Энергияның сақталу және айналу заңы. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.


Дескрипторлар:

  • Тапсырманың берілгенін жазады;
  • ХБЖ-ға келтіреді;
  • Серпімділік күшінің жұмысының формуласын жазады;
  • Дұрыс жауапты есептейді.
  • Есеп шығаруда кинетикалық және потенциалдық энергияның формулаларын қолданады.

Энергияның сақталу заңын және импульстің сақталу заңын есептер шығаруда қолданады

(I, G) Есептер шығару

Оқушының аты-жөні__________________ Сынып_____ Күні_____________

9.2.3.2 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану;

А деңгей

1.Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?

2. Массасы 2 т тікұшақ 20 м биіктікке көтерілді. Оның потенциалдық энергиясы қандай биіктікте 600кДж-ға тең болады?

3. Дене жерден 5 м биіктіктен жерге еркін түсе бастайды. Дененің жермен жанасу сәтіндегі жылдамдығын анықтаңыз.

9.2.3.9 - денелер жүйесінің әрекеттесуі кезінде кинетикалық энергияның өзгеруі мен импульстің сақталу заңын түсіну;

В деңгей

4.Кинетикалық энергиясы Ek= 16 Дж және импульсі P=8 кг*м/с болатын дененің жылдамдамдығы мен массасы неге тең?

5.Массасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстырғандағы толық энергиясы қандай?

6.Зат d биіктіктен еркін құлады. d/2 және d/4 биіктіктерінен дененің потенциалдық энергияларын салыстырыңыз.

9.2.3.1 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау;

С деңгей

7.Массасы 2 кг дене жерге 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15 м биіктікте болған кездегі және жерге келіп түскен кездегі кинетикалық энергиясын табыңыздар.

8. Массасы 9 г оқ қалыңдығы 5 см  тақтайға 600 м/с жылдамдықпен соғылып, 200 м/с жылдамдықпен тесіп өтеді. Оның кинетикалық энергиясын, істеген жұмысын және тақтайдың кедергі күшін анықтаңдар. (Кедергі күші өзгермейді).

9.Суретте жүктің потенциалдық энергиясының оның жер бетінен көтерілу биіктігіне тәуелділігі көрсетілген. Бұл жүктің массасы қандай?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу