Массалар центрі.Тепе-теңдік түрлері. Физика, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Статика элементтері.

Массалар центрі.

Тепе-теңдік түрлері

"Маған тіреу нүктесін тауып берсеңдер, жерді де көтере аламын." Архимед

Массалар центрі

Тепе-теңдік шарттары.

Сабақтың мақсаты:

Денеленрдің тепе-теңдік шарттарына түсінік беру;

Тепе –теңдік шарттарының түрлерімен танысу,не себепті

тепе-теңдікте болатындығын анықтау;

Денелердің массалар центрін анықтауды үйрену;

Денелердің тепе-теңдікте болу жағдайларының қолданылуын қарастыру.

Телемұнара бірнеше жыл бойы құламай қалай тұр?

Егер дене ИСЖ-не қатысты тыныштықта болса, дене тепе-теңдікте болады.

Проблемалық сұрақтар

Осы уақытқа дейін мұнараның құламау себебі неде?

Динамиканың қай заңында және қай жағдайда дененің тынышық күйі немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысы туралы айтылады?

Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін

бөлімі- статика.

Айналатын денелердің

тепе-теңдік шарттары

F1

F2

О

А

В

Тепе-теңдіктің бірінші шарты

1

2

3

+

. . . . . . .

Материалық N нүктелердің жүйесіндегі масса центрінің С радиус-векторы

Жүйенің массалар центрі

элементарлық масса

радиус-вектор

Дененің ауырлық центрідененің кез келген орналасуында ауырлық күштерінің теңәрекетті күші арқылы өтетін нүкте.

Массалар центрі, ауырлық центрі - дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте; қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте.

Тіреу нүктесімен тіреу осі бар дене тепе – теңдікте болу үшін ауырлық центірінен өтетін вертикаль тіреу нүктесінен де өтетін (немесе тіреу осін қиып өтетін ) болу керек. Содан кейін тепе – теңдіктің әр түрінде ауырлық центірінің қалай орналасатыны анықталады.

Жазық фигуралардың ауырлық центрі

Тепе-теңдік түрлері

Орнықты

Орнықсыз

Талғаусыз

Орнықты тепе-теңдік

Ауырлық центрі тіреу нүктесінен төмен орналасса, дененің тепе-теңдігі орнықты болады.

Денені ауытқытқанда ауырлық центрі көтеріледі, дене бастапқы қалпына оралады.

Орнықсыз тепе-теңдік

Тіреу нүктесі ауырлық центрінен төмен орналасса, дене орнықсыз тепе-теңдікте болады. Ауырлық центрінің орын ауыстыру бағытына қарай дененің тіреу нүктесі орын ауыстырғанда тепе-теңдік қалпына келе алады.

Талғаусыз тепе-теңдік

Дененің кез келген қалпында күштердің тепе-теңдігі сақталатын жағдайлар болады. Дененің бұл қалпы талғаусыз деп аталады.

Суреттегі қай дене тыныштықта тұр?

2-дене, тік сызық ауырлық центрі арқылы өтеді және тіреуді қиып өтеді.

Суретте көрсетілген сызғыш қандай тепе теңдікте тұр?

Неге?

Орнықсыз тепе-теңдік, тіреу нүктесі ауырлық центрінен төмен орналасқан.

Суретте көрсетілген шамдардың қайсысы орнықты тепе

теңдік күйде тұр? Шамдардың салмақтары мен

аудандары бірдей?

1 орнықты себебі, ауырлық центрі тіреу нүктесінен төмен орналасқан

Сергіту сәті

Орындықта арқаларыңды тік ұстап отырыңдар. Аяқтарыңды 900 бұрышпен қойыңдар. Денелеріңді алға қозғамай, аяқтарыңды орындық астына жылжытпай, орындарыңнан тұрыңдар. Орындарыңнан неге тұра алмағандарыңды түсіндіріңдер.

(Кіндік маңайындағы адам денесінің ауырлық центрі тірек ауданын, яғни табанды қиып өтпейді.)

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу