file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


  • Соққы –шексіз аз уақыт ішінде дененің нүктелерінің жылдамдығының шектелген шамаға өсу құбылысы.
  • Абсолют серпімсіз соққы – соққы нәтижесінде денелер бірігіп, одар әрі біртұтас дене ретінде қозғалатын екі дененің соқтығысуы. Механикалық энергияның бір бөлігі соқтығысатын денелердің ішкі энергиясына ауысады.
  • Абсолют серпімді соққы – соққыдан кейін әрбір дене жеке қозғала бастайды. Тұйық жүйенің импульсі мен кинетикалық энергиясы сақталады.

Денелердің соқтығысуы кезінде қысқауақыттық соққы күштері әсер етеді, әдетте, олардың шамалары белгісіз. Сондықтан соққылы әсерлесуді тікелей Ньютон заңдарымен қарастыруға келмейді.

Сондықтан соққы күштері белгісіз, әсерлесу уақыты өте аз болғанда, механикалық энергияның және импульстің сақталу заңыдары осындай жағдайлардағы механикалық есептердің шешімін табуға мүмкіндік береді.

  • Денелердің тұйықталған жүйесі - қоршаған денелермен әсерлесуі болмайтын физикалық денелердің жиынтығы.  

Рефлексия. Соққы, абсолют серпімді және серпімсіз соққы ұғымдарын енгізуде қандай қажеттілік болды?

Денелер әсерлескеннен кейін біртұтас дене ретінде немесе жеке қозғалуы мүмкін болғандықтан, бұлай болу не себепті екендігін анықтауымыз қажет. Аталған ұғымдарды сол себепті енгіздік.

Энергияның және импульстің сақталу заңдарын қолдану соқтығысу процесін, сол мезеттегі аралық өзгерістерді қарастырмай, соқтығысуға дейінгі және одан кейінгі жылдамдықтар арасындағы байланысты алуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, механиканың басты мәселесінің шешімін, яғни кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтай аламыз.

I Жеке жұмыс.

Тапсырма. Импульстің сақталу заңын қорыту(Конспект жасау)

Рефлексия.

Күнделікте өмірде импульстің сақталу заңына мысалдар келтіріңдер.

Импульстің сақталу заңын денелердің әсерлесу жағдайларында қолдануға болады: дайындық кезінде доптар, бильярд шарлары, көліктердің соқтығысуы және т.б. мысалдар.

G Көрсетілген видеоматериал бойынша ақпаратты талдау және синтез.

Тапсырма:1. Түсіндірме суретін салу.2. Импульстің сақталу заңын векторлық түрде жазу3. Импульстің сақталу заңын скалярлы түрде жазу 4. Тапсырманы қорғау

Қарастырылатын жағдайлар:

Серпімсіз соққы1 топ – бірінші дене екінші денеге жетіп алады (видео 1)

2 топ – денелер бір-біріне қарама-қарсы қозғалады (видео 2)

3 топ – бір дене тыныштықта, екіншісі қозғалыста (видео 3)

4 группа – серпімді соққы денелер бір-біріне қарама-қарсы қозғалады (видео 4)

G Қорғау (конспектілеу)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу