Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Кинематика

  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Кинематика теңдеулерін қолдану және орын ауыстыру, жылдамдық үдеудің графиктерін талдай білу

Сабақ мақсаттары

- Бірқалыпты қозғалыстың координатасын, орын ауыстыруын, жылдамдығын, үдеуін анықтайтын формуланы есте сақтап, меңгереді.

- Бірқалыпты қозғалыстың координатасын, орын ауыстыруын, жылдамдығын, үдеуін анықтайтын формуланы қолданып есеп шығару дағдысын арттырады;

- Графиккалық есеп шығару дағдысын арттырады;

Бағалау критерийлері

V=V0+atтүріндегі формуладан бастапқы жылдамдық, жылдамдық және үдеу мәндерін табады

Үдеу модулі мәнінің жылдамдық графигінің көлбеу бұрышына тәуелділігін түсіндіреді

Уақытқа қарай өткен жол теңдеулерінің графиктерін құрастырады

Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін құрастырады

Бар графиктерді талдайды және шамалар арасындағы функционалдық тәуелділікті білдіреді:s-тің t-ға, v-ның t-ға, дене тыныш қалыпта болғанда, бірқалыпты қозғалғанда, тең ауыспалы қозғалғанда

Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс үшін жылдамдық, орын алмастыру, координата графиктерін уақытқа қарай жасай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындайды Ауа кедергісі, үдеуі және скалярлық немесе векторлық жылдамдық арасындағы арақатынасты талқылай алады және жаза алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Үдеу, жылдамдық, жылдам әрекет ету, орын ауыстыру, арақашықтық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

……..орын алған болса не болады

неліктен ………. азайтады.

…….. болған кезде қандай айырмашылықтар болады.

Құндылықтарды дарыту

Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілетін дамыту.

Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе білуге көмектесетін дағдыларды дамыту. Сынды құрметпен және байсалды қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілеті.

Пәнаралық байланыстар

математикада маңызды болып табылады. График тұрғызу жағдылары керек

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта оқушылар интернет ресурстарын қолдана алады.

Бастапқы білім

Кинематика негіздері (физика және астрономия 7 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

Сәлемдесу. Үй тапсырмасын тексеру

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу

Кеспе қағаз

Сабақтың ортасы

3-5 мин

5-13мин

13-23 мин

23-30 мин

30-33 мин

33-38 мин

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
  • Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?

Түзсызықты теңайнымалы қозғалыс және үдеуге қатысты видео көрсету. Не түсінгенін сұрау, талқылау.

Түзсызықты теңайнымалы қозғалыс Теңбаяулайтын және теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінінің бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы графигінен айырмашылығын түсіндіру.

Теңбаяулайтын және теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінінің бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы графигінен айырмашылығын сипаттайтын есептер шығару. График арқылы белгісіз шаманы табумен мен теңдеу құруды үйренеді. (4 жаттығу 7-8; 3.36 есептер).

Сыныппен бірге талдау. Қатемен жұмыс.

Сергіту сәті.

Жұптарымен ауыстырып есеп шығыру

Өзара бағалау

Видео твиг білім

Презентация

Есептер жинағы

№ 3.17, 3,18, 3.22, 3.36

Анимация (зарядка для детей Солнышко)

Кеспе қағаз

Сабақтың соңы

38-40 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барынша әлсіз оқушыларға

мысалдарды көп айту. Оқушылардың көпшілігі:

Графиктіктермен жұмыс жасауды үйренеді;

Кейбір оқушылар: есептеулерді дұрыс жасайды.

Пікірталаста оз ойын қорғай алу;

Есептер шығару барысында өзара бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері

Көшедегі жол жүру белгілерін (векторларды) түсінеді және жол жүру ережесін сақтауға үйренеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1 нұсқа

1.Берілген график бойынша жылдамдықтың және координатаның уақыттан тәуелділік теңдеуін жазыңыз.

2 нұсқа

1.Берілген график бойынша жылдамдықтың және координатаның уақыттан тәуелділік теңдеуін жазыңыз.

2.Дененің қозғалысын сипаттаңыз

ОВ-

АВ-

ВС-

СД-

3.Берілген график арқылы үдеудің және координатаның уақыттан тәуелділік теңдеуін жазыңыз.

2.Дененің қозғалысын сипаттаңыз

СД-

ДЕ-

ЕF-

FK-

3.Берілген график арқылы үдеудің және координатаның уақыттан тәуелділік теңдеуін жазыңыз

4.Берілген үдеудің уақыттан тәуелділік теңдеуі арқылы, жылдамдықтың уақыттан тәуелділік графиктерін салыңыз

4.Берілген үдеудің уақыттан тәуелділік теңдеуі арқылы, жылдамдықтың уақыттан тәуелділік графиктерін салыңыз

5.Қозғалыстағы дене жолының s=5t+2t2 теңдеуіне сәйкес жылдамдықтың теңдеуі қандай?

6.х=2-10t+3t2 координатаның қозғалыс теңдеуі бойынша бастапқы жылдамдығын, бастапқы координатасын, үдеуін анықта. Жылдымдықтың және жолдың уақытқа тәуелді теңдеулерін анықта.

5.Қозғалыстағы дене жылдамдығының υ=10-4t теңдеуіне сәйкес жолдың теңдеуі қандай?

6.х=4+5t+2t2 координатаның қозғалыс теңдеуі бойынша бастапқы жылдамдығын, бастапқы координатасын, үдеуін анықта. Жылдымдықтың және жолдың уақытқа тәуелді теңдеулерін анықта.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу