Қозғалыстың салыстырмалылығы. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Физика» ӘБ жетекшісі Кадыров К.К. ________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Абдығалиев Ә.А. | |||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Қозғалыстың салыстырмалылығы. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.4 Жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану 10.2.1.3 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату; | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалыстың салыстырмалығын сипаттай алады; Галилей түрлендірулерін түсіне алады. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жауапкершілік, топта бірігіп жұмыс жасай алу қабілеті, академиялық шынайылық. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнінен координата жүйесімен таныс. | |||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, презентация. | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жылдамдықтың таңбасын, өлшем бірлігін, анықтамасын, есептеу формуласын еске түсіру. Жылдамдықты біле отырып орын ауыстыруды есептеу. Бағыттас және қарама – қарсы қозғалыстарды ажырата білу. Мысалдар келтіру. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Сабақ басында: (E) - Сергіту сәтін ұйымдастыру (жаттығу жасату, сол арқылы оқушылардың қай санақ денесіне қатысты қозғалатынын, қай санақ денесіне қатысты қозғалмайтынын анықтау); - Слайдтағы сурет арқылы сабақ тақырыбын және мақсатын айқындау. | 1 слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 17 мин 2 мин 11 мин
| (D) Қозғалыстың салыстырмалылығына видео көрсету (W ) Санақ денесі, қозғалыстағы дене, санақ жүйесі, координата жүйесі, салыстырмалы, тасымал, абсолют жылдамдық ұғымдарымен танысу. Қозғалыстың салыстырмалылығын, Галилей түрлендірулерін, жылдамдықтарды қосу ережесін талдау. Екі инерциалды санақ жүйесін қарастырып, біріншісін , екіншісін деп белгілесек, оларға сәйкес координаттар және болады. 1-сурет.
санақ жүйесі санақ жүйесіне қарағанда осі бойымен жылдамдығымен қозғалсын. Қарастырылып отырған санақ жүйелерінде нүктесінің және координаттар аралығындағы байланысты табайық. Егер бастапқы уақыт ішінде мен бір-біріне сәйкес келсе, онда 1-суреттен төмендегіше теңдеулер шығады: (1) Классикалық механиканың қағидасы бойынша барлық санақ жүйелерінде уақыт ағымы бір-біріне тең болады. Сондықтан да (1*) Осы жоғарыда алынған төрт теңдеу Галилей түрлендіруі деп аталынады. (1) және (1*) теңдеулерін уақыт бойынша дифференциалдасақ, онда және жүйелеріндегі нүктесінің жылдамдықтарының арасындағы байланыс анықталынады: Жылдамдықтарды қосу ережесі: vабс= vсал + Vтас (D) қозғалыстың салыстырмалылығы мен жылдамдықты қосу ережесіне тәжірибе көрсету. Түйін:
Табиғаттың іргелі қасиеттерін сипаттайтын А. Эйнштейннің 2-ші постулаты тәжірибеден алынған қорытындыларға негізделген. (G) Оқушыларды 3 топқа бөліп, әрқайсысына талдауға және есептеп шығаруға тапсырма беру. Әр топ тапсырма бойынша: санақ денесін, қозғалыстағы денені, денелердің салыстырмалы жылдамдығының бағытын және мәнін анықтауы тиіс. 1-топ: дене тәрбиесі сабағында мұғалім Асан мен Дастанды 60 м арақашықтыққа жарыстырады. Мұғалім старт сызығынан жүгіруге рұқсат береді. Асан 3 м/с, Дастан 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіреді. 2-топ: Мектептен үйге қарай 6 м/с жылдамдықпен қозғалған Әсемге қарама – қарсы 3 м/с жылдамдықпен жел соғады. 3-топ: жағадағы ағашқа қатысты 6 км/сағ жылдамдықпен қозғалған моторлы қайыққа қарсы 3 км/сағ жылдамдықпен өзен ағысы ағады. (f) Барлық топта ортақ есеп 9 сынып есептер жинағынан (Б.А. Кронгарт, С.М. Тезекеев) есептер шығару: 2.1. Паралель жолдармен екі пойыз бірқалыпты қозғалады: ұзындығы 630 м және жылдамдығы 48 км/сағ жүк пойызы, ұзындығы 120 м, жылдамдығы 102 км/сағ жолаушылардың пойызы. Егер қозғалыстары: а) бір бағытта; ә) қарама – қарсы бағытта болса, пойыздардың салыстырмалы жылдамдықтары қандай? Біреуі екіншісінің жанынан қанша уақытта өтеді? 2.2. А пунктінен В пунктіне дейінгі аралықты катер бара жатқанда 3 сағ, ал қайтарда 6 сағ жүзіп өтеді. Моторы сөндірілген катерге А-дан В-ға дейінгі жолды жүзіп өту үшін қанша уақыт керек? Суға қатысты катердің жылдамдығы тұрақты деп есептеңдер. | https://www.youtube.com/watch?v=aQi9BQhu4nc 4 слайд https://www.youtube.com/watch?v=aQi9BQhu4nc 6 слайд 7 слайд 8 слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Әрбір топтағы оқушылап бір-бірін мына дескрипторлар бойынша бағалайды: - санақ денесінін анықтайды; - қозғалыстағы денені анықтайды; - салыстырмалы жылдамдықтың бағытын анықтай; - салыстырмалы жылдамдықтың мәнін анықтайды. Оқушылар рефлексия жүргізу: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - өте жақсы түсінген жазу. | стикерлер беру | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары, өз бетімен ойлау кабілеті жақсы оқушыларға тақырыпқа байланысты күрделі тапсырманы орындай алуы. Оқушылардың көпшілігі механикалық қозғалысты біле отыра, есептер жинағы бойынша А,В деңгейінің сұрақтарына жауап бере алады. | Өзінің отырған тобында өтілген тақырып бойынша кемінде 2 мысал келтіре алады. Бір- бірлерін бағалай алады. Қорытынды бағаны мұғалім қояды. Кері байланыс: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар қозғалысты физикалық тұрғыдан сипаттай алады; 2: Оқушылар өз ойын еркін жеткізе алды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Күнделікті өмірде болып жатқан механикалық қозғалысқа мысалдар келтіру; 2: Тапсырманы топта талдау. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылардың топтық жұмысына |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды