Дыбыс толқындары. Дыбыстың сипаттамалары. Дыбыс интенсивтілігі. Тон биіктігі. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Толқындық қозғалыс Күні: Сынып: 9 | Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы Мұғалімнің аты –жөні: Қатысқандар саны: 9-11 Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Дыбыс толқындары. Дыбыстың сипаттамалары. Дыбыс интенсивтілігі. Тон биіктігі | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.5.18 - дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттау; 9.2.5.19 - дыбыс толқындарының табиғатын сипаттау; 9.2.5.20 - әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекшеліктерін түсіндіру; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | -Дыбыстың табиғатын түсіну; -дыбыс көздерін білу - дыбыс түрлерін ажырата алу; - дыбыстың әр түрлі ортада таралуын зерттей алу; Дыбыстың әртүрлі ортада таралу жылдамдығын салыстыра алу | |||||||||||
Жетістік критерийлері | -дыбыс толқындары ,дыбыстың түрлері туралы түсінік бере алады;-дыбыстың сипаттамаларын, музыкалық дыбыстарды қарапайым мысалдар арқылы түсінеді. - Дыбыс туралы физиологиялық және физикалық тұрғыда түсінік қалыптастыру. - дыбыс таралуы үшін орта қажеттігін түсінеді - дыбыстың әртүрлі ортада таралуын өздігінен зерттей алады - дыбыстардың әртүрлі ортада таралуын салытыра алады | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру. Мысалы, Дыбыс-звук-sound Дыбыс жылдамдығы-скорость звука-sound speed Инфрадыбыс-инфразвук-infrasound Ультрадыбыс-ультразвук-ultrasound Дыбыс тоны-тонзвука-audiotone Тембр-тембр-timbre Дыбыс қаттылығы-жесткость звука-sound stiffness Акустика- дыбыс құбылыстарын зерттейтін физика бөлімі Инфрадыбыс- жиілігі 20 Гц-тен төмен толқындар Ультрадыбыс-жиілігі 20 кГц-тен жоғары толқындар Дыбыс толқындары – звуковые волны –sound waves | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология,музыка,медицина. Дыбысты түсіндіру барысында музыкалық аспаптарды қолдану арқылы өнер пәнімен байланыс орнатамын. Дыбыстың жағымды және жағымсыз жақтарын түсіндіруде биология пәнімен байланыс орнайды. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар механикалық толқындар, толқын ұзындығы деген ұғымдармен таныс. Жиіліктің өлшем бірлігі Гц және толқын ұзындықтың өлшем бірлігі метр екендігін біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Ой шақыру 3 мин | Оқушылармен амандасу, түгендеу Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. | Презентация | ||||||||||
Ойлану/ Ақпарат 25 мин | Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16Гц –тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар. Инфрадыбыстар – 16 Гц тен төмен Ультрадыбыстар – 20 000 Гц-тен жоғары Дыбыс туындауының себепкері – денелердің тербелісі Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады. Ауада-340 м/с, суда-1480 м/с Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның “ля” нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады. Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Өлшем бірлігі – Децибел (дБ) 1 бел = 10 дБ Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндерін 2 кестеден көре аламыз Дыбыстың тағы бір маңызды сипаттамасы – оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша оның тембірі Тембр – адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы. Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындар туғызады. Күрделі дыбыстың ең төменгі жиілігі негізгі жиілік, ал оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс негізгі тон деп аталады. Негізгі тонға обертондар немесе гармоникалар деп аталатын жиіліктер бірге жүреді. Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол – оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі сәйкес келмейді. Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады. | http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11050 видео | ||||||||||
Практикум 10 мин | Тапсырмалар
Дыбыс ............................толқынға жатады, ауадағы жылдамдығы .........................м/с Жилігі 0-16 Гц аралығы ............................................................................................................... 20000 Гц-тен жоғары ............................................................................................................... 16 Гц-пен 20000 Гц аралығы...................................................................................................... Шкалада тиісті сөздерді жаз.
...............................................................................................................................................
............................................................................................................................................... ...............................................................................................................................................
...............................................................................................................................................
Төмендегі шамаларды анықтаңыз:
| http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11050 есептер жинағы | ||||||||||
Рефлексия 2 мин | Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? | Рефлексия паракшалары | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Барлық оқушылар: Тақырыпқа байланысты мәліметтерді дәптерге түсіреді Оқушылардың көпшілігі: Жаттығуларды орындайды Кейбір оқушылар: Сұрақ қояды | Тексеру парақтары Шапалақтау Бағалау парақтары Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы | Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау Көз жаттығуларын орындау Кабинетті желдету Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?