Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.
Есептер шығару
- Шолпанның орташа тығыздығы 5200 кг/м3. Радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай? Ал егер дене Шолпан бетінен 1200 км қашықтықта орналасқан болса еркін түсу үдеуі неге тең болар еді?
- 12 жаттығу – 5 есеп
- Шексіз ортада центрлерінің арақашықтығы 20 см екі шар орналасқан. Көлемдері 20 см3 және 40 см3, ал тығыздықтары 1000 кг/м3 және 2000 кг/м3 осы шарларға әсер ететін күш қандай?
- Юпитер планетасының радиусы 7*107 м. Бетіндегі еркін түсу үдеуі 23 м/с2 тең. Планетаның массасын анықта
- Әрқайсысының массаы 200 кг тыныштықта тұрған шарлар бір-бірінен 0,2 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан?
- Бүкіләлемдік тартылыс заңы және қолдану аясы
- Математикалық жазылуы және өлшем бірліктері
- Айдың Жерге тартылу күшін есептеңдер. Айдың массасы 7* 1022 кг, ал Жердің массасы 6*1024 кг. Жерден Айға дейінгі арақашықтық 384 000 км
- Әрқайсысының массаы 100 кг тыныштықта тұрған шарлар бір-бірінен 0,1 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан?
- Жер бетіне жағын және жер бетінен h биіктікте орналасқан дененің Жерге еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыз
- Жер бетінен 400км биіктікте орналасқан ғарышкер Жерге қандай күшпен тартылады. Ғарышкердің массасы 70 кг.
- Тік жоғары бағытталған зымыранға 8км/с жылдамдық берді. Ол жердің серігі бола алады ма?
- Жер бетінен қандай биіктікте массасы 3кг денеге 15Н күш әсер етеді?
- Неліктен ғарыш кемесін батыстан шығысқа қарай ұшырады?
- Жерден массасы және радиусы екі есе кіші планетаның бірінші ғарыштық жылдамдығы және еркін түсу үдеуі неге тең?
- Массасы 750 кг-ға тең ғарыш аппараты 1970 жылы Айдың бетіне жетті. Аппаратқа Жер бетінде және Ай бетінде әсер ететін ауырлық күшін табыңдар.
- Марс планетасының радиусы Жер ардиусының 0,53 бөлігіндей, ал массасы Жер массасының 0,11 бөлігіндей. Марстағы еркін түсу үдеуінің шамасын табыңдар.
- Айдың бетінен 200км биіктікте оны айнала қозғалып жүрген жасанды серіктің орбатилық жылдамдығын және айналу периодын анықтаңдар.
- Жер мен Күннің аралығы 1,5*108км болса, Күн массасы қандай?
- Жер (R=6400км, g=9,8м/с2), Марс (R=3400км, g=3,6 м/с2), Шолпан (R=6000км, g=8,4м/с2), және Ай (R=1760км, g=1,7м/с2) үшін бірінші ғарыш жылдамдығы қандай?
- Электр және гравитациялық өріс арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сабыстыру.
Негізгі сипаттамалары | Өріс түрлері | |
гравитациялық | электростатикалық | |
Өзара әсерлесу нысаналары | Барлық денелер және бөлшектер | Зарядталған денелер және бөлшектер |
Күш формуласы | ||
Кернеулік | ||
Потенциалдар айырмасы | ||
Дене мен зарядтың орын ауыстырудағы жұмысы | ||
Тұйықталған траекториядағы жұмыс |
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?