Қозғалыстың салыстырмалылығы. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар. Физика, 10 сынып, презентация.
Автомобиль шоссесі
Сабақ тақырыбы:
Қозғалыстың салыстырмалылығы. Галилейдің салыстырмалылық принципіОқу мақсаттары
9.2.1.2 - Галилейдің салыстырмалылық принципін білу және есептер шығаруда қолдану
Түйін:
Салыстырмалы принцип. Табиғаттағы кез-келген физикалық құбылыс барлық инерциялық жүйеде бірдей өтеді.
Жылдамдықтың инварианттық принципі. Бос кеңістіктегі (ваккумдегі) жарық жылдамдығы жарық көзі мен жарық қабылдағыштың қозғалысына тәуелсіз тұрақты шама.
1-топ: дене тәрбиесі сабағында мұғалім Асан мен Дастанды 60 м арақашықтыққа жарыстырады. Мұғалім старт сызығынан жүгіруге рұқсат береді. Асан 3 м/с, Дастан 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіреді.
2-топ: Мектептен үйге қарай 6 м/с жылдамдықпен қозғалған Әсемге қарама – қарсы 3 м/с жылдамдықпен жел соғады.
3-топ: жағадағы ағашқа қатысты 6 км/сағ жылдамдықпен қозғалған моторлы қайыққа қарсы 3 км/сағ жылдамдықпен өзен ағысы ағады.
2.1. Паралель жолдармен екі пойыз бірқалыпты қозғалады: ұзындығы 630 м және жылдамдығы 48 км/сағ жүк пойызы, ұзындығы 120 м, жылдамдығы 102 км/сағ жолаушылардың пойызы. Егер қозғалыстары: а) бір бағытта; ә) қарама – қарсы бағытта болса, пойыздардың салыстырмалы жылдамдықтары қандай? Біреуі екіншісінің жанынан қанша уақытта өтеді?
2.2. А пунктінен В пунктіне дейінгі аралықты катер бара жатқанда 3 сағ, ал қайтарда 6 сағ жүзіп өтеді. Моторы сөндірілген катерге А-дан В-ға дейінгі жолды жүзіп өту үшін қанша уақыт керек? Суға қатысты катердің жылдамдығы тұрақты деп есептеңдер.
Дескриптор
- санақ денесінін анықтайды;
- қозғалыстағы денені анықтайды;
- салыстырмалы жылдамдықтың бағытын анықтай;
- салыстырмалы жылдамдықтың мәнін анықтайды.
Назарларыңызға рақмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды