Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Оқушылар гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсіне отырып, күш ретінде масса бірлігіне әсер ететін гравитациялық өрістің тұрақтысын есептей алуы және алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуі

 Сабақ мақсаттары

  • Гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсіну және гравитациялық өрістің тұрақтысын масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтау;
  • Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну;
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңынан гравитациялық өрістің тұрақтысының g=GM/r2 формуласын шығару және оны есепті шығару кезінде пайдалану;

 Жетістік критерийлері

  • Гравитациялық өрісті түсінеді;
  • Еркін түсу үдеуінің физикалық мағынасын түсінеді;
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңын біледі;
  • Гравитациялақ өрістің тұрақтысын есептеп шығара алады;
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығара алады;

 Тілдік

 мақсаттар

 

Оқушылар,

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Дене салмағы - вес тела- body weight

Сила реакции - normal reaction force

Результирующая сила - the resultant force

Бүкіләлемдік тартылыс заңы – закон всемирный тяготения - law of gravity

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен есептер шығаруда

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім

Ауырлық күші

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру

Өтілген тақырып бойынша өзіндік жұмыс

Сабақтың ортасы

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады:

мұндағы, G - гравитациялық тұрақты деп аталатын пропорционалдық коэффициент.

Бұл күш бір-біріне әсер ететін денелер арқылы өтетін түзудің бойымен бағытталған. Формула шамасы бойынша бір-біріне тең F12 және F21 күштердің сандық мәнін береді. Cуреттегі өзара әсерлесетін денелер біртекті шарлар болса, m1 және m2 – шар массалары, r - олардың центрінің ара қашықтығы. Сонымен, шарлар материялық нүктелер ретінде өзара әсерлеседі , ал олардың массалары шар массаларына тең және олардың центрлерінде орналасқан. Гравитациялық тұрақтының сандық мәні, массалары белгілі денелердің бір-біріне тартылатын күшін өлшеу жолымен анықталған. Осындай өлшеу кезінде көп қиыншылықтар кездеседі, өйткені массалары тікелей өлшенетін денелер үшін тартылыс күштері өте-мөте аз болып шығады.

 G -тұрақтысының мәнін анықтау үшін ең алғаш ойдағыдай өлшеу жүргізген ағылшын ғалымы Генри Кавендиш (1798ж.) болды. Ол күшті өлшеу үшін өте сезгіш иірілмелі таразы әдісін қолданды (2-сурет).

 Жеңіл стерженнің ұштарына бекітілген екі қорғасын шар m (әрқайсысының массасы ) симметриялы орналастырылған М шарларының (әрқайсысының массасы ) жанына қойылған. Стержень серпімді жіпке асып қойылған, шарлардың бір-біріне тартылу күшін осы жіптің бұралуы арқылы өлшеуге болады. Жіптің жоғарғы ұшы орнату бүркеншігіне бекітілген, ал осы бүркеншікті бұру арқылы m және М шарларының ара қашықтығын өзгертуге болады. Әр түрлі әдістермен анықталғандардың ішінде G -ның анағұрлым нақтылы мәнін мынадай деп есептейді:

 

 Егер (2.10.1)-өрнекке m1, m2 және r-лердің бірге тең мәндерін қойсақ, онда күш -ның өзіне тең болады. Сонымен, әрқайсысын массалары , центрлерінің бір-бірінен қашықтығы болатын екі шар өзара 6,67010-11Н-ға тең күшпен тартылады.

 Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді .(1- сурет).

Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс заңымен түсіндіріледі

  • Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы
  • Жердің жасанды серігінің қозғалыстары
  • Баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы
  • Жерге жақын денелердің қозғалысы
  • Денелердің жерге құлауы
  • Тасу және қайту
  • Сарқырамалар
  • Қол сөмкесінің ауырлығы
  • Жер атмосферасының болуы т.б

БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ:

1.Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?2.Формуласын көрсет.3. Гравитациялық тұрақтылықтың сан мәні неге тең?

4. . Гравитациялық тұрақтылықтың физикалық мағынасы қандай?

Есептер шығару

1.Массасы 1 кг шар жерге қандай күшпен тартылады:Жердің массасы 61024кг, шардың массасы 1 кг, олардың центрлерінің ара қашықтығы жер радиусына 6,4106м-ге тең. Жер мен оның үстінде жатқан шардың арасындағы тартылыс күшін есептеңдер.

2. Массалары 1000кг екі дененің ара қашықтығы қандай болғанда

әсерлесу күші 6,67*10-9 Н-ға тең болады?

3. Жер радиусының жартысындай биіктікте еркін түсу үдеуі қандай болады?

4. Меркурий планетасының орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2м. Меркурийдің массасын анықтаңдар.

5. Шолпанның орташа тығыздығы 5200кг/м3, ал планетаның радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.

http://bilimland.kz/kk/#lesson=10733

Презентация

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: бүкіләлемдік тартылыс туралы біледі. Бүкіләлемдік тартылыс күшінің формуласын пайдаланып есеп шығара алады.

(1) Алдағы тақырыптың түсінуін.

(2) Үй жұмысының орындалуын.

(3) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын.

(5) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған есептерде ойлау операцияларын қолдануы.

Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасауы, мұғаліммен біріге отырып жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойынша рефлексия

1. Мен сабаққызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: үйрендімкөп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.3. Мен басқалардымұқият ______________ зейінсізтыңдадым.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабаққа оқушылар белсенді қатысты.

2: Соның нәтижесінде түрлі деңгейдегі есептер шығарылды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1.Оқушылар математикалық есептеуде, яғни дәрежелерге амалдар қолдануда көп қателіктер жібереді,осыған көңіл бөлу керек.

2. Оқушылардың қызығушылығын арттыратындай тапсырмаларды қарастыру қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу