Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

9.4.С Әлемнің қазіргі заманғы бейнесі

МЕКТЕП:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова А.Н.

Сыныбы: 9 сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

9.8.1.1.адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының ықпалын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Физика және астрономияның дамуының адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ықпалын сипаттау.

 Бағалау критерийлері

  • Ғылымдардың дамуының адамдардың дүниетанымдық дамуына әсерін біледі.
  • Өз ойларымен ашық, еркін түрде бөлісе алады;
  • Ғылымдардың дамуының көзқарастардың қалыптасуына әсеріне бірнеше мысалдар келтіріп, түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Бұл сабақ қорытындылаушы сабақтың бірі болғандықтан, арнайы терминдерді оқушылар өздері ақпараттар ішінен анықтап, тізімді құрастырады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өмір бойы білім алу. Ғылымның дамуының адамзат көзқарасына ықпалына көз жеткіздіре отырып, өнертапқыштыққа баулу.

 Пәнаралық байланыстар

Биология, тарих.

Алдыңғы білім

Барлық пәндерден өткен ғылыми жаңалықтар туралы түсініктерінің болуы керек.

Сабақ барысы

Уақыт аралығы

Сабақ мазмұны

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Ұйымдастыру кезеңі:

Төменгі сыныптан өткен Жердің қозғалысы туралы алғашқы көзқарастарды сұрау. Сабақтың оқу мақсатын анықтату. Оқушылар жұптық тапсырмалар орындайтындығын ескерту.

Оқу мақсаттар тізімі

Үй тапсырмасын тексеру

Сәулелердің ерекшелігін көрсететін сызба-суретті салу. Парталастар бір-бірінің тапсырмасын тексереді. Кері байланыстар беріледі.

Бағалау критерийлер тізімі.

Жаңа сабақтың мазмұны:

Оқушыларға жұптастарымен бірге орындау үшін «Физика анықтамалығын» кітапша етіп шығарып тарату.

Оқушыларға 7-9 сыныпта өткен ғалымдардың еңбектерінің адамзаттың дүниетанымын өзгертуге ықпалын анықтату үшін энциклопедия жинағындағы «Ғалымдар» бөлімінен 1 ғалымды анықтату. Оның еңбегін қайта жаңғыртып. «Бұл кім?» тәсілімен флипчартта тапсырманы құрастыру. Мұғалім барлық оқушыда бір ғалымның ғана таңдалмауы үшін бақылап жүруі керек. Бұл тапсырма оқушылардың мәліметтерді өңдеу мен оқу сауаттылығын арттыруға негізделген.

Оқушылар топтары кезекпен ашқан жаңалықтарын сипаттау арқылы ғалымдардың есімдерін табады. Осылайша жаңалықтармен танысу жалғасады.

Қосымша 1

«Физика анықтамалығы»

Жаңа сабақты бекіту:

Оқушыларға ноутбуктер немесе планшеттер ұсыну. Егер болмаған жағдайда А4 немесе плакатта 3 беттік презентациялар даярлауды ұсыну. Интернеттен алынған материалдардан жаңа сабақ бөлімінде таңдаған ғалымның еңбегінің әлемдік көзқарастардың қалыптасуындағы рөлін ашу.

Презентациялау бойынша тапсырмаларды орындау алгоритмін түсіндіру.

Әр топ келесі бағалау критерийлері бойынша тапсырманы орындайды:

 Сабақ жоспарында берілген бағалау критерийлері бойынша әр қатардан 1 оқушы және мұғалімнен тұратын эксперт тобы бағалайды.

Ноутбуктер, планшеттер болмаса плакат немесе А4 қағазы.

Үй тапсырмасы:

  • Оқушылар 3 беттік презентациялар дайындау керек. Сыныпта ортақ бағалау критерийлерін құрастыру.

Қосымша 2

Н.Коперник еңбектерінің адамзатқа әсері

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік ережелері. АКТ. Құндылықтармен байланыс.

Барлық оқушылар жазбаша мәліметтен қажетті мағлұматты таба алады.

Оқушылардың көпшілігі: оқу мақсатына байланысты «түсіндіре алады».

Кейбір оқушылар:

Презентациялауда тың идеяларын қолдана алады.

Сабақ бойы оқушылардың іс-әрекеттері бақыланады. Олардың топта тапсырманы орындау деңгейлері салыстырылады. Академиялық тілді қолданулары олардың әр жауабында ескеріледі. Тапсырма шарттарының сатылы орындалуы басшылыққа алынып нәтижеге сапалық талдаулар жасалынады. БК мен топтар өзара бағаланады.

Ақпараттарды өңдеуде ел экономикасына жауапкершіліктері мен паттриоттық сезімдері беки түседі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз t- мды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оңды тұстар:

Кемшіліктер:

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен 2 тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай 2 нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

 

 

 Пән мұғалімі: А.Н. Смағұлова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу