Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4.В Атом ядросы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.6.2.6 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;

9.6.2.7 радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;

9.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау

Сабақтың мақсаттары

Термоядролық реакциялар. Ядроның бөлінуі мен синтез процестерін ажырату. Радиациядан қорғану әдістері.

Жетістік критерийі

Білу және түсіну: Бөлу және синтез үдерісін біледі және сипаттай алады.

Талдау: Бөлу және синтез энергиясын алудың қиындықтарын талдайды.

Жоғарғы деңгей дағдылары: Бөлу және синтез энергиясын алудың қиындықтарын анықтайды

 Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология:

Ядроның ыдырауы

Ядроның бірігуі

Ядролық күш

Диалог құруға/жазылымға қажетті пайдалы сөздер топтамасы:

Қандай күштерді білесіңдер?

Ядолық күш дегенді қалай түсінесің?

Қандай күштер тартылыс күштері болып табылады?

Құндылықтарды

дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет:

Сұрақ жауап кезінде ойын жүйелеп айтады және өзгелердің жауабын тыңдай білулерін

Ынтымақтастық:

Берілген тапсырмаларды жұппен және топпен бірлесе отырып орындау

Пәнаралық байланыстар

Химия пәнімен байланыс: Менделеев таблицасын қолдануда

 АКТ қолдану дағдылары

Видеоматериалды көрсеткенде оқушылардың көріп есте сақтау дағдылары қалыптасады

Алдын-ала білімдер

Атом құрлысы, радиоактивтілік, альфа, бетта және гамма бөлшектерінің ыдырауын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

2 минут

1 минут

Оқушылармен амандасып түгендеу

Ой шақыру:

Жұппен отырып, энергияның бөлінуін төменнен жоғарыға қарай ретпен орналастыр

Неге бұндай ретпен орналыстырдыңдар?

Бір топтан сұрап қалған екі топпен бірігіп кері байланыс беру.

Жаңа сабақ тақырыбын айтып ОМ таныстыру.

Таратпа материал

слайд

1 минут

1 минут

2 минут

4 минут

3 минут

3 минут

4 минут

6 минут презентациямен жұмыс атқара отырып талқылауға

5 минут

қағаз бетіне түсіруге

5 минут

ойларын басқа топтармен талқылау және қорытындылау

2 мин

Жаңа сабақты бастамас бұрын

Анимацияны пайдалана отырып, U-235 (уранның изотопы) және Pu-239 (плутонийдің изотопы) сияқты тұрақсыз ауыр ядролар, нейтрондарды жұтқан кезде ядролардың индуцияларған бөлінуіне ұшырайтындығын көрсету

Тритий мен дейтерий сияқты жеңіл ядролар, барынша ауыр ядроларды құра отырып бірігетіндігін көрсету үшін анимацияны пайдалану

Көрген видеоларын салыстырта отырып, жұппен қорытынды жасайды. Бір топтан өз қорытындыларын сұрау.

Қандай күштерді білесіңдер? Оқушылар білетін күштерін айтады

Осы айтылған күштердің арасында қандай күштер тартылыс күштері болып табылады? Оқушылар анықтап айтады

Жұппен отырған оқушылардың бірі кулондық күшті екіншісі гравитациялық күшті анықтайды және екі күшті бір-бірімен салыстырады.

Арақашықтықтары 1 м және әрқайсысының массасы 1 кг болатын екі дененің гравитациялық күшін анықта.

Арақашықтықтары 1 м және әрқайсысының заряды 1 Кл болатын екі дененің кулондық күшін анықта.

Ядолық күш дегенді қалай түсінесің? Оқушылардың ойын тыңдау және талқылау.

Ядролық күшке қысқаша теориялық материал таратып беру. Оқиды жұбымен талдайды

Құрылымдық тапсырма орындайды

(f ) Тапсырма 1

Уран (235) ядросын баяу нейтронмен атқылаған кезде оны ядро қосып алады.

(і) реакция теңдеуін жаз

(іі) пайда болған элементті атап, сипатта.

[2]

Тапсырма 2

Тритий мен дитерий сияқты жеңіл элементтер бірікен кезде нейтрон бөле жүреді.

(і) реакция теңдеуін жаз

(іі) пайда болған элементті анықта

[2]

Презентациямен жұмыс: радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру, радиациядан қорғану әдістерін сипаттау туралы айтып кету.

Постер жасату.

Сабақ көлемінде жасаған жұмыстарын, көрген және оқыған материалдарын қолдана отырып қорытынды жасау.

Постер тақырыбы: «радиоактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру» өз ойларын топта талқылап, қағаз бетіне түсіреді және ортаға салып талдайды.

Бекіту сұрақтары

1.Радиоизотоптар дегеніміз не және олар қалай аталады?

2. Радиоизотоптардың табиғи радиактивті изотоптарға қарағанда қандай артықшылықтары бар?

3. Таңбалы атомдар деп қандай атомдарды айтады?

4.Радиациялық сәулелер, таңбалы атомдар қай жерде және қандай мақсатта қолданыс табады?

5.Радиациялық сәулелердің қауіптілігін қалай түсінеміз?

6.Радиактивті сәулелердің өтімділік қасиеттері қандай?

7.Изотоптардың активтілігі деген не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?

8.Сәулелену дозасы және жұтылған деп қандай шамаларды айтамыз?

9.Олардың өлшем бірліктері қандай?

10.Шекті босатылған доза мен адам өміріне қауіпті доза мөлшері қандай?

11.Халықты радиациядан қорғау және басқа елдердің радиактивті қалдықтарын Қазақстанда көмуге сендердің көзқарастарың қандай?

видеоматериал

https://www.youtube.com/watch?v=Zcuynn_i4_k&feature=fvwrel

Таратпа материал №1

Таратпа материал №2

Таратпа материал №3

Постер жасауға қажетті құрал-жабдықтар

http://www.youtube.com/watch?v=jk6Hm1QoDYY&feature=related

1 минут

Сабақ барысындағы оқу мақсатына жетті ме жоқ па кері байланыс алу

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу