Күш моменті. Айналу моменті, Моменттер ережесі. Қос күштер. Физика, 10 сынып, презентация.
Түсіндіріп көріңдер:
Түйін сөз:
1. Статика – механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі.
2. Тепе-теңдік – дененің тыныштықта, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста немесе қозғалмайтын оське қатысты бірқалыпты айналып тұрған күйі.
3. Fd көбейтіндісі күш моменті деп аталады. М әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі [Н•М]. Мұндағы d – күш иіні, айналу осінен күш әрекеті сызығына дейінгі ең қысқа қашықтық (яғни айналу осінен күш сызығына түсірілген перпендикулярдың ұзындығы).
4. Моменттер ережесін: айналатын дененің тепе - теңдігін сақтау үшін денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.
М1=M2
Жаңа сабақ
Күш моменті. Айналу моменті. Моменттер ережесі. Қос күштер.
ОМ 1: күш моментін мен айналу моментін анықтау және оларды есептерді шығару кезінде пайдалану
ОМ 2: дене тепе-теңдікте болғанда денеге түсетін моменттер қосындысы нөлге тең екендігін түсіну
Қолдану:
Суреттен дененің айналу осін көрсете алады
Суреттен F1және F2 күш жұмсау нүктелерін көрсете алады
F1және F2 күштері әсерінің сызығын қалай жүргізуді біледі
d1 және d2 күштерінің иіндерін жүргізе алады
Тепе-теңдіктегі денеге әсер ететін барлық күштерді көрсететін сызбаны орындайды
ОХ және ОУ осьтерінде бұл күштердің проекциясын табады және олардың сомасын нөлге теңестіреді
Айналу осіне қатысты күш мезеттерінің сомасын табады және бұл соманы нөлге теңестіреді
-Алынған теңдеу жүйесін ізделіп отырған шамаға қатысты шешеді
Қолдану:
-Дене тепе-теңдігінің жалпы шартын қалыптастырады
-Әртүрлі денелердің тепе-теңдігін түсіндіру үшін күш мезеттері ережесін қолданады.
Сөздік
Күш -материялық денелердің өзара әсерлесуінің механикалық өлшеуіші ретінде алынатын шама.
Күштің қатты денеге әсері келесідей параметрлер арқылы сипатталады:
1)сандық мәнімен (модулімен),
2)түсу нүктесімен,
3)бағытымен.
Күштер жүйесі- денеге бірдей уақытта әсер ететін күштер жиыны
Қос күш - модульдері өзара тең, қарама-қарсы бағытталған екі параллель күштер жүйесі. Қос күштің әсер ету сызықтарының ең жақын аралығы қос күш иіні деп айтылады.
Қос күш - модульдері өзара тең, қарама-қарсы бағытталған екі параллель күштер жүйесі. Қос күштің әсер ету сызықтарының ең жақын аралығы қос күш иіні деп айтылады.
Қос күш моменті деп - модулі күш пен иін көбейтіндісіне тең , бағыты қос күш жазықтығына перпендикуляр болып келетін векторды айтады. Басқаша айтқанда қос күш моменті жазықтыққа перпендикуляр бас вектормен көрсетіліп, шамасы күш пен иін көбейтіндісіне тең болады:
М=Fd
Айналу моменті (Момент вращающий) — айналып тұрған дененің бұрыштықБұрыш жылдамдығын өзгертетін сыртқы әсердің өлшемі
Егер қос күш денені сағат тіліне қарсы айналдырса онда қос күш моменті оң, ал егер сағат тіліне бағыттас болса теріс болады.
Қос күштің келесідей ерекшеліктерін атап өтуге болады (дәлелдеусіз):
а) қос күштің денеге әсерін өзгертпей, оларды өз жазықтығында кез келген орынға тасымалдауға болады;
ә) моментімен айналу бағытын өзгертпей күш модулімен иінді өзгертуге болады, одан қос күштің қатты денеге әсері өзгермейді.
б) кез келген екі қос күшті бір иінге келтіруге болады;
в) қос күшті әсер ету жазықтығына параллель кез-келген жазықтыққа тасымалдауға болады, одан қос күштің қатты денеге әсері өзгермейді;
Сондай-ақ бір жазықтықта әсер ететін қос күштерді сол жазықтықта жататын тең әсерлі бір қос күшпен алмастыруға болады және тең әсерлі күштің моменті құраушы қос күш моменттерінің алгебралық қосындысына тең
Тапсырма:
Жүктің массасы 5 кг
Мен білемін
Мен білдім
Мен білгем келеді
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?