Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.3 – қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау

 Сабақ мақсаттары

Қисықсызықты қозғалыс кинематикасын сипаттайтын шамаларды анықтай отырып, қисықсызықты қозғалыс динамиикасын байланыстыру

 Бағалау критерийлері

  •  Сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланысты біледі;
  •  υ сызықтық және ω бұрыштық жылдамдықтың өлшем бірліктерін біледі
  •  Есептерді шығарғанда v = rω формуласын білу және қолдану
  •  Қисық сызықты траектория бойымен бұрыштық жылдамдықтың және үдеумен қозғалысын сапалы түсіндіру
  •  Дене жылдамдығына перпендикуляр күштің әсерінен қисықсызықты траектория бойымен қозғалысты сапалы түсіндіру және шеңбер бойымен тұрақты қозғалыс кезіндегі цетрге тартқыш үдеуді түсіну
  •  Центрге тартқыш үдеу формуласын білу және пайдалану

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Период, жиілік, сызықтық жылдамдық, бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу, центрге тартқыш күш, бұрылу бұрышы

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Центрге тартқыш күш денелерді шеңбер бойымен қозғалтады.

Ньютонның бірінші жылдамдық заңы бойынша, денеге оның жылдамдығын, бағытын, не екеуін де өзгертетін сыртқы күш әсер етпесе, ол түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын жалғастыра береді.

Кез келген шеңбер бойымен қозғалатын күш, центрге тартқыш күштің арқасында болады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілетін дамыту. Физиканың тарихын, әртүрлі физикалық теориялардың дамуын бағалауға тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Есептер шығару барысында оқушылар математикадан шеңбердің ұзындығы, бұрыш тақырыптарынан алған білімдерін естеріне түсіріп, қолданады

 АКТ қолдану дағдылары

https://twig-bilim.kz/kz/film/centripetal-force

Айналу қозғалысын модельдеу:

http://phet.colorado.edu/en/simulation/ladybug-motion-2d

https://twig-bilim.kz/film/speed-velocity-acceleration-5760/

https://quizlet.com/208132587/physics-motion-in-a-circle-flash-cards/ сөздікпен жұмыс

Бастапқы білім

Қозғалыс түрлері, түзусызықты қозғалыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

2-5 минут

5-8 минут

8-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйін сұрау (смайликтер арқылы). Сынып ішіндегі тазалықты қадағалау

ІІ. Ынтымақтастықты қалыптастыру.

«Диалогтік билет» әдісі арқылы өткен тақырыптарға тоқталу

Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

Салыстырмалы қозғалыс дегеніміз не?

Материя дегеніміз не?

Қозғалыс дегеніміз не?

Вектор дегеніміз не?

Скалярлық шамалар дегеніміз не?

Теңайнымалы қозғалыс дегеніміз не?

Үдеу дегеніміз не?

Дененің еркін түсуі дегеніміз не?

«Ассоциация» әдісі. (Суретпен жұмыс)

(Оқушылар өздерінің ойларын айтады. Қозғалыстың түрлерін ажыратады)

Суретке арқылы сабақтың тақырыбы ашылады

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын қою. Бағалау критерийлерімен таныстыру

Таратпа материалдар

Слайд №1

Слайд №2-4

Сабақтың ортасы

10-15 минут

15-25 минут

25-30 минут

30-38 минут

38-40 минут

Сабақ барысында кездесетін терминдермен (сөздікпен) жұмыс

«Мәтінмен жұмыс»

«Түртіп алу» әдісі. (Оқушыларға мәтін беріледі. Оқушылар мәтінмен жеке жұмыс жасайды)

Мұғалім оқушының түсінгенін тексеру мақсатында жетелеуші сұрақтар қояды

Жұптық жұмыс (тест тапсырмаларын орындау)

Өзара бағалау

Мұғалімнің кері байланысы (Жұптарға беріледі)

https://quizlet.com

/208132587/physics-motion-in-a-circle-flash-cards/ Слайд №5

Қосымша №1

Қосымша №2

Сабақтың басы

0-5 минут

5-7 минут

«Миға шабуыл». Оқушылар өз топтарында станкан мен зәйтүннің көмегімен тәжірибе жасап көреді.

Мұғалім «Не себепті?», «Неге?» деген сұрақтар арқылы оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпқа келеді

Оқушылардың жауабынан кейін жаңа тақырып пен оқыту мақсаттары хабарланады

Слайд № 6-7

Сабақтың ортасы

7-15 минут

15-20 минут

20-23 минут

23-35 минут

Видеоматериал «Центрге тартқыш күш»

Топтық жұмыс (Мұғалім оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануға тапсырма береді)

  • Центрге тартқыш күштің дене массасына тәуелділігі
  • Центрге тартқыш күштің дене жылдамдығына тәуелділігі
  • Центрге тартқыш күштің шеңбер радиусына тәуелділігі
  • Егер жіпті қиып жіберсек, дене қозғалысы қалай өзгереді?

Оқушылардың ойы тыңдалып, мұғалім әрбір топқа кері байланыс береді

Жеке жұмыс (Бейнематериал бойынша тест тапсырмалары)

Слайд №8

Слайд №9-12

Қосымша №3

35-40 минут

«Семантикалық карта»

Бағалау: Мұғалімнің кері байланысы

Слайд №17

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу