Энергияның сақталу және айналу заңы. Физика, 9 сынып, презентация.
Энергияның сақталу және айналу заңы
Оқу мақсаттары:
9.2.3.1 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау;
9.2.3.2 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану;
9.2.3.9 - денелер жүйесінің әрекеттесуі кезінде кинетикалық энергияның өзгеруі мен импульстің сақталу заңын түсіну;
Миға шабуыл
1.Импульс дегеніміз не?
2.Импульстің неше түрі бар және формулалары қандай?
3. СИ жүйесінде дене импульсінің өлшем бірлігі қандай?
4. Импульстің сақталу заңының формуласын атаңыз.
Жаңа сабақ
(W) Видео көру:
https://youtu.be/BgkSHjVF0tU
(W) Сын тұрғысынан ойлауға арналған сұрақтар
Видео арқылы тексеру
https://youtu.be/KlgfAXD1mQI
Оқушылардың жауаптарын тексеру
Энергияның сақталу және айналу заңы
Тысқары күштермен әрекеттеспейтін денелердің идеал жүйесін тұйық жүйе деп атайды.
Тұйық жүйенің механикалық энергиясы денелерді кез-келген орналасу қалпында өзгеріссіз калады.
Энергия ешқашан жоғалмайды және «жоқтан» пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге түрленеді және бір денеден екінші денеге беріледі.
Ағаш бұтақтары
Ағаш бұтақтарының потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар жерге құлап кетуі мүмкін. Бұтақ неғұрлым ауыр және ол жерге неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның потенциалдық энергиясы көп болады. Сол сияқты жоғарғы бұтақта ілулі тұрған жемістің де потенциалдық энергиясы бар. Жеміс құлаған кезде оның потенциалдық энергиясы қозғалыс энергиясына (кинетикалық энергия) айналады. Ал жерге тиген кезде кинетикалық энергия жылу энергиясына айналады.
Бөгеттердің артындағы су
Гидроэлектрлік бөгеттің артындағы су орасан зор потенциалдық энергияны сақтайды, өйткені ол бөгеттің екінші жағындағы суға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде. Мұндай бөгеттердің қақпалары ашылған кезде су төмендей бастайды және жинақталған потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналады, ол электр энергиясын өндіру үшін турбиналарды айналдырады
(I,G) Есептер шығару
Дескрипторлар:
Тапсырманың берілгенін жазады;
ХБЖ-ға келтіреді;
Серпімділік күшінің жұмысының формуласын жазады;
Дұрыс жауапты есептейді.
Есеп шығаруда кинетикалық және потенциалдық энергияның формулаларын қолданады.
Энергияның сақталу заңын және импульстің сақталу заңын есептер шығаруда қолданады.
9.2.3.2 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану;
А деңгей
1.Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?
2. Массасы 2 т тікұшақ 20 м биіктікке көтерілді. Оның потенциалдық энергиясы қандай биіктікте 600кДж-ға тең болады?
3. Дене жерден 5 м биіктіктен жерге еркін түсе бастайды. Дененің жермен жанасу сәтіндегі жылдамдығын анықтаңыз.
9.2.3.9 - денелер жүйесінің әрекеттесуі кезінде кинетикалық энергияның өзгеруі мен импульстің сақталу заңын түсіну;
В деңгей
4.Кинетикалық энергиясы Ek=16 Дж және импульсі P=8кг*м/с болатын дененің жылдамдығы мен массасы неге тең?
5.Массасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстырғандағы энергиясы қандай?
6.Зат d биіктіктен еркін құлады. d/2 және d/4 биіктіктерінен дененің потенциалдық энергияларын салыстырыңыз.
9.2.3.1 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау;
С деңгей
7. Массасы 2 кг дене жерге 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15 м биіктікте болған кездегі және жерге келіп түскен кездегі кинетикалық энергиясын табыңыздар.
8. Массасы 9 г оқ қалыңдығы 5 см тақтайға 600 м/с жылдамдықпен соғылып, 200 м/с жылдамдықпен тесіп өтеді. Оның кинетикалық энергиясын, істеген жұмысын және тақтайдың кедергі күшін анықтаңдар. (Кедергі күші өзгермейді).
9.Суретте жүктің потенциалдық энергиясының оның жер бетінен көтерілу биіктігіне тәуелділігі көрсетілген. Бұл жүктің массасы қандай?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?