Массалар центрі.Тепе-теңдік түрлері. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы:

Массалар центрі.Тепе-теңдік түрлері/Center of mass of a body. Kinds of balance.

Мектеп: НЗМ Көкшетау қ.

Уақыты:.../.../2018 ж.

Мұғалім: Қабылов М.Б.

Сынып: 10 «а»

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

10.1.3.1- денелердің массалар центрін анытай білу;

Массалар центрі ұғымын енгізу;

10.13.2- Тпене-теңдік шартарын және оның түрлерін ажырату.

Таным объектісін талдай алу машығын дамыту,заңдылықты талдай,саралай білу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Массалар центрінің тұжырымдамасын жасайды;

заңды өмірмен байланыстыра алады;

өз түсінігімен заңдылықтың қолдану аясын мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады;

есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады.

Жартысын көп оқушылар:

берілген оқу мақсатына (анимацияға,тапсырмаға т.б.)сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады.

Кейбір оқушылар:

Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды.

Жетістік критерийлері

  • Массалар центрі ұғымын біледі теориялық білімін практикада қолдана алады;
  • Тепе-теңдік шарттарының орындалуын біледі және түрлерін ажырата алады;
  • Шамалар арасындағы байланысты тағайындай алады, оны өмірмен байланыстырады.

Тілдік міндеттер

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Дене

Тело

Body

орта, центр

центр

center

ауырлық центрі

центр тяжести

center of gravity

массалар центрі

центр масс

center of mass

центрифуга

центрифуга

centrifuge

Құндылықтарды дарыту

Жұптық, топтық жұмыс барысында бір-бірін тыңдай білу. Әрбір оқушының өз ойын жеткізуінің маңыздылығын түсіну. Әрбір тұжырымның маңызды екендігін білу. Адалдыққа үйрету.Жолдастық көмектің маңыздылығын айыра білу.

Әлем азаматы

Статика әлементтерін білу маңыздылығын түсіну.

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия (векторларды қосу, проекция алу)

АКТ қолдану дағдылары

Ғалымдардың еңбегі бойынша мәлімет жинау

Бастапқы білім

Тыныштық, дененің ортасы т.б.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Басы

0-2 мин

Сабақты ұйымдастыру

3-5 мин

Сұрақ жауап арқылы сабаққа кіріспе жасау.

1.Презентатциядағы екі сурет бойынша сұрақ қойылады.

4-5 слайдтар бойынша жұмыс атқару.

2. Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі- статика.

Бұл сұрақтарды жалпы сыныпқа арнап қоюға болады немесе жеке топтарға тапсырма ретінде ұсынып өз ой-пікірлерін жеткізуге жағдай жасауға да болады.

презентатция

6-25 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушылар массалар центрі туралы видео роликті көру арқылы өз тұжырымдарын жасайды.

Массалар центріауырлық центрі - дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте; қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте.

Массалар центрінің қозғалысы туралы теорема - жүйенің массалар центрінің қозғалысы, массасы жүйедегі барлық нүктелер массаларының қосындысына тең және жүйеге әсер ететін сыртқы күштердің әсерінен қозғалатын материялық нүктенің қозғалысындай.

Механикалық жүйенің массаларының центрі - геометриялық нүкте, механикалық жүйені құрайтын барлық материялық нүктелердің массасын осы нүктелердін сол геометриялық нүкте арқылы өтетін радиус-векторларына кебейтіндісінің қосындысы нольге тең болатын.

Ауырлық центрі немесе Масса центрі - жүйені қозғалтқан кезде жүйенің барлық массасы жинақталған материалдық нүкте сияқты қозғалатын механикалық жүйедегі массаның таралуын сипаттайтын нүкте қатты дененің кеңістіктегі кез келген қалпында оның бөлшектеріне тең әсерлі күшпен түсетін ауырлық күшінің геометриялық нүктесі; бұл нүкте кей жағдайда осы дененің ешбір нүктесімен сәйкес келмеуі мүмкін (мысалы, сақинада). Біртекті ауырлық өрісіндегі қатты дененің ауырлық центрі оның массалар центріне сәйкес келеді. 

  • Оқушыларға өздеріне мысалдар келтіру ұсынылады.
  • Олар өз ойларын ортаға салады.
  • Практикалық жұмыс жасау (алдын ала дайындалған картон қағаздан кесілген денелердің массалар центрін анықтау )ұсынылады.Ол үшін штатив жіп,жүк,қарандаш,бекіткіштер ұсынылады.
  • Оқушылар өз нәтижелерімен бөліседі.

Мұғалімнің іс-әрекеті: Кеңес беру, бағыттау,оқушыларға сұрақтар қою.

III.

Слайдтар бойынша тепе-теңдік түрлерімен танысады.

https://www.youtube.com/watch?v=4eyDqsThocg – видеоны қарастырып талдау ұсынылады.

Ортасы

26-75 мин

IV. Есептер шығару.

Презентатция бойынша

Аяғы

76-80 минуттар

Кері байланыс жасап,қортындылау / Рефлексия

Мен үшін бүгінгі сабақта тиімді болғаны ... себебі ...

Мен үшін бүгін қиындық тудырғаны.... сондықтан ...

Менің көзқарасымша біз... сәтті жүзеге асыра алдық, себебі ...

Сабақтың ... тапсырмасын біз жақсы орындай алдық ... себебі ...

Келесі сабақта ... тапсырманы қайта жасар едім, себебі...

Бүгінгі сабақтан өзім үшін түйгенім ...

Оқушыларды бағлау

Үй жұмысын беру

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Есептер қосымша қағазда көрсетілген

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Есептер шығару барысында барлық оқушылар бағаланады.

Егер оқушылардың әрбір тапсырмадағы, жұмыс сапасы мен тақырыпты түсінуі бағалануы мүмкін.

Қосымша оқушылардың тілдік білімдерін тексеріледі.

Пәнаралық байланыс

Математика пәнімен тығыз байланыста болғаның оқушыларға түсіндіру.

Қауіпсіздік ережелері

Дербес компьютерлерді қолдану барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуының оқушыларға түсіндіру және қадағалау.

АКТ құндылықтары

Есептеу барысында оқушылар өз жауаптарын тексеру үшін дербес компьютерлерді қолданады.

НЗМ құндылықтары

Қауіпті жабдықпен жұмыс жауапты қатынастың дамуына себепші болады. Жұппен жұмыс достастыққа әкеледі. Коммуникативтік дағдылар, серіктеспен жұмыс және сұрақтарға жауап бере отырып жұмыс ұсынылады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үш пайдаланыңыз. Сабағыңызды қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағлау

Ең жақсы өткен екі аспектіні атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалуға қажет болуы қандай ақпаратты білді

Әдістемелік бірлестігінің жетекшсі:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу