Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні: 30-05.12.15

Сынып:9 А,В

Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы

Мұғалімнің аты –жөні: Есеркенова Ж. К

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 10

Сабақ тақырыбы

Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

ОМ 16: Жер серігінің қозғалысын сипаттау

ОМ17: геостационарлы орбиталарды білу және оларды қолдануды түсіну

Сабақ мақсаттары

Жер серіктерінің қозғалысын түсіндіре алады және геостацинарлы орбиталар туралы мағұлмат біледі

Жетістік критерийлері

Білімін қолдану

-Жерсеріктің геосинхронды орбитадағы қозғалысын көрсетеді

-Жерсеріктің геостационарлық орбитадағы қозғалысын көрсетеді

Түсіну

-Жерсеріктің геосинхронды орбитадағы қозғалысын сипаттайды;

-Жерсеріктің геостационарлық орбитадағы қозғалысын сипаттайды;

Білу

-Геостационарлық орбитаға анықтама береді

-Стационарлық орбитаны сипаттай алады;

Білімін қолдану

-Жермен стационарлық орбита арасындағы арақашықтықты есептеп шығара алады

-Стационарлық орбиталарды қолдануға мысалдар келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ғарыштық жылдамдық

Космическая скорость

Space speed

Парабола

Парабола

Parabola

Эллипс

Эллипс

Ellipse

Дөңгелек

Круг

Circle

Орбита

Орбита

Orbit

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді жүзеге асыру

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны АКТ көмегімен ұсыну

Бастапқы білім

Тартылыс күші. ЖЖС

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

3 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Бүкіләлемдік тартылыс заңы дегеніміз не?

Бүкіләлемдік тартылыс заңының формуласы?

Оқушылар хабарламасы

Ойлану/

Ақпарат

45 мин

Зерттеу жұмыстарын қорғау

Тақырыбы: «Жер серігінің қозғысы. Геостационарлы орбита»

Бір-бірінің критерий бойынша бағалау(1-қосымша):

Есептер шығару

  • Шолпанның орташа тығыздығы 5200 кг/м3. Радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай? Ал егер дене Шолпан бетінен 1200 км қашықтықта орналасқан болса еркін түсу үдеуі неге тең болар еді?
  • 12 жаттығу – 5 есеп
  • Шексіз ортада центрлерінің арақашықтығы 20 см екі шар орналасқан. Көлемдері 20 см3 және 40 см3, ал тығыздықтары 1000 кг/м3 және 2000 кг/м3 осы шарларға әсер ететін күш қандай?
  • Юпитер планетасының радиусы 7*107 м. Бетіндегі еркін түсу үдеуі 23 м/с2 тең. Планетаның массасын анықта
  • Әрқайсысының массаы 200 кг тыныштықта тұрған шарлар бір-бірінен 0,2 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан?

ОМ 16 және ОМ17 тапсырмалары

Оқушыларм хабарламасы,

Презентация

Постер

Конспект

Бағалау парақшасы

Практикум

30 мин

Тапсырмалар

  • Бүкіләлемдік тартылыс заңы және қолдану аясы
  • Математикалық жазылуы және өлшем бірліктері
  • Айдың Жерге тартылу күшін есептеңдер. Айдың массасы 7* 1022 кг, ал Жердің массасы 6*1024 кг. Жерден Айға дейінгі арақашықтық 384 000 км
  • Әрқайсысының массаы 100 кг тыныштықта тұрған шарлар бір-бірінен 0,1 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан?
  • Жер бетіне жағын және жер бетінен h биіктікте орналасқан дененің Жерге еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыз

ОМ 11,12

Рефлексия

3 мин

Үй жұмысы:

2 мин

Мен білемін

Мен білдім

Мен білгем келеді

Стикерлерге өз ойларын түсіру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Шығармашылық жұмысты орындайды

Оқушылардың көпшілігі: білімге талдау жасайды

Кейбір оқушылар:

Теория мен практиканы ұштастыра алады

Мадақтау

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау

Көз жаттығуларын орындау

Кабинетті желдету

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу