Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Физика, 9 сынып, қосымша материал 2.
І нұсқа
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар түрлі тербелістерден пайда болады. Ол музыкалық аспап ішегінің ______________, дауыс шымылдығының дірілдеуі немесе дабыл қағысының дірілі болуы мүмкін. Кез келген тербеліс энергия тудырып, оны өзін қоршаған бөлшектерге жібереді. Бөлшектер тербелісті өз бойымен өткізу кезінде дыбыс ____________ тудырады.
Бөлшектер бойымен жүретін тербеліс ерсілі-қарсылы болуы ықтимал, бірақ ол тербеліс толқын бойымен жылжымайды. Сонымен, дыбыс атаулы энергияны осылайша тасымалдайтын бөлшектерге тәуелді, яғни дыбыс толқындарын тасымалдау үшін материя қажет. Сондықтан да мұны "______________ толқындар" дейді. Дыбыс қатты зат арқылы, _____________ арқылы немесе газдар арқылы тарай алады. Бірақ ешқандай бөлшегі жоқ _________ арқылы дыбыс тарай алмайды. Ғарыштағы вакууымда дыбыс жоқ
Бойлық толқындар. Бөлшектер әрқашан толқынның қозғалыс бағыты бойынша тербеледі, яғни дыбыс бойлық толқын болып табылады.
Биіктік. Дыбыстың жіңішке немесе жуан болуы "_____________" деп аталады. Ол бір секунд ішінде белгілі бір нүкте арқылы өтетін толқын санымен, яғни толқын жиілігімен анықталады және Герцпен өлшенеді. Толқын жиілігі артқан сайын, дауыс биіктігі де _______________ . Жиілік төмендеген сайын, биіктік те төмендейді.
Амплитуда. Дыбыстың қаттылығы “амплитуда" деп аталатын толқын биіктігіне тәуелді. Амплитуда жоғарлаған сайын, дыбыс та ____________ шығады.
Ал біз дыбысты қалай естиміз? Тербелістер ауа арқылы өтіп құлаққа жетеді, сөйтіп, ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелерін тербеліске келтіреді. Бұл қозғалыс электрикалық импульске айланып, миға жіберіледі.
*Қолданылатын кілт сөздер:
сұйықтық | дыбыс биіктігі | қаттырақ | вакуум |
механикалық | тербелісі | жоғарылайды | толқынын |
Fill the gaps
ІІ нұсқа
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар түрлі тербелістерден пайда болады. Ол музыкалық аспап ішегінің тербелісі, дауыс шымылдығының дірілдеуі немесе дабыл қағысының дірілі болуы мүмкін. Кез келген тербеліс ____________ тудырып, оны өзін қоршаған бөлшектерге жібереді. Бөлшектер тербелісті өз бойымен өткізу кезінде дыбыс толқынын тудырады.
Бөлшектер бойымен жүретін тербеліс ерсілі-қарсылы болуы ықтимал, бірақ ол тербеліс толқын бойымен жылжымайды. Сонымен, дыбыс атаулы энергияны осылайша тасымалдайтын бөлшектерге тәуелді, яғни дыбыс толқындарын тасымалдау үшін __________ қажет. Сондықтан да мұны "механикалық толқындар" дейді. Дыбыс _________ зат арқылы, сұйықтық арқылы немесе _________ арқылы тарай алады. Бірақ ешқандай бөлшегі жоқ вакуум арқылы дыбыс тарай алмайды. Ғарыштағы вакууымда дыбыс жоқ
Бойлық толқындар. Бөлшектер әрқашан толқынның ___________ бағыты бойынша тербеледі, яғни дыбыс бойлық толқын болып табылады.
Биіктік. Дыбыстың жіңішке немесе жуан болуы "дыбыс биіктігі" деп аталады. Ол бір секунд ішінде белгілі бір нүкте арқылы өтетін толқын санымен, яғни толқын жиілігімен анықталады және ___________ өлшенеді. Толқын жиілігі артқан сайын, дауыс биіктігі де жоғарылайды. Жиілік төмендеген сайын, биіктік те _________________.
Амплитуда. Дыбыстың қаттылығы “________________" деп аталатын толқын биіктігіне тәуелді. Амплитуда жоғарлаған сайын, дыбыс та қаттырақ шығады.
Ал біз дыбысты қалай естиміз? Тербелістер ауа арқылы өтіп құлаққа жетеді, сөйтіп, ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелерін тербеліске келтіреді. Бұл қозғалыс электрикалық импульске айланып, миға жіберіледі.
*Қолданылатын кілт сөздер:
газдар | Герцпен | қозғалыс | энергия |
материя | қатты | амплитуда | төмендейді |
Fill the gaps
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар түрлі тербелістерден пайда болады. Ол музыкалық аспап ішегінің тербелісі, дауыс шымылдығының дірілдеуі немесе дабыл қағысының дірілі болуы мүмкін. Кез келген тербеліс энергия тудырып, оны өзін қоршаған бөлшектерге жібереді. Бөлшектер тербелісті өз бойымен өткізу кезінде дыбыс толқынын тудырады.
Бөлшектер бойымен жүретін тербеліс ерсілі-қарсылы болуы ықтимал, бірақ ол тербеліс толқын бойымен жылжымайды. Сонымен, дыбыс атаулы энергияны осылайша тасымалдайтын бөлшектерге тәуелді, яғни дыбыс толқындарын тасымалдау үшін материя қажет. Сондықтан да мұны "механикалық толқындар" дейді. Дыбыс қатты зат арқылы, сұйықтық арқылы немесе газдар арқылы тарай алады. Бірақ ешқандай бөлшегі жоқ вакуум арқылы дыбыс тарай алмайды. Ғарыштағы вакууымда дыбыс жоқ
Бойлық толқындар. Бөлшектер әрқашан толқынның қозғалыс бағыты бойынша тербеледі, яғни дыбыс бойлық толқын болып табылады.
Биіктік. Дыбыстың жіңішке немесе жуан болуы "дыбыс биіктігі" деп аталады. Ол бір секунд ішінде белгілі бір нүкте арқылы өтетін толқын санымен, яғни толқын жиілігімен анықталады және Герцпен өлшенеді. Толқын жиілігі артқан сайын, дауыс биіктігі де жоғарылайды. Жиілік төмендеген сайын, биіктік те төмендейді.
Амплитуда. Дыбыстың қаттылығы “амплитуда" деп аталатын толқын биіктігіне тәуелді. Амплитуда жоғарлаған сайын, дыбыс та қаттырақ шығады.
Ал біз дыбысты қалай естиміз? Тербелістер ауа арқылы өтіп құлаққа жетеді, сөйтіп, ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелерін тербеліске келтіреді. Бұл қозғалыс электрикалық импульске айланып, миға жіберіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?