№ 4 Зертханалық жұмыс. Бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 10

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мұғалімнің аты –жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№ 4 Зертханалық жұмыс. Бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ОМ: параллель және параллель емес векторларды қосу және азайту

Сабақ мақсаттары

Бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу әдісін тәжірибе жүзінде тексеріп қарау

Күтілетін нәтиже

Оқушылар:

- өлшеудің дәлдігі мен нақтылығының маңыздылығын түсінеді

- қателіктердің түрлерін ажырата алады

- қателіктерді өз бетімен есептей алады

Жетістік критерийлері

  • Вектор түсінігін, белгілеуін, вектор модулын, параллель және параллель емес векторларды қосу және алу ережелерін біледі.
  • Векторларды қосу және алу ережелерін пайдалана отырып, кем дегенде төрт тапсырманы орындайды
  • Өлшеулер үшін ондық таңбалардың негізделген санын таңдағанын және мұны бірізді есептеулерде қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Паралелль векторлар

Параллельные вектора

Parallel vector

Параллель емес векторлар

Непараллельные вектора

Non-parallel vector

Күштерді қосу

Разложение сил

Decomposition of forces

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Векторлар, векторларға амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

2 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Оқушыларды топқа бөлу

Ойлану/

Ақпарат

Практикум

35 мин

БҰРЫШ АСТЫНДА БАҒЫТТАЛҒАН КҮШТЕРДІҢ ҚОСЫЛУЫ

 Жұмыс мақсаты. Бір-бірімен перпендикуляр немесе бұрыш жасап тұрған екі динамометр көмегімен кірдің салмағын (ауырлық күшін) өлшеу

Теориялық негіздеме

 Денелердің бір-біріне әрекетінің өлшемін сипаттайтын физикалық шаманы күш деп атайды.

 Күш шамасымен, бағытымен және түсірілу нүктесімен сипатталады.

 Күшті өлшейтін аспап динамометр деп аталады

 Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады

 Суреттегі бір материалық нүктеге әсер ететін F1 және F2 екі күштердің тең әрекетті күшіR болады.

.

 Күштің вертикаль немесе бұрышпен түсуіне қарай тең әсерлі күштің модулі өзгермей тұрақты (ауырлық күштің модуліне тең) болып қалады.

 Эксперименттік қондырғы:

 Тапсырмалар:

1. Тәуелсіз шамаларды анықтаңдар:

2. Тәуелді шамаларды анықтаңдар:

3. Өзгермейтін шамаларды анықтаңдар:

 Ескертпе : Шамаларды анықтаған кезде олардың айырмашалығын нақты білу керек, керек кезінде мұғаліммен ақылдасыныз

Жұмыс барысы

  • Деформацияланбаған жағдайдағы динамометрлердің нөлдік нүктесін ретке келтіріңіздер.
  • Қысқа жіптің ұштары мен ортасына кішкене ілмектерді байлаңыздар.
  • Динамометрлер бір жазықтықта орналасуға тиіс.
  • Транспортирді жүктің жібіне қыстырғышпен бекітуіміз керек.
  • Жіптердің ұштарында байланған әр ілмекті динамометрлер ілгегіне бекітініздер, ал ортасына 100 г гірге арналған ұстағышты іліңіздер.
  • Штативтегі қысқыштарды реттеңіздер, олар бір биіктікте орналасуы керек.
  • Бұрыштық шкаланы дөңгелектің ортасы гірді ілу нүктесімен сәйкес келетіндей орналастырыныз, ал салмақ бағыты(ауырлық күші) бұрыштық шкаланың негізгі осьтерінің бірімен сәйкес болу керек.

Өлшеу нәтижелері

1. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге төмендегі критерийлер арқылы толтырыңдар

  • Кестеге физикалық шамалар өлшем бірлігімен және аспап қателігімен дұрыс толтырылған. (2 ұпай)
  • Өлшеулер ең кемінде үш рет орындалған. (3 ұпай)
  • Барлық есептеулер бірдей дәлдікпен жазылған. (1 ұпай)
  • Абсолют және салыстырмалы қателіктер бағаны толтырылған. (2 ұпай)

2. Мәліметтерді өңдеу: (Өлшеу қателіктерін ескеріп, толық есептеулер орындау) (5ұпай)

5ұпай – барлық есептеулер қателіктерін ескеріп дұрыс жасалған,

4ұпай –есептеулерде қорытқы нәтижеге әсер етпейтін қателер орын алған,өлшеу қателіктері ескерілген.

3 ұпай - есептеулерде қорытқы нәтижеге біршама әсер ететін қателер орын алған, өлшеу қателіктері ескерілген.

2 ұпай –барлық есептеулер дұрыс орындалған, қателіктер ескерілмеген.

1ұпай - есептеулерде қорытқы нәтижеге біршама әсер ететін қателер орын алған, өлшеу қателіктері ескерілмеген.

 Ескертпе : Абсолют және салыстырмалы қателіктерді осындай формула көмегімен анықтау

Эксперимент нәтижесін график түрінде көрсету

 Ауытқу бұрышына тәуелділік графигін төмендегі талаптарға сай тұрғызыңдар.

  • Координата осьтерінде физикалық шамалар өлшем бірліктерімен дұрыс көрсетілген. (2 ұпай)
  • График масштабы есептеу нәтижелеріне сай таңдалған. (2 ұпай)
  • График координаталық жазықтықтың ең кемінде ¼ бөлігін қамтиды. (1 ұпай)
  • Барлық нүктелер масштабқа сәйкес дұрыс белгіленген. (2 ұпай)
  • График сызығы орташа мәндер арқылы дұрыс жүргізілген. (1 ұпай)

Қорытынды: (2 ұпай)

 Ескертпе: Жұмысты қорытындылау үшін тұрғызылған графикке толық анализ жасап, әр түрлі түстерге сәйкес келетін толқын ұзындықтарын график көлбеулігіарқылыанықтау қажет.

 Жауабын Акр=А±ΔА түрінде жазып, есептеулер нәтижесін график көмегімен анықталған нәтижемен салыстырыңыз.

Жұмыс нәтижесін жақсарту үшін ұсыныстар: (1 ұпай)

 Ескертпе: бұл жерде жұмыс нәтижесін жақсарту үшін жұмыс орындау тәсіліне енгізетін өзгертулерді атап өтіңіз.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

 Құрал-жабдықтар: жан-жақты штатив, негізі, штативті өзекше, динамометрге арналған ұстағыш, дөңгелек немесе тік бұрышты оқтамаларға арналған қысым-саптау, өлшеуіш, жіп, динамометрлер, бұрыштық шкалалы көшірмесі (транспортирмен) , қайшы

Рефлексия

3 мин

Үй жұмысы:

Мен білемін

Мен білдім

Мен білгім келеді

Стикерлерге өз ойларын түсіру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Зертханалық жұмысты орындайды

Оқушылардың көпшілігі:

Қалыптастырушы тапсырманың 80 пайызын дұрыс орындайды

Кейбір оқушылар:

Сұрақтар қояды

Мадақтау

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу