file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы. Горизонтқа бұрыш жасай және горизонталь лақтырылған дененің қозғалысы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Кирик Леонид Анатольевич Терлікбаев Жұмаш Әбікенұлы

Шеңгелбаева Нұргүл Рақымжанқызы

физикадан

деңгейлік есептер

және бақылау жұмыстары

(Орыс тіліндегі түп нұсқадан аударылды)

9- сыныптағы физиканың

кинематика, динамика, динамика заңдарын қолдану, статика, механикадағы сақталу заңдары (гармониялық тербелістер мен толқындардың негізгі сипаттамалары) тарауларын қамтиды

Алматы 2015

Бастапқы деңгей

    • Вертикаль жоғары лақтырылған дене қалай қозғалады?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің жылдамдық модулі қалай өзгереді?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің ең жоғары көтерілу нүктесіндегі жылдамдығы неге тең болады?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің үдеуінің модулі неге тең болады?
    • Неліктен вертикаль жоғары лақтырылған дененің жылдамдығы өзгеретіндігін түсіндіріңдер?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің үдеуінің векторы және жылдамдық векторы қалай бағытталған?

Орташа деңгей

1.40 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дене қандай максималды биіктікке көтеріледі?

3.Садақтан вертикаль жоғары 25 м/с жылдамдықпен жіберілген жебе нысанаға 2 с – тан кейін тиеді. Нысанаға тиер мезетте жебенің жылдамдығы қандай болады?

4.Үш дене мына төмендегі берілгендей лақтырылған: біріншісі – бастапқы жылдамдықсыз төмен қарай, екіншісі – бастапқы жылдамдықпен төмен қарай, үшіншісі – жоғары қарай . Осы денелердің үдеуі бірдей бола ма?

5.Үйдің төбесінен 15 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған тас жерге көкжиекпен 600 бұрыш жасай отырып құлайды. Үйдің биіктігі қандай?

6.Ұшақ биіктікте 72 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Ұшақтан оған қарсы 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын кемеге жалауша лақтырылған. Кемеден қандай қашықтықтан (жүзудің бойымен) жалаушаны лақтыру керек?

Жоғары деңгей

  • 1.Жерде жатқан шлангадан 10 м/с бастапқы жылдамдықпен көкжиек-ке 450 бұрыш жасай су атқылайды. Шланганың аузының қимасы-ның ауданы 5 см2. Ауада орналасқан ағынның m массасы қандай?

2.Көкжиекке бұрыш жасай лақтылыған тас жерге 4 с – тан кейін құлайды. Егер оның қозғалыс кезіндегі максималды жылдамдығы минималды жылдамдықтан 2 есе көп екендігі белгілі болса, онда тастың биіктігі мен ұшу қашықтығы неге тең болады?



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу