№4-зертханалық жұмыс. "Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау". Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Орал қ. ФМБ НЗМ

Мұғалім:

Күні

Сынып 9

Бөлім 9.3В Тербелістер және толқындар

Сабақтың тақырыбы

№4-зертханалық жұмыс. "Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау"

Оқу мақсаттары

  • 9.2.5.14 су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау

 Сабақтың мақсаты

  • судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау;
  • толқындарды сипаттайтын ұғымдарды түсіндіру;
  • ерпімді ортада толқындардың таралу жылдамдығын анықтау формуласын есептер шығаруда қолдану.

 Бағалау критерийлері

  • судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтай алады;
  • толқындарды сипаттайтын ұғымдарды түсіндіре алады;
  • толқын жиілігі мен ұзындығын өлшей алады;

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Көлденең, бойлық, толқындық қозғалыс, перпендикуляр, параллель, толқын бағыты, тербеліс, вибрация, серіппе, дыбыс, толқын

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Толқын ..........

Көлденең толқын пайда болады .......

Бойлық толқын пайда болады .........

………не болады.

………арасында қандай айырмашылық

………….су қозғалады.

……..қай үлгімен қозғалады?

 Пәнаралық байланыс

Математика , география (жел сілкінісі, цунамидің пайда болуы)

АКТ-нықолданудағдылары

Ақпаратты іздестіру, оны іріктеу бойынша оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын дамыту; фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды салыстыру және орнату

 Алдыңғы білім

Тербеліс амплитудасы, период, жиілік.

Сабақ барысы

Жоспарлан-ған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

0-5 мин

- оқушылардың зейінін шоғырландыру,

- оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

- Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау. 

Мақсат қою

5-10 мин

(W) Білімнің өзектілігі .

Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу; Мұғалім оқушылармен бірге тақтаға сабақтың мақсатымен сабақ жоспарын және бағалау критерилерін жазады

(G) Деңгейлік есептер

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға есептер мазмұнымен таныстырып, есеп жазылған парақшаларды үлестіреді.

Оқушы іс-әрекеті: Жұппен жұмыстанады.Есептерді орындайды.

Бағалау: Бірін-бірі бағалау.

Кері байланыс: мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы.

Мұғалім іс-әрекеті: Деңгейлік есептерді шығару барысында математикадан алған білімдерін жоғары деңгейде қолданған оқушыларға қолдау көрсетеді.

«Ұсыныс айту»

Мақсаты: Теориялық білімді қайталау, бекіту

(I)Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін «Ұсыныс айту» ұйымдастырады.

Оқушы іс-әрекеті: Жеке жұмыстана отырып берілген тапсырманы орындайды.

Ұсыныс айту. Дұрыс жауап болса-1, қате жауап болса-0

1.Толқынның екі түрі бар – бойлық, көлденең - 1

2.Толқын жылдамдығы толқын ішіндегі тербелістің жиілігі мен толқын ұзындығының көбейтіндісіне тең – 1

3.Толқындар тау-тастардан шағылмайды – 0

4.Дыбыс толқындарын қабылдағыш прибор микрофон деп аталады – 1

5.Толқын энергия тасымалдамайды - 0

11010

Суда толқын түрлері бойынша бейнетаспа:http://www.youtube.com/watch?v=AlPqL7IUT6M&list=PLBED3A20925E565A7&index=1&safe=active

Жаңа материалды игеру

10-35 мин

Жұмыстың мақсаты: судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: зертханалық жұмыстарға арналған ұзындығы 0,5-1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, пластилин, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер, сызғыш.

Зертханалық жұмысты нұсқау бойынша орындау. 

Жұмысты орындау:

  • Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.
  • Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.
  • Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.
  • Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.
  • Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.
  • Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.

 

Тәжі-рибе

реті

Уа-қыт,

t, с

Уақыттың орташа мәні, tорт, с

Қашықтық,

l, м

Толқын жылдам-дығы, v, м/с

1.

2.

3.

4.

5.

Қорытынды:

Рефлексия

35-38 мин

Рефлексия

Не ұнады? Не үйрендім? Нені істей алмадым? сұрақтарына сүйеніп жапсырма қағазға пікірлерін жазып оқиды. "Ет тартқыш, чемодан, сұрақ".

Үй тапсырмасы

38-40 мин

Үйге: Физика оқулығынан қайталау

Физика 9 сынып оқулығы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

толқындарды сипаттайтын ұғымдарды түсіндіре алады.

Көпшілік оқушылар:

толқын жиілігі мен ұзындығын өлшей алады және су бетіндегі толқын-дардың таралу жылдамды-ғын эксперимент түрінде анықтай алады.

Кейбір оқушылар:

толқындарға мысал келті-ріп, есептер шығара алады. толқын жиілігі мен ұзынды-ғының көбейтіндісі fλ тұрақты болып табылаты-нын көрсете алады;

Түрткі сұрақтар қою арқылы бағалау;

Жұптық жұмыстар жасау барысында өзара бағалау ;

Эксперименттік жұмысты бағалау;

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; зертханалық жұмыстарға арналған ұзындығы 0,5-1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, пластилин, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер, сызғыштарды пайдалану барысында, сонымен қатар жұптық жұмыстарында құрал-саймандарды дұрыс қолдана білу. «Сергіту сәтінде» оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында олардың арақашықтықтарына көңіл бөлу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу