Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі. Физика, 9 сынып, қосымша материал 2.
І. Гармониялық тербелістің теңдеуі x=Xmaxcosφ немесе x=Аcosωt немесе x=Xmaxsinφ немесе x=Аsinωt немесе x=Аcos(2π/T)t немесе x=Аsin(2π/T)t немесе x=Аcos2πνt немесе x=Аsin2πνt түрінде, яғни, синус немесе косинус заңымен жазылады.
Механикалық тербелістерді сипаттайтын негізгі дифференциалдық теңдеуді беру: a=-ω2x немесе: x=x''=a=-ω2x, яғни, координатаның екінші ретті туындысы координатаның өзіне тура пропорционал екендігін көрсету өте маңызды, себебі, жоғары сыныптарда электромагниттік тербелістердің теңдеуін оқу кезінде барлық гармониялық тербелістер – ол механикалық тербеліс болсын, ол ЭМ тербеліс болсын, тек бір ғана гармониялық заңға бағынатынын білу маңызды.
Бекіту. Топтық жұмыс. Есептер шығару
- Серіппеде еркін тербеліп тұрған жүктің максимал кинетикалық энергиясының мәні 5 Дж, оның максимал потенциалдық энергиясының мәні 5 Дж. Жүктің толық механикалық энергиясы қалай өзгереді?
- Қатаңдығы 160Н/м серіппеге ілінген массасы 200г дене горизонталь жазықтықта 2см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігін және жүйенің энергиясын анықтаңдар.
- Массасы 400г жүк қатаңдығы 250Н/м серіппеде тербелістер жасайды. Тербеліс амплитудасы 15см. Тербелістің толық механикалық энергиясы мен жүктің үлкен қозғалыс жылдамдығы неге тең?
- Қатаңдығы 1кН/м серіппеге ілінген жүк 2см амплитудамен тербеледі. Жүктің π/3 рад фазадағы кинетикалық және потенциалдық энергиясын есепте.
- Орын ауыстыру, жылдамдық және дененің серіппенің әрекетінен болатын қозғалысын сипаттайтын басқа да шамалардың неліктен және қалай өзгеретінін түсіндіріп, кестені толтыр
Дене қозғалысының бөліктері | Орын ауыстыру, м | Жылдамдық, м/с | Үдеу туғызатын күш, Н | Үдеу, м/с2 | Потенциалдық энергия, Дж | Кинетикалық энергия, Дж |
ВО | Кемиді | Артады | Кемиді | Кемиді | Кемиді | Артады |
ОА | ||||||
АО | ||||||
ОВ | ||||||
Мына нүктелерде: В | ||||||
О | ||||||
А |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?