Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану. Физика, 9 сынып,презентация.


ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР РАДИОАКТИВТІ ИЗОТОПТАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Оқу мақсаттары:

9.6.2.6 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;

9.6.2.7 радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;

9.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау

суретте көрсетілген процестерді атап айырмашылықтарын атаңыздар

ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР

Термоядролық реакциялар-өте жоғары температурада жеңіл ядролардың бірігіп, ауырлау ядроны түзу реакциясы

 

БАСҚАРЫЛМАЙТЫН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯ

Изотоптардың ашылуы

Көптеген радиоактивтiк түрленулердi бақылау нәтижесінде радиоактивтiк касиеттерi мүлдем әр түрлi (яғни түрлiше тәсiлдермен ыдырайтын), бiрақ өздерiнiң химиялық қасиеттерi жөнiнен барабар заттар бар екенi анықталды. Белгiлi химиялық тәсiлдердiң бәрiмен де оларды ажырату ешбiр мүмкiн болмады. Осының негiзiнде 1911 ж. Содди хямиялық қасиеттері бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң радиоактивтiгiмен ұксамайтын элементтер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай элементтердi Менделеевтiң периодты жүйесiнiң бiр тор көзiне орналастыру керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бiрдей орын алатындар) деп атады.

Изотоптар табиғатта

Негізінен жер бетіндегі барлық элементтердің құрамы изотоптарымен бірдей болып есептеледі.Бірақ табиғаттағы кейбір физикалық құбылыстар элементтердің изотоптарының құрамының өзгеруіне себепші болады. Мысалы, жеңіл элементтердің изотоптарын табиғи фракциялау ,сонымен қатар ұзақ уақыт ыдырайтын табиғи элементтердің ыдырау кезінде изотоптық ығысуы. Ұ зақ ыдырайтын табиғи нуклидтердің өнімдері ядролық геохронологиияда қолданылады. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында космостық сәулелену нәтижесінде көміртек изотоптарының пайда болуы маңызды роль атқарады.Бұл изотоптар планетаның атмосфера және гидросфера қабаттарына таралып,тірі ағзаларға әсер етеді . Көміртек изотоптарының таралуын радиокөміртекті сараптамада қолданады.

Радиоактивті изотоптардың алынуы.

Радиоактивті изотоптарды атомдық реакторларда және элементар бөлшектерді үдеткіштерде алады.Қазіргі уақытта изотоптарды өндірумен өнеркәсіптер айналысады.

Радиоактивті изотоповтардың қолданылуы

биология

медицина

с/х

археология

өнеркәсіпте

Биология мен медицинада қолданылуы

Кең тараған зерттеулер нәтижесінде , Таңбаланған атомдар жәрдемімен жүргізілген зерттеулердің бірі-организмдегі зат алмасуды зерттеу. Аз уақыттың ішінде организм түгел жаңарып отыратыны дәлелденген. Оны құрастыратын атомдар жаңаларымен алмастырылған.

Тәжірибелер көрсеткендей, бұл ережеге тек темір ғана бағынбайды. Темір гемоглобиннің қызыл қан түйіршіктерінің құрамына енеді. Тамаққа темірдің 59/26 Fe изотопты атомдарын ендіргенде олардың қанға мүлдем қосылмайтындығы байқалған. Тек организмдегі темір қоры таусыла бастағанда ғана организм темірді сіңіре бастайды.

Кобальттың интенсивті гамма сәуле шығаруы түрліше рак ауыруларын емдеуге пайдаланылады

Өнеркәсіпте қолданылуы

іштен жану двигателіндегі поршен сақинасын кигізуде қолданылуы.

поршендік сақинаны нейтрондармен сәулелендіргенде , онда ядролық реакция туындайды да ,оны радиоактивті етеді.Қозғалтқыш жұмысы кезінде сақина материалының кішкене бөлігі майлайтын майға түседі. Қозғалтқыш қызметінің белгілі бір жұмыс уақытында радиоактивті деңгейді зерттеп, сақинаның тозуы анықталады.

Радиоактивті изотоптар арқылы домна пештеріндегі металдардың диффузиясы тексеріледі және т.б, радиоактивных препараттардың күшті сәулеленуін металл құймалардың ішіндегі ақауды табу үшін қолданады.

Изотоптар ауыл шаруашылығында

Изотоптар ауыл шаруашылығында жиі қолданылады . Өсімдіктерді азғантай мөлшерде сәулелендіру (күнбағыс, капуста, редиска .) -радиоактивті препаратты қолдану жоғары өнімділікке жетуге мүмкіндік береді.

Жоғары мөлшердегі радиация- өсідіктер мен микроорганизмдерді будандастыруда ,жеке жағдайларда ерекше қасиеті бар мутанттарды алуда қолданылады (радиоселекция). Ұнның жоғары сорттары фасолдар , сонымен қатар жоғары өнімді микроорганизмдер ,өндірісте қолданылатын антибиотиктер ослай алынады. Радиоактивті изотоптардың гамма сәулесі тамақ өнімдерін консерваттауда және зиянды жәндіктермен күресуде қолданылады.

Изотоптар археологияда

геофизика әдісінде тау жыныстарында болатын табиғи радиоактивті сәулелердің (көбінесе, гамма-сәулесінің) элементар бөлшектермен (нейтрон, протон, электрон) әсерлесуі түрлі аспаптармен өлшеніп, қорытындылары салыстырылады. Элементар бөлшектердің жасанды ағынын туғызу үшін радиоактивті изотоптар қолданылады. Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу құпиясын, олардың организмде таралуын, езгерістерін, бөліну жолдарын анықтайды.Кен байлықтарын Геофизикалық барлау әдістерімен іздегенде табиғи және жасанды физ. өрістер зерттеледі. Өлшеу жұмыстары физ. өрістердегі шамаларды өте үлкен дәлдікпен өлшейтін электрондық, радиотех., мех. және оптикалық күрделі приборлардың көмегімен атқарылады.

Радиоактивті изотоптар -сәулелендіру көздері

Радиоактивті изотоптар ғылымда, медицинада және техникада сәулелердің шағын көздері ретінде кеңінен қолданылады. Негізгі көз ретінде қолданылатын- радиоактивті кобальт.

Жасанды трансурандық элемент – менделевия 101 Md-дің ядросын жасанды жолмен алуға арналған құрылғы

γ-сәулеленудің көмегімен металдың желімденуін тексеру

Ауыл шаруашылық өнімдерінің арттыру мақсатында сәулелендіру.

радиоактивті фосфорды тыңайтқыш помидордың жапырақтарының орналасуы,

радиоактивті заттармен жұмыс істейтін перчаткалы бокс

Гамма-терапевтік аппарат.

радиоактивті йодтың көмегімен қалқанша безді зерттеу

Биологияда: медицинада:

*Организмдегі зат алмасуын зерртеуге арналған «таңбаланған атомдар»әдісі

* Диагноз қою үшін, сондай-ақ терапевтік мақсатта.

*Радиоактивті натрий қанайналымын тексеруде қолданылады.

* Аз мөлшерде қанға енгізілетін радиактивті натрий қан айналысын зерттеу үшін пайдаланылады. Йод қалқанды безде, әсіресе базед ауыруына ұшыраған кезде бөлінеді. Арнайы құралдың жәрдемімен радиактивті йодтың жиналуына қарап, диагноз қоюға болады

* Тәжірибелер көрсеткендей, бұл ережеге тек темір ғана бағынбайды. Темір гемоглобиннің қызыл қан түйіршіктерінің құрамына енеді. Тамаққа темірдің 59/26 Fe изотопты атомдарын ендіргенде олардың қанға мүлдем қосылмайтындығы байқалған. Тек организмдегі темір қоры таусыла бастағанда ғана организм темірді сіңіре бастайды.

флюорографиялық аппарат КРЦ 01- "ПОНИ« үшін с андық радиографиялық камера

Маммография

Сүт бездерін зерттеуде аз мөлшерде сәулелендірумен

дәл жоғары сапалы бейне алуда қолданылатын қазіргі заманғы маммографиялық система

Онкологиялық және басқа өкпе ауруларын, туберкулезді дер кезінде анықтау және жаппай рентгендік тексеру де аз жүктемелі сәуле қолдануға арналған.

Сандық флюорографиялық аппарат ФЦ-01 «Электрон»

Органдар мен тіндерді қабатты рентгенологиялық зерттеуде қолданылады.Әр түрлі бұрышпен түсірілген ,көлденең қабатты рентгендік бейнелерді компьютерлік өңдеуге негізделген.

Компьютерлік томография

ТАБИҒИ РАДИАЦИЯ МЕН РАДИОИЗОТОПТАР



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу