Вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы. Горизонтқа бұрыш жасай және горизонталь лақтырылған дененің қозғалысы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Динамика

Мектеп: Алматы қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исаев А.А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Вертикаль лақтырылған дененің қозғалысы. Горизонтқа бұрыш жасай және горизонталь лақтырылған дененің қозғалысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.3 – вертикаль және горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы кезіндегі физикалық шамалардың өзгеруін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуі тиіс: гравитация өрісіндегі вертикаль жоғары лақтырылған дененің үдеуін, қозғалыстың координата мен орын ауыстыруын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: гравитация өрісіндегі горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттап, координата мен орын ауыстыру теңдеуін қолданып есептерді шығара алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: гравитациялық өрістегі дене қозғалысын зерттеуде күш әсерін талдай отырып, қозғалысты сипаттауда нақты ұсыныс айта алады.

 Жетістік критерийлері

Есептерді дененің гравитация аймағына еркін түсуін ескере отырып,кинематиканың бірқалыпты және теңайнымалы қозғалысқа арналған теңдеулерін қолдану арқылы шығару;

дененің еркін түсу үдеуі бойынша тәжірибелерді сипаттау; дененің гравитация өрісіне қозғалысын сапалы түрде сипаттау;

 Тілдік мақсаттар

 

дененің тепе-теңдігін сипаттау үшін күштің векторлық қосындысының график түрінде берілуін пайдалану;

Пәндік лексика және терминология: үдеу, жылдамдық, жылдам әрекет ету, орын ауыстыру, арақашықтық;

қазақша

орысша

ағылшынша

Еркін түсу: үдеуі

Свободное падение: ускорение

Freefall: acceleration

Бастапқы жылдамдық

Начальная скорость

Initial velocity

Құлау жылдамдығы

Скорость падения

The speed of the fall

Құлау биіктігі

Высота падения

The height of the fall

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтар жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асды

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен дене жылдамдығының координата остеріндегі проекцияларын бұрыштың синусы және косинусы арқылы есептеу

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Бастапқы білім

Теңүдемелі қозғалысты біледі. Үдеуді есептеуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, түгелдеу

Сыныпта жағымды ахуал туғызу

Үй жұмысына берілген есептерді тексеру

Сабақтың ортасы

Сурет бойынша қозғалыстарға сипаттама беріңіздер. қозғалыстардың жылдамдығы мен координатасының теңдеуін жазыңыздар. Қозғалыс басталғаннан соң 3 с-тан кейінгі жылдамдық пен қоординатасын анықтаңыз.

1-сурет

2-сурет

Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады

v(t)

x(t)

t/с

v0 / м/с

v/ м/с

х /с

а /м/с2

1-сурет

3

2-сурет

3

3-сурет

3

Практикада осындай қозғалыстар кездеседі ме?

Баскетболшының себетке лақтырған добының ұшу траекториясы осы қозғалыстарға ұқсайды ма?

Оның ұшу траекториясы қандай сызық?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?

Сабақ мақсатын анықтап көрейік.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

Сыныпты топтарға бөліп, тапсырма беру.

І топ тапсырмасы: Вертикаль жоғары лақтырылған дененің қозғалысы

3-сурет

ІІ топ тапсырмасы: Горизонталь лақтырылған дене қозғалысы

h

4-сурет

ІІІ топ тапсырмасы: Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы

5-сурет

Топтар төмендегі алгоритм бойынша жылдамдық пен координата теңдеулерін қорытып шығарады.

1.Санақ жүйесін таңдау.2. Бастапқы жылдамдықтың координата остеріндегі проекцияларын және удеуді анықтау.3. Жылдамдық проекциялары мен координата теңдеулерін қорытып шығару.

Топтар постер жасап, оны тақтада қорғайды.

Білімді бекіту.

Жұптық жұмыс

Бастапқы деңгей

    • Вертикаль жоғары лақтырылған дене қалай қозғалады?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің жылдамдық модулі қалай өзгереді?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің ең жоғары көтерілу нүктесіндегі жылдамдығы неге тең болады?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің үдеуінің модулі неге тең болады?
    • Неліктен вертикаль жоғары лақтырылған дененің жылдамдығы өзгеретіндігін түсіндіріңдер?
    • Вертикаль жоғары лақтырылған дененің үдеуінің векторы және жылдамдық векторы қалай бағытталған?

Орташа деңгей

1.Үш дене мына төмендегі берілгендей лақтырылған: біріншісі – бастапқы жылдамдықсыз төмен қарай, екіншісі – бастапқы жылдамдықпен төмен қарай, үшіншісі – жоғары қарай . Осы денелердің үдеуі бірдей бола ма?

2.Үйдің төбесінен 15 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған тас жерге көкжиекпен 600 бұрыш жасай отырып құлайды. Үйдің биіктігі қандай?

3.Ұшақ биіктікте 72 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Ұшақтан оған қарсы 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын кемеге жалауша лақтырылған. Кемеден қандай қашықтықтан (жүзудің бойымен) жалаушаны лақтыру керек?

Жоғары деңгей

  • 1.Жерде жатқан шлангадан 10 м/с бастапқы жылдамдықпен көкжиек-ке 450 бұрыш жасай су атқылайды. Шланганың аузының қимасы-ның ауданы 5 см2. Ауада орналасқан ағынның m массасы қандай?

2.Көкжиекке бұрыш жасай лақтылыған тас жерге 4 с – тан кейін құлайды. Егер оның қозғалыс кезіндегі максималды жылдамдығы минималды жылдамдықтан 2 есе көп екендігі белгілі болса, онда тастың биіктігі мен ұшу қашықтығы неге тең болады?

Кері байланыс жасау. Тапсырмаларды талдау

Қалыптастырушы бағалау

Физика оқулығы, 10 сынып

Таратпа материал

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы:

  • Тік жоғары қарай 10м биіктікке лақтырылады. А) тас қанша уақыттан кейін қайта түседі? Ә) егер тастың бастапқы жылдамдығын екі есе арттырсақ, онда қандай биіктікке көтерілер еді?
  • Ойыншы жерден биіктіктен допты лақтыру бұрышы 450 – қа тең болатындай етіп жібереді. Лақтыру орнынан қашықтықта биіктігі болатын тор орналасқан. Доп тордан өту үшін минималды бастапқы жылдамдық қандай болуы керек?
  • Серіппелі пистолеттің «оғы» вертикаль жоғары атылған кезде биіктікке көтеріледі. Егер пистолетті биіктікке орнатып және горизонталь бағытта атса, онда оқтың ұшу қашықтығы қандай болады? «Оқтың» жылдамдығын екі жағдай үшін де бірдей деп санау керек.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: тақырыпты түсінеді, тақырыптың есептерін шығаруға белсенді қатысады.

Қабілетті оқушыларға берілген тапсырма: күрделі есептер шығара алады.

Эксперименттік есептер шығару кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі және қадағаланады. Оқушылар топтық жұмыс кезінде, экспериментте алынған мәндерді талдауда сыныптағы оқушылардың бір-бірінің пікірін тыңдай білуіне, коммуникативтік қабілетін жарқын көрсетуіне жағдай жасалады.

http://cis-science-and-technology.wikispaces.com/space/content

Сабақ бойынша рефлексия

«Соңғы сөзді мен айтайын...»

Оқушылар сабақ соңында әрбір бағытта соңғы сөзді айтып қорытындылау керек.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу