Механикалық тербелістер және олардың түрлері. Тербелмелі қозғалыстың сипаттамалары. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Миссия

Пайымдау

Жаһандық азаматтық

Өмір бойы білім алуға, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті тұлғаның сәтті дамуына ықпал ету.

Өзгерістерге ашық, көшбасшылыққа дайын, өзі үшін, мемлекет пен әлем үшін жауапты мектеп қауымдастығы

Ғаламда әлем үшін бейбіт өмір сүру

 Бұл өзге халықтардың мәдениетінің, діндерінің әртүрлілігіне құрмет, инклюзияны, әлемдегі теңдік пен анти-нәсілшілдікті қолдау, табиғатқа адамгершілік көзқарас, әлемде болып жатқан нәрсені түсінуге сананың ашықтығы, өзгерістерге дайын болу, басқалардың тәжірибесін қабылдау және басқалардан үйрену қабілеті

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мектеп: Талдықорған қ. ФМБ НЗМ

Күні: 18,02,2022

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова И.А.

Кәсіби даму мақсаты

Үзілісті мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ақпаратты талдау қабілетін дамыту

Сыныбы: 9 а (1 топ)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Механикалық тербелістер және олардың түрлері.

Тербелмелі қозғалыстың сипаттамалары.

Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.1 - еркін тербелістерге мысал келтіру;

9.2.5.3 - тербелмелі қозғалысының сипаттамаларын білу және қолдану: амплитуда, период, жиілік, бұрыштық жиілік, тербеліс фазаларының айырымы;

9.2.5.5 - жиілік пен бұрыштық жиілік арқылы тербеліс периодын көрсету;

 Сабақ мақсаты

 

Барлық оқушылар:

Тербелмелі қозғалысының сипаттамаларының анықтамаларын, формулаларын біледі, сандық және графиктік тапсырмаларда қолдана алады.

Жартысынан көп оқушылар:

Тербелмелі қозғалыстың графигін сапалы сипаттай алады

Кейбір оқушылар:

Деңгейі жоғары графиктік және сандық тапсырмаларда тербеліс жиілігін, бұрыштық жиілік, периодты анықтай алады.

 Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Тербелмелі қозғалыстың сипаттамаларын анықтайды

Тербеліс периоды, амплитудасы, жиілігі, бұрыштық жиіліктің анықтамасын біледі

Тербеліс периоды, амплитудасы, жиілігі, бұрыштық жиіліктің формуласын қолдана алады

График арқылы амплитуданы, периодты, жиілікті, бұрыштық жиілікті анықтай алады

 Дифференциация

Сыныппен, топтық, жұптық, жеке жұмыстар. Тапсырмалар түріне байланысты: сандық, сапалық, графиктік, тест тапсырмалары, құрылымдық тапсырмалар, сабақ мақсаттары оқушылардың деңгейлеріне байланысты іріктелуі. Топтық жұмыста оқушыларды қабілеттері бойынша іріктеу.

 Тілдік міндеттер

Пәндік лексика және терминология

период, амплитуда, масса, ұзындық, ығысу, жиілік

Сабақта мектеп миссиясы мен пайымдауынның, Жаһандық азаматтықтың жүзеге асырылуы

Сабақтың әр кезеңдерінде жоғары адамгершілік, зияткерлік, жаһандық және цифрлық әлемдегі бәсекелестік пен өзгеріс жағдайында оқуға дайын тұлғаны қалшыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Сыйласымдық, ашықтық, ынтымақтастық, патриотизм және жауапкершілік, еңбексүйгіштік пен шығармашылық, адалдық, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер, денсаулық пен амандық, жаһандық азаматтық

Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру, игерген білімді өмірде қолдану

 Пәнаралық байланыс

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Жоспарланған жоқ

Осыған дейін меңгерілген білім

Энергияның сақталу заңы, импульстің сақталу заңы

Білім алуға қолайлы жағдай туғызу, денсаулық және техника қауіпсіздігін сақтау

Жағымды орта (атмосфера) орнату

Серігіту жаттығуларын орындату

Сабақ барысы

Жоспарланатын сабақ кеезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5 мин

Жағымды атмосфера орнату.

Миға шабуыл. Үзілісті мәтінмен жұмыс. (мақсаты: оқушылардың үзілісті ақпаратты талдау дағдылары қалыптасады, күнделікті өмірдегі мысалдарды физиканың заңдылықтарымен байланыстыра алады)

Оқушылар: көрсетілген үзілісті мәтіндерді сыныппен өзара талқылап, өз ойларымен бөліседі. Талқылай отырып, мысалдардағы барлық денелер тербеледі, яғни тербелмелі қозғалыс жасайды деп қорытындылайды.

Мұғалім: оқушылардың талқылауларын бақылап жүреді. Оқушылардың жауаптарын қорытындылап, бүгінгі сабақтың мақсатын, тақырыбын оқушылармен бірге ашады.

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-35 мин

35-40 мин

40-50 мин

50-75 мин

Сыныппен жұмыс. Демонстрация, Үзілісті мәтінмен жұмыс. (мақсаты: оқушылардың өзара бір-бірімен жұмыс жасау дағдылары дамиды, өз бетімен үзілісті мәтінді талдау, сипаттау арқылы, жаңа физикалық ұғымдарға анықтама береді)

Оқушылар: слайдта көрсетілген үзілісті мәтінді, демонстрацияны қарастырып, сипаттап, талдап, тербеліс, тербелмелі қозғалыс, тербелмелі қозғалыстың түрлеріне анықтамаларын өздері айтып көреді. Өзін-өзі бағалау (талқылау жүргізіп, анықтамаларын беріп болғаннан кейін өз-өздерін бағалайды).

Мұғалім: оқушылардың жұмыстарын бақылап, бағалап, өзіне қажетті ақпараттарды түртіп жүреді.

Топтық жұмыс. Үзілісті мәтінмен жұмыс. (мақсаты: Төңкерілген сынып әдісін қолдану арқылы оқушылардың үзілісті мәтінмен жұмыс жасау арқылы ақпаратты талдау дағдылары, қабілеттері қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың бір-бірімен жұмыс жасауы, ақылдасуы, тыңдау, өз ойымен бөлісу дағдылары дамиды, топтық жұмыс – дифференциация жүзеге асады). Өзара бағалау жүзеге асады.

Мұғалім: тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар бар, сол шамалармен әр топ (топқа оқушылардың қабілеттерін ескере отырып бөлді) таныстырады деп жариялайды.

Оқушылар: әр топ өздерінің жұмыстарын таныстырады. Қалған топ мүшелері бағалау парағын толтыра отырып, өзара бағалау жүргізеді.

Бірінші бөлімді қорытындылау, сабақ мақсаттарына оралып, оқушылардан кері байланыс алу.

Жұптық жұмыс. Үзілісті мәтінмен жұмыс. ЖАДА жүзе асады. (мақсаты: оқушылардың екінші бөлім бойынша білімдерін тексеру, сонымен қатар оқушылардың танымдық, өзара бір-бірімен жұмыс істеу, ақылдасу, тыңдау, өз ойын еркін жеткізу дағдылары қалыптасады)

Оқушылар: өз еркілерімен жұптасып (дифференциация), берілген графикті қарастырады (уақытқа жұмыс жасайды, қай жұп бірінші және барлығын дұрыс шешіп, аяқтайды, сол жұп жеңімпаз болады). Өзара бағалау жүзеге асады, жұптар өздерінің жұмыстарын алмастырып, бағалап шығады.

Мұғалім: оқушылардың жұмыстарын бақылап, қадағалап, жұмыстары бойынша өзіне қажетті ақпаратты түртіп жүреді.

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау. Теориялық ақпаратты бекіту. Сандық, сапалық, графиктік тапсырмалармен жұмыс. (мақсаты: оқушылардың үзілісті мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ақпаратты талдау дағдыларын дамытады, сонымен қатар оқушылардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастағы сыйласы, тыңдау, өз ойын еркін жеткізе алу дағдылары қалыптасады.)

Оқушылар: тербелмелі қозғалысқа сандық, сапалық, графиктік тапсырмалар орындайды.

Мұғалім: оқушылардың жұмыстарын бақылап, бағалап, оқушылардың жұмыстары бойынша өзіне қажетті ақпараттарды түртіп жүреді. Түсінбеген оқушыларды қабілеті жоғары оқушылармен біріктіріп жұмыс жасатады.

Слайд 3-5

Слайд 6

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

75-80 мин

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардан кері байланыс алу

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Бүгінгі сабақта мен не жасай алдым?

Бүгінгі сабақта не жасай алмадым?

Үйге тапсырма беру: екінші бөлімді қайталау.

Сабаққа рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асты ма?

Оқу мақсатына барлық оқушылар жете алды ма? Жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау тиімді қолданылды ма?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағаннан сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу