Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары тақырыбы бойынша есептер шығару. Физика, 10 сынып, қосымша материал.
Жеке есептер шығару
Карточка №1
1. 0,2 м/с2 үдеумен қозғалған автокөлік 54 км/сағ –н 72 км/сағ-қа дейін өз жылдамдығын қандай уақыт ішінде арттырады?
2. Шана таудан 12 с ішінде түсті. Ол қандай үдеумен түсті және оның таудың етегіндегі жылдамдығы қандай, егер оның ұзындығы 36 м болса? Шананың бастапқы жылдамдығы нолге тең.
3. Вагон ұзындығы 72 м жолды 6 с өтті. Оның үдеуін және жолдың соңындағы жылдамдығын анықтаңыз.
4. Пойыздың бастапқы жылдамдығы қандай болды, егер 40 с кейін ол 0,06 м/с2 үдеумен қозғалып 3 м/с тең жылдамдыққа ие болса?
Карточка №2
Қозғалатын дененің проекциясы Vx= 10-2t заңы бойынша өзгереді
а) дененің қозғалысына сипаттама беріңіз
б) Бастапқы жылдамдықтың проекциясын, бастапқы жылдамдық векторының модулін және бағытын анықтаңыз
в) Үдеудің проекциясын, үдеу векторының модулін және бағытын анықтаңыз. Үдеу векторы бастапқы жылдамдық векторына қатысты қалай бағытталған?
г) Үдеудің уақытқа тәуелді теңдеуін жазыңыз.
е) Дененің жылдамдығын 2 с және 8с кейін анықтаңыз
Карточка №3
Материалдық нүктенің координатасының теңдеуі x=15-3t+0,5t2 түрге ие болды
а) Нүктенің қозғалысын сипаттаңыз
б) Бастапқы координатасын, бастапқы жылдамдықтың және үдеудің модулін және бағытын анықтаңыз
в) Vx (t) теңдеуін жазыңыз
г) 2с және 4с кейін нүктенің жылдамдығын анықтаңыз
д) 3 с кейін дененің координатасын анықтаңыз. Бұл уақыт ішінде дененің орын уыстыруы қандай болды?
е) 6с уақыттағы дененің орын ауыстыруын анықтаңыз
Дескрипторлар:
Оқушы,
- Есептер шығаруда алған білімдерін дұрыс қолданады;
- Есептерді дұрыс шығарады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды