Дененің ұшу қашықтығының лақтырылу бұрышына тәуелділігін зерттеу. Физика, 9 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты: 9.2.2.10 - көкжиекке бұрыш жасай/параллель лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау;
Бағалау критерийлері:
- Дененің ох осьі бойынша қозғалысын сипаттайтын шамаларды жазады және байланыс формуласын шығарады;
- Дененің оу осьі бойынша қозғалысын сипаттайтын шамаларды жазады және байланыс формуласын шығарады;
- Дененің максимал ұшу қашықтығын есептейтін формуланы жаза алады;
- Дененің максимал ұшу биіктігін есептейтін формуланы жаза алады;
Тапсырма
Су жағасындағы жағадайдан бірдей биіктіктен екі денені горизонталь бағытта бір мезгілде лақтырады. Денелердің бастапқы жылдамдықтары 5 және 7,5 м/с. Екі дене де суға бір уақытта түседі. Бірінші дененің жағадан түскен нүктеге дейінгі қашықтығы 10 м. Денелердің ұшу уақыттарын, лақтырылған биіктігін және екінші дененің түсу орнын есептеңіз.
і. Бірінші дене үшін қозғалыс теңдеуін жазыңыз:
ох осьі бойынша:[1]
оу осьі бойынша:[1]
іі. Екінші дене үшін қозғалыс теңдеуін жазыңыз:
ох осьі бойынша:[1]
оу осьі бойынша:[1]
ііі. а) Бірінші дененің ұшу уақытын есептеңіз:[2]
б) Екінші дененің ұшу уақытын есептеңіз:[1]
іv. Денелердің лақтырылған биіктігін есептеңіз:[3]
v. Екінші дененің түсу орнын есептеңіз:[2]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?