Зертханалық жұмыс №4 «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу». Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статика

Мектеп: ХББ НЗМ, Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні: Есеркенова Ж. К.

Сынып: 10

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс №4

«Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау

Сабақ мақсаттары

Күштерді қосудың заңдылығын қолдана отырып, күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтай алу

Бағалау критерийлері

Практикалық жұмыс жасау кезінде:

  • Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, бақылаулар мен өлшеулерді жүргізу үшін зертханалық жабдықтарды дұрыс қолданады
  • Құралдардың бөлік құнын ескере отырып, өлшеу мәндерін дұрыс анықтайды

Ақпаратты өңдеу

  • Өлшем бірліктерді ХБЖ – не келтіреді
  • Есептеулерді жүргізуге қажетті формулаларды қолданады
  • Математикалық есептеулерді сауатты жүргізеді
  • Жұмыс бойынша қорытынды жасайды

Тілдік мақсаттар

Бір-біріне бұрыш жасай бағыттталған күштерді қосуды анықтауда қажетті ұғымдарды қолданады.

Скаффолдинг әдісі қолдану арқылы қажетті күшті анықтау әдісін анықтау

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Күш

Сила

Force

Тең әрекетті күш

Равнодействую

щая сила

Equal force

Векторларды қосу

Сложение векторов

Adding vectors

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Дененің бір нүктесіне түсірілген екі F1 және F 2 күштерінің тең әсер етуші күші сол нүктеге түсіріледі де, осы күштерден тұрғызылған параллелограмның диагоналімен анықталады.

Векторларды қосу ережесі бойынша тең әсерлі күш

R F1 F 2 , яғни күштердің векторлық немесе геометриялық қосындысына тең болады

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында ұйымшылдық, ынтымақтастық, бір-бірінің пікірін тыңдау барысында құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы, жұмыс барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. Ойын жүйелеп сыныптастарының алдында қорғай алу, топпен жұмыс жасай білу, зерттеушілік қабілетін дамыту, өз жұмысының нәтижесін сараптай алу

Пәнаралық байланыстар

Математика (векторлармен жұмыс)

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайтынан физикалық құбылыстардың компьютерлік моделін ұсынуға болады.

Бастапқы білім

Күштерді қосу және азайту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау

5 мин

Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады

1.Сәлемдесу 2.Түгендеу 3.Сыныптың сабаққа дайындығы

Оқушыларға сұрақ:

  • Қандай жағдайда дене тыныштықта болады?
  • Егер күштер бір түзудің бойымен бір бағытта әрекет етсе, тең әрекетті күш қандай болады?
  • Әр жағдай үшін теңәрекетті күшті қалай анықтауға болады?

Жауабы:

 Дененің бір нүктесіне түсірілген екі F1 және F 2 күштерінің тең әсер етуші күші сол нүктеге түсіріледі де, осы күштерден тұрғызылған параллелограмның диагоналімен анықталады.

Векторларды қосу ережесі бойынша тең әсерлі күш

R F1 F2 , яғни күштердің векторлық немесе геометриялық қосындысына тең болады

Кесте арқылы қайталау

Оқушылар хабарламасы

Кесте

Ойлану / ақпарат

33 мин

Жұмыс барысы

  • Суретте көрсетілгендей эксперименттік қондырғыны жинаңыз

  • Динамометрлер арқылы өткізілген жіпке массасы белгісіз жүкті іліңіз.
  • Оң жақтағы динамометр көрсеткішін анықтаңыз

F1 = _________________H

  • Сол жақтағы динамометр көрсеткішін анықтаңыз

F2 = _________________H

  • Екі динамометр арасындағы бұрышты анықтаңыз

________0

  • Теңәрекетті күшті параллелограмм ережесін қолдана отырып, анықтаңыз
  • Тең әерекетті күштің мәнін қолдана отырып, белгісіз жүк массасын анықтаңыз

M = FR /g

Қосымша тапсырма

Баржаға 600 бұрышпен әрқайсысы 400 Н болатын арқанның серпімділік күші әрекет етеді. Баржа бірқалпты түзусызықты қозғалады. Осы кездегі судың үйкеліс күші неге тең?

Динамометр, жүктер, штатив.

Сабақтың соңы

Рефлексия

2 мин

Үй тапсырмасы

https://bilimland.kz/kk/content/structure/939-physics#lesson=10673

Оқушылар хабарламасы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жоғары деңгейлі оқушылар зертханалық жұмысты орындап болған соң, қосымша тапсырманы орындайды

(1)сабақ барысында оқушыларды қолдау, кері байланыс беру

(2)Формула қорыту және өлшем бірліктер мен шамалар арсындағы байланысты анықтауға арналған тапсырмаларды бағалау

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Кабинетті желдету

Көз жаттығуларын жасау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу