Күш моменті. Айналу моменті, Моменттер ережесі. Қос күштер. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: Статика Сынып: | Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы Мұғалімнің аты –жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Күш моменті. Айналу моменті, Моменттер ережесі. Қос күштер. | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | ОМ 1: күш моментін мен айналу моментін анықтау және оларды есептерді шығару кезінде пайдалану ОМ 2: дене тепе-теңдікте болғанда денеге түсетін моменттер қосындысы нөлге тең екендігін түсіну | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар моменттерді талдап, күш жұбы тұжырымдамасын түгел игереді. | ||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Қолдану:
-Алынған теңдеу жүйесін ізделіп отырған шамаға қатысты шешеді Қолдану: -Дене тепе-теңдігінің жалпы шартын қалыптастырады -Әртүрлі денелердің тепе-теңдігін түсіндіру үшін күш мезеттері ережесін қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек. Арнайы пәндік лексика мен терминология: Сөздік
| ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді жүзеге асыру | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация және http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ сілтемесін АКТ көмегімен ұсыну | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 7.4 В бөлімінен моменттер анықтамасын, гравитацияның центрі идеясын және объектіні теңгерімде моменттерді пайдалануды естеріне түсіру қажет. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Ой шақыру 20мин | Оқушылармен амандасу, түгендеу Оқушыларға Тапсырма. Суреттер бойынша түсініктеме беру.
Оқушылар хабарламасынан соң қорытынды: 1. Статика – механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі. 2. Тепе-теңдік – дененің тыныштықта, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста немесе қозғалмайтын оське қатысты бірқалыпты айналып тұрған күйі. 3. Fd көбейтіндісі күш моменті деп аталады. М әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі [Н•М]. Мұндағы d – күш иіні, айналу осінен күш әрекеті сызығына дейінгі ең қысқа қашықтық (яғни айналу осінен күш сызығына түсірілген перпендикулярдың ұзындығы). 4. Моменттер ережесін: айналатын дененің тепе - теңдігін сақтау үшін денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек. М1=M2 | Слайд Оқушылармен пікір алмасу Оқушылардың хабарламасын бейнежауап арқылы тексеру: электронды оқулық | |||||||||||||||||||||||
Ойлану/ Ақпарат 30мин | Күш -материялық денелердің өзара әсерлесуінің механикалық өлшеуіші ретінде алынатын шама. Күштің қатты денеге әсері келесідей параметрлер арқылы сипатталады (1.1-сурет): 1)сандық мәнімен (модулімен), 2)түсу нүктесімен, 3)бағытымен. Статика бөлімін оқу барысында келесідей түсініктер жиі кездеседі. Күштер жүйесі- денеге бірдей уақытта әсер ететін күштер жиыны
Қос күш - модульдері өзара тең, қарама-қарсы бағытталған екі параллель күштер жүйесі. Қос күштің әсер ету сызықтарының ең жақын аралығы қос күш иіні деп айтылады. (1.2-сурет). Қос күштің әсер ету жазықтығы – қос күштің әсер ету сызықтары арқылы өтетін жазықтық. Қос күш моменті деп - модулі күш пен иін көбейтіндісіне тең , бағыты қос күш жазықтығына перпендикуляр болып келетін векторды айтады. Басқаша айтқанда қос күш моменті жазықтыққа перпендикуляр бас вектормен көрсетіліп, шамасы күш пен иін көбейтіндісіне тең болады: М=Fd Егер қос күш денені сағат тіліне қарсы айналдырса онда қос күш моменті оң, ал егер сағат тіліне бағыттас болса теріс болады. Қос күштің келесідей ерекшеліктерін атап өтуге болады (дәлелдеусіз): а) қос күштің денеге әсерін өзгертпей, оларды өз жазықтығында кез келген орынға тасымалдауға болады; ә) моментімен айналу бағытын өзгертпей күш модулімен иінді өзгертуге болады, одан қос күштің қатты денеге әсері өзгермейді. б) кез келген екі қос күшті бір иінге келтіруге болады; в) қос күшті әсер ету жазықтығына параллель кез-келген жазықтыққа тасымалдауға болады, одан қос күштің қатты денеге әсері өзгермейді; Сондай ақ бір жазықтықта әсер ететін қос күштерді сол жазықтықта жататын тең әсерлі бір қос күшпен алмастыруға болады және тең әсерлі күштің моменті құраушы қос күш моменттерінің алгебралық қосындысына тең (1.3-сурет): немесе . 1.3-сурет. Қос күш моменттерінің алгебралық қосындысы. Қос күштер жүйесі тепе-теңдікте болуы үшін жүйедегі қос күштер моменттерінің геометриялық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті: (1.7) Кеңістіктегі кез келген қос күштер жүйесі тепе-теңдікте болуы үшін жүйедегі барлық қос күштер моменттерінің координаталық өстердегі проекцияларының қосындылары жеке- жеке нөлге тең болуы қажет және жеткілікті. Айналу моменті (Момент вращающий) — айналып тұрған дененің бұрыштық жылдамдығын өзгертетін сыртқы әсердің өлшемі | Ғаламтор – ресурстары | |||||||||||||||||||||||
Практикум 25мин | Жүктің массасы 5 кг | http://school-collection.edu.ru/ | |||||||||||||||||||||||
Рефлексия 3 мин Үйге тапсырма: 2 мин | Мен білемін Мен білдім Мен білгем келеді Тақырып бойынша қайталау | Стикерлерге өз ойларын түсіру Сабақ ресурстары | |||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Теориялық мәліметтерді игереді, зертханалық жұмысты орындайды Оқушылардың көпшілігі: График тұрғызуда нақты масштабты дұрып таңдап, градиент мәнін дәл анықтайды Кейбір оқушылар: Сұрақтар қояды | Мадақтау Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы | Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау Көз жаттығуларын орындау Кабинетті желдету Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?