстардың компьютерлік моделін ұсынуға болады.

Бастапқы білім

Импульс және энергия

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау

10 мин

Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады

Оқушыларға демонстрация көрсету

  • Ньютон шарларымен

 Жұптық талдау:

 Осы көрген демонстрация бойынша не байқадыңдар?

  • Қандай ұқсастық бар?
  • Қандай шамалар арқылы қозғалысты сипаттауға болады?
  • Қандай өзгеріс болуы мүмкін және себептері неде?

Оқушылар хабарламасы

Ньютон шарлары

Сабақтың ортасы

30 мин

Сұрақ қою моделі бойынша тақырыпты ашу

Оқушыларға сұрақ

Суреттегі мәліметтерді пайдалана отырып,импульс ұғымына түсінік беріңіз

Оқушылармен талдау

Екі дененің өзара әрекеттесуін қарастыру

А)Соқтығысқаннан кейін не өзгеруі мүмкін? Қалай өзгереді деп ойлайсыңдар?

Осы жағдайлар үшін импульстің сақталу заңы

Тұйықталған жүйеде импульстің қосындысы тұрақты сақталады

Импульстің сақталу заңы

Серпімді соққы

Серпімсіз соққы

Б) дененің жылдамдығының немесе масса өзгерісі қандай шаманың өзгерісіне алып келеді?

Ж: механикалық энергия

Ньютон шарларын негізге ала отырып, импульс пен энергияның түрленуіне тоқталу

Энергия бір түрден екінші түрге ауысуы мүмкін. Жоқ боп кетпейді, жоқтан пайда болмайды. Оқшауланған (сыртқы ортадан) денелер жүйесінде энергияның көлемі тұрақты болады. Бұны энергияның сақталу заңы деп айтамыз.

Серпімді соққы

Серпімсіз соққы

Теория

http://msk.edu.ua/ivk/Fizika/Konspekt/impuls.php

видео

http://msk.edu.ua/ivk/Fizika/New-disk/rabota%20i%20energiya/7_zakon_sohr_impulsa.mp4

http://physics.ru/courses/op25part1/content/chapter1/section/paragraph16/theory.html#.WhAFnlVl-

Практикум

37 мин

1. (а) (і) Импульстің сақталу заңын түсіндір.

.................................................................................................................................................................................................................................................................................. [2]

(іі) Серпімді және серпімсіз соқтығысудың арасындағы айырмашылықты атап бер.

................................................................................................................................................................................. [1]

(b) (і) 1-суретте массасы 4.2 кг А дене 3.6 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оған қарсымассассы 1.5 кг В дене 1.2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді.

Екі дене соқтығыстан кейін оң бағытта қозғалады. 2-сурет.

Соқтығыстан кейін В дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалады.

Соқтығыстан кейінгі А дененің жылдамдығы неге тең?

Жылдамдық = ........................................ м/с [3]

(і) Соқтығыстың серпімді немесе серпімсіз екендігін анықтап, дәлелдеңдер.

___________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Тест тапсырмаларымен жұмыс

1.Массасы дене 20Н күштің әсерінен жылдамдығын 2 м/с-ге арттырса, күш әсері созылатын уақыт

A) 1с

B) 6 с

C) 4 с

D) 2 с

E) 4 с

{Дұрыс жауап}= A

2. Отынсыз массасы 400 т зымыран, отын жанғанда биіктікке көтеріледі. Отын массасы 50 т. Отынды бірден жанып кетеді деп есептеп, зымыраннан газдың ұшып шығу жылдамдығы.

A) 200 м/с.

B) 300 м/с.

C) 400 м/с..

D) 100 м/с.

E) 500 м/с.

{Дұрыс жауап} = С

3. Массасы денеге 0,5 минут бойы 15 Н күш әсер етті. Күш импульсі.

A) 0,25 Нс.

B) 7,5 Нс.

C) 450 Нс..

D) 150 Нс.

E) 500 Нс.

{Дұрыс жауап} = С

4. Екі өзара әсерлесуші денелер үшін импульстің сақталу заңы:

A)

B) .

C) .

D) .

E) .

{Дұрыс жауап} = С

5. Массасы мылтықтан массасы оқ 600 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Мылтықтың кері қозғалу жылдамдығы.

A) 1,2 м/с.

B) 0,6 м/с.

C) 2,2 м/с..

D) 0,1 м/с.

E) 4 м/с.

{Дұрыс жауап} = A

6. Массалары және , ал жылдамдықтары сәйкесінше 3 м/с және 2 м/с екі дене бір-біріне қарсы қозғалып, серпімсіз соқтығысады. Соққыдан кейінгі денелердің жалпы жылдамдығы (ОХ осі оңға бағытталған)

A) 3 м/с.

B) 4 м/с.

C) 1,5 м/с..

D) 5 м/с.

E) 0.

{Дұрыс жауап} = C

7.Суретте горизонтқа бұрыш жасап лақтырылған дененің қоғалыс траекториясы берілген. Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы (Ауаның кедергісін ескермеңдер.)

A) 1-ші нүктеде максималь.

B) 2-ші нүктеде максималь.

C) 3-ші нүктеде максималь.

D) 4-ші нүктеде максималь.

E) Барлық нүктеде бірдей.

{Дұрыс жауап} = E

8. Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен ауырлық күші мен серпімділік күш арқылы әрекеттесетін денелердің...

A) кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы нольге тең.B) кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.C) кинетикалық және потенциалдық энергиялары өзара тең болады.D) кинетикалық энергиясы және потенциалдық энергиясы тұрақты болады.E) кинетикалық энергиясы тұрақты болады.{Дұрыс жауап}=B

9. Зеңбіректен ату кезінде снаряд 280м/с жылдамдықпен тік жоғары ұшады. Дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергиясына тең болатын биіктікгі. (g=10м/с2)

A)

B) C) D)

E)

{Дұрыс жауап}=D

10. Массасы жүк биіктіктен құлайды. Түсе бастағаннан 1с өткеннен кейінгі потенциалдық энергиясын (g=10м/с2)

A) 12,5 Дж

B) 25 Дж

C) 50 Дж

D) 20 ДжE) 30 Дж{Дұрыс жауап}=B

11. Массасы дененің биіктікте 20 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы толық механикалық энергиясын

A) 200 Дж

B) 400 ДжC) 1000 ДжD) 800 ДжE) 600 Дж

{Дұрыс жауап}=E

12. Массасы 100г,тік жоғары қарай 10м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің,көтерілгендегі ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясы.

A) 1 Дж

B) 50 Дж

C) 10 Дж

D) 5 Дж

E) 15 Дж

{Дұрыс жауап}= D

Таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

Рефлексия

3 мин

Үй тапсырмасы

Импульстің және энергияның өмірде қолданылуына 6 мысал жазып келу және түсіндіру

Оқушылар хабарламасы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға ағылшын тілінде дайындалған тапсырмаларды беруге болады

(1)сабақ барысында оқушыларды қолдау, кері байланыс беру

(2) Формула қорыту және өлшем бірліктер мен шамалар арсындағы байланысты анықтауға арналған тапсырмаларды бағалау

(3)дескрипторлар арқылы

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Кабинетті желдету

Көз жаттығуларын жасау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу