Энергияның сақталу және айналу заңы. Физика, 9 сынып, қосымша материал 3.
Қосымша 3
1 топ (А деңгейі)
- Массасы 100 т ұшақ жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның жермен салыстырғандағы механикасы қандай болады?
- Қада қағатын массасы 500 кг дәу балға 10м биіктіктен түсіріледі. Оның 4м биіктіктегі потенциалдық энергиясы неге тең болады?
- Бірінші автомобильдің массасы екіншісінен 18 есе артық,ал жылдамдағы 6 есе кем. Олардың кинетикалық энергияларының қатынасы қандай?
4. Дененің лақтырылу мезетіндегі кинетикалық энергиясы 200 Дж. Егер дене массасы 800 г болса, онда ол жер бетінен қанша биіктікке өтерілетінін анықтаңдар.
2 топ (В деңгейі)
1. 20 м/с жылдамдықпен дене вертикаль жоғары лақтырды. Дененің кинеткалық энергиясы лақтырылу нүктесінен қандай биіктікте потенциалдық энергияға тең болады?
2. Ойыншық тапаншаны атарда қатaңдығы 800 Н/м серіппені 5 см-ге қысады. Тапаншадан горизонталь бағытта ұшып шыққан 20 г оқтың жылдамдығы қандай?
3. Доп 10 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Доптыың жылдамдығы қандай биіктікте 2 есе кемиді?
4.Доп 4 м биіктікке абсолют серпімді көтерілу үшін оны 2 м биіктіктен төмен қарай қандай бастапқы жылдамдықпен лақтыру керек
3 топ (С деңгейі)
1. Автоматты тапаншаның жылжымалы құндағы қатаңдығы k=4 кН/м серіппемен жалғанған. Құндақтың массасы M=400 г, оқтың массасы m=8 г. Оқ атылғанда құндақ кері қарай x=3 см-ге ығысады. Тапанша жұмыс жасауы үшін оқ қандай ең аз жылдамдықпен қозғалуы керек?
2. 20 м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған масссасы 1 кг дене қозғалысының төртінші секундының соңындағы кинетикалық энергиясын анықтаңдар.
3. Массалары m=1 кг тас v0=9,8 м/с бастапқы жылдамдықпен жоғары лақтырылған. 0<t<2 c Уақыт аралығындағы ұшақтың потенциалдық және толық кинетикалық энергияларын уақыттарының тәуелділігі салыңдар.
4. Массасы 50г доп 3 м биіктіктен жерге соғылып, қайтадан 2 м биіктікке серпіледі.Оның механикалық энергиясы қаншаға кемиді? Оны энергияның сақталу заңымен қалай түсіндіруге болады?
Бағалау критерийлері:
- механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия ұғымдарының физикалық мағынасын тұжырымдай алады;
- энергияның түрленуін және энергияның сақталу заңын қолданады .
Дескрипторлар:
- Энергия түрін ажырата алады;
- Сынақ денесін анықтай алады;
- Денелердің бастапқы және сонғы орналасуын анықтай алады;
- Есептеуге қажет формуланы жазады;
- Формуланы түрлендіре алады;
- Сауаттылық (терминология, сөз тіркестері дұрыс пайдалана алады);
- Есептеулерді дұрыс орындайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?