Масса центрі. Тепе-теңдік түрлері. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
«Кубизм» әдісі.
Кубтың алты қырындағы сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылау.
- Сұрақ: Ауырлық центірі арқылы өтетін оське бекітілген дене әр уақытта орықты тепе-теңдікте болады
Неге? (Жауап. Ауырлық центрі өтетін оське қатысты ауырлық күшінің моменті мен реакция күшінің моменті нольге тең болады, өйткені бұл күштердің иіндері нольге тең. Айналдырушы моменттің болмауынан тепе-теңдік орнықты болады
- Сұрақ: «Қуыршақ» (неваляшка) қанша жатқызбақшы болсақ та, ол тұрып кете беретіні неліктен?
Шешуі: (неваляшка)қуыршағының табанына қорғасын құйылған
Ойыншықтың ауырлық центрі С нүктесінде және mg ауырлық күші трек ауданының N реакция күшімен теңгеріледі. Тепе-теңдік қалпынан ауытқығанда ауырлық центірі көтеріледі де, mg және N күштері бірін-бірі теңгермейді, mg күшінің трек нүктесіне қатысты пайда болатын моменті «неваляшка» қуыршағын бастыпқы қалыпқа қайта келтіреді.
- Сұрақ: Денелердің тепе – теңдігі деп нені айтады?
Жауабы: Тепе – тендік деп дененің тыныштықта, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста немесе қозғалмайтын оське қатысты бірқалыпты айналып тұрған күйін айтамыз.
- Сұрақ: Жасалған тәжірибелер негізінде алынған айналу осі бар дененің тепе – тендігінің шартын қалай тұжырымдауға болады?
Жауабы: Бекітілген осьтен айнала алатын дене тепе – тендікте болу үшін денеге түскен күштердің сол айналу осіне қатысты алынған моменттерінің алгебралық қосындысы нольге тең болуы керек.
- Сұрақ: Денеге түсірілген барлық күштердің бағытын және бар байланыстарды көрсетілуі қалай?
Жауабы: Байланыс деп механикадағы берілген дененің қозғалысын шектеп отыратын жіптерді, тіреуіштерді және т.б. айтады.
- Сұрақ: Тепе – тендіктің түрлерін ата?
Жауабы:
1. Тұрақты тепе – тендік – потенциалдық энергиясы минимал болады;
2.Тұрақсыз тепе-теңдік – потенциалдық энергиясы максимал болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?