Физика, 9 сынып |
|
Бөлім/тақырып |
9.3В Сақталу заңдары |
Оқу мақсаттары |
ОМ 3: дене импульсының анықтамасын оның жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде білу; ОМ 2: импульстың сақталу заңын білу және түсіну. |
Жетістік критерийлері |
- Импульстің сақталу заңын түсінеді.
- Реактивті қозғалысты түсінеді.
- Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді.
- Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.
- Күш импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.
- Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты біледі.
|
Қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар |
- Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
- Ньютонның екінші заңы импульстік түсінік тұрғысынан қалай тұжырымдалады? Бұл заңның екі түрлі тұжырымдалуын сипаттайтын мысалдар келтіріңдер.
- Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңыз? Қандай жағдайда импульстің сақталу заңын қолдануға болады?
- Реактивті қозғалыс дегеніміз не? Оның ерекшелігі неде? Отынның лездік жануы кезіндегі стартта тұрған зымыранның жылдамдығын есептеңіз.
- Шарды үрлеп, жіппен байламай, қолыңыздан жіберіңіз. Нәтижесінде не болды? Неге?
- Зеңбіректен α бұрыш жасап v0 жылдамдықпен ұшқан снаряд траекторияның жоғарғы нүктесінде екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлік снаряд ұшқан бағытта v1 жылдамдықпен ұшады. Екінші бөліктің жылдамдығын тап, егер оның массасы бірінші бөліктің массасынан 3 есе артық болса.
- Платформада орналасқан зеңбіректен қозғалыс бағытымен бағыттас оқ атылды. Оқ атылғаннан кейін платформаның жылдамдығы және бағыты қалай өзгереді?
- Жағаға параллель 8 м/с жылдамдықпен жүзіп келе жатқан массасы 15 кг қайыққа құздан массасы 45 кг бала секірді. Қайықтың жылдамдығы қалай өзгерді?
- Ағаштан жерге секірген адамның импульсі қалай өзгереді? Футболшы допты F күшпен ұрған соң, массасы m доп v жылдамдықпен қозғалды. Соққы қанша уақытқа созылды?
- Екі дене абсолют серпімсіз соқтығысты. Егер денелер соқтығыспай тұрып, олардың жылдамдығы өзара перпендикуляр болса, онда соққыдан кейін дененің импульсінің бағыты және сан мәні қандай болады? (p2=2p1 , ал p1=20 кгм/с деп есепте).
- Жұқа мұзда адам құлап қалмау үшін адам не істеу керек: мұз үстімен жүгіруі немесе мұз үстінде тұруы керек пе
|