Массалар центрі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жамиева А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Массалар центрі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- күштің әсерін және дененің тепе - теңдігін зерттеу;

- дененің тепе - теңдік шарттарын практикалық жағдайларда қолдана білу.

 Сабақ мақсаттары

абсолют қатты дененің және дене жүйелерінің массалық центрін анықтау

Жетістік критерийлері

Білімдік

Жаңа білім

Жаңа түсінік

• тең әрекет етуші күштін әсері массалар центрі арқылы өтетінін біледі

• дененің тепе-теңдігінін орнықты, орнықсыз және талғаусыз болатындығын түсіну

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

Талдау әрекеті

• денелердің тепе-теңдік щартын пайдалана отырып,

денелер жүйесінің массалар центрін анықтайды

• алынған нәтижелерге сараптау жұмысын жүргізе біледі

• есепті шығарып, қорытынды жасайды, өлшем бірліктерді түрлендіреді.

Құндылық

Шығармашылық әрекет

Бағамдау әрекеті

• тепе-теңдіктің түрлерін графиктік түрде кескіндей біледі

• массалар центрінің қозғалысын қатты дененің ілгерілемелі қозғалысымен ауыстыруға болатының біледі (кинематика, сақталу заңдары)

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

күш моменті ұғымын түсіндіріп, күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады;

зерттеу нәтижесіне ауызша және жазбаша талдау жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Жай механизм, иіндік, блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұранда, күш иіні, күш моменті, жазық бет, масса центрі, салмақ, сағат тіліне қарсы, сағат тілімен бағыттас, тепе-теңдік (баланс)

Глоссарий:

Центр масс

Массалар центрі

center of mass

Момент сил

Күш моменті

moment of forces

Услловие равновесия

Тепе-теңдік (баланс)

conditions for Equilibrium

Твердое тело/ твердый

Қатты дене/ қатты

solid /hard

Форма

Пішін

form

Объем

Көлем

volume

Плечо сил

Күш иіні

forces shoulder

Площадь

Аудан

area

Устойчивость

Stability

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егерде сіз … жасайтын болсаңыз, мен … жасаймын.

Келіңіздер алдымен … жасап алайық, сосын біз … жасай аламыз.

… жасауға қалай қарайсыздар?

Егерде біз…, не болады?

Мен сізбен келісемін/келіспеймін.

Осы идея/ұсыныс жақсы.

Құндылықтарды дарыту

Ойын жүйелеп сыныптастарының алдында қорғай алу, топпен жұмыс жасай білу, зерттеушілік қабілетін дамыту, өз жұмысының нәтижесін сараптай алу

АКТ қолдану дағдылары

Сабақты түіндіру барысында презентация қолданылады және оқушылар интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланады

Бастапқы білім

Оқушылар

  • масса, күш, салмақ және олардың өлшем бірліктері туралы
  • иінтірек тепе-теңдігінің шартын анықтауын білулері тиіс.

.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

Мотивациялық кезең

3 минут

1 сабақ

Оқушылар сабақтың тақырыбын естігеннен кейін, ОМ өздері анықтайды /Слайд 1-3/

Физикалық терминологияны 3 тілде қайталау

Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет

Ресурстар

Сабақтың ортасы

Іс-әрекет кезеңі

5 минут

5 минут

15 минут

10 минут

35 минут

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең

2 минут

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Сабақ масса және салмақты қайталаудан басталады. Масса мен салмақ арасындағы айырмашылыққа назар аудару.

Одан кейін айналдырушы күшті еске түсіреді, олар күштің әсерін, және тепе - теңдікті зерттейді. Оқушылар тепе - теңдік шарттарын практикалық жағдайларда қолданатын болады.

Оқушылардан жай механизмдердің (бірінші және екінші реттік иінтіректер, жылжымалы және жылжымайтын блоктар, көлбеу жазықтық) көмегімен қалай жұмыс атқаруға мысалы, аз күш жұмсап, массасы үлкен жүкті қалай жоғары көтеруге болатынын сұрау. Оқушыларға блок, қайшы т.с.с. жай механизмдерді көрсетіп, жай механизмдер арасында ортақ не бар екендігі туралы болжамдарын ортаға салуды ұсыну. Болжамды тәжірибе арқылы тексеріп,оқушылардың барлық жай механизмдердің айналдырушы күш негізінде жұмыс істейтіндігін және түсірілетін күштің шамасы олардың айналу осінен қашықтық артқан сайын азаятыны туралы қорытындыға келуін қарастыру.

Жай механизмдердің адамдарға аз күш жұмсауға көмектесетіндігін түсінетіндей пікірталасты ұйымдастыру.

Оқушыларға жасаған тәжірибесіне жазбаша сипаттама беруді, жай механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіруді ұсыну.

Презентация қолдану:

Массалар центрі /Слайд 4-7/

Массалар центрі, ауырлық центрі - дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте; қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте екенің түсіндіру

Массалар центрінің қозғалысы туралы теоремасына және механикалық жүйенің массаларының центріне түсінік беруге болады.

Дұрыс емес формалы денелердің массалар центрін (ауырлық центрін ) қалай анықтайсыз?

Алдын ала қатырма қағаздан пішіні әртүрлі пластиналар дайындап қою керек. Сонымен қатар тіктеуіш, штатив дайындау.

Пішіні дұрыс денелердің ауырлық центрі геометриялық центрімен дәл келетінін ескерту қажет.

(W) «Пішіні дұрыс емес жазық фигураның ауырлық центрін анықтау» зертханалық жұмысын орындар алдында оқушыларға ресурстағы сілтемені ұсыну.

(f)(E) Эксперимент жоспарын құруын талап ету.

Оқушылар тегіс пластинаның массалар центрін анықтау үшін, жіпті қолдана алады.(пластина іліну нүктесі арқылы еркін айналып тұру керек). /Слайд 8-11/

(f) (E) Жазық пластинаның массалар центрінің анықтауға арналған экспериментті орындап, экспериментті сипаттау

(W) Массалар центрінің орналасу нүктесінің, қарапайым нысандардың орнықтылығына тигізетін әсерін сипатау. /Слайд 11-12/

Массалар центрі және орнықтылық /Слайд 13-19/

(f) (G) Кез келген нысанның немесе денелер жүйесінің ауырлық ценрін қалай анықтаймыз? /Слайд 20-17/

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Сабақта өзінің алған білімі қандай деңгейде екенін адамдарды бояу арқылы көрсетеді.

Жаңа білім – көк қарындаш

Көңіл-күйі – жасыл қарындаш

Сабақты бекіту және жеке оқушыларды бағалау мақсатында «уәж» ойыны ойнатылады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды.

«Тәж» ойыны арқылы оқушылар бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

W = толық сыныппен жұмыс жасау

E = оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы

(f) = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу