Механикалық жұмыс және энергия. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 9.3В –Сақталу заңдары

Мектеп:

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып : 9

қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Механикалық жұмыс және энергия.

Оқу мақсаттары

9.2.3.1 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау;

9.2.3.2 – жұмыс және энергияның байланысын түсіндіру, энергияның сақталу заңын есеп шығаруда қолдану

 Сабақ мақсаттары

- механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтау;

- жұмыс және энергияның байланысын түсіндіру;

- энергияның сақталу заңын есеп шығаруда қолдану

Жетістік критерииі

- механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтайды;

- жұмыс және энергияның байланысын түсіндіреді;

- энергияның сақталу заңын есеп шығаруда қолданады

 Тілдік мақсат

Пәндік терминдер мен сөздер:

Механическая работа

Механикалық жұмыс

Work

Мощность

Қуат

Power

Внутренняя энергия

Ішкі энергия

Internalenergy

Механикалық жұмыс …. өзгерісіне тең.

Жұмыс теріс мәнге ие болады, егер…

Тәуелділік графигі …

 Құндылықты дарыту

Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады.

Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау,функционалдық сауатылықты дамыту, өз біліміне деген жауапкершілік пен өзбетімен оқу дағдысын арттыру

АЖ білімі мен түсінігі: ұжымдық істеріне, әрекеттеріне жауапкершілік/ /Knowledge and understanding of the GG: responsibility for their actions, collective affairs

АЖ бағалау/GG values::қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас, ұжымдық іс-әрекетке жеке жауапкершілік/a tolerant attitude to the surrounding people, personal responsibility for the collective business.

АЖ дағды/ Skills GG: диалог құра білу,басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау/ the ability to conduct a dialogue, to interact constructively with other people

 Пән аралық байланыс

Математика

Бастапқы білімдері

күш, күш әрекеті, күш моментті, иіндіктің тепе-теңдік шарттары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Lesson Beginning

0-10 мин

Оқушылармен амандасу.

Өткен тақырыптар бойынша қайталау тапсырмалары

1. Иіндіктің ұштарына төмен бағытталған екі 6 Н және 4 Н күштер әрекет етеді. Тіреу нүктесі иіндіктің бір ұшына 5 см-ге жақын орналасқан. Иіндіктің ұзындығы қандай, егер ол тепе-теңдік күйінде болса?

2. Ұзындығы 1м иіндіктің ұштарына массалары 7 кг және 13 кг жүктер ілінген. Иіндік тепе-теңдікте болу үшін, тіреу нүктесін иіндіктің ортасынан қандай қашықтықта орналастыру қажет?

Жұптарда талдау жасау

Мұғаліммен бірге тапсырмаларды талдау.

Сабақтың ортасы

Middle of the lesson

11-14 мин

15-30 мин

31-38 мин

Оқушыларға сурет ұсынылады:

Суреттерді қалай байланыстыруға болады? Жауаптарынды түсіндіріндер.

Оқушылар сұраққа жауап беріп сабақ тақырыбына шығады. Сабақ мақсаттарын оқушылармен бірге қою.

Механикалық жұмыс және энергия.

-механикалық жұмысты аналитикалық және графикалық жолымен анықтау;

- жұмыс және энергияның байланысын түсіндіру;

- энергияның сақталу заңын есеп шығаруда қолдану

Тапсырма

Сыныпты үш топқа бөлу.

Топта жұмыс. Пурышева Модульный триактив

(G) 1тапсырма. Топтарда орындалады.

1 топ – «Жұмыс» тақырыбына дәптерлеріне кластер құрастырады және §1.13 40-43 беттегі тест тапсырмаларын орындайды

2 топ – «Потенциалдық энергия және жұмыс» тақырыбына дәптерлеріне тірек конспект жасайды және §1.14 44-45 беттегі тест тапсырмаларын орындайды

3 топ – «Кинетикалық энергия және жұмыс» тақырыбына дәптерлеріне кластер құрастырады және §1.13 46-47 беттегі тест тапсырмаларын орындайды.

«Әлемге саяхат». Әр топтан бір оқушы дәптерімен басқа топқа барады, өзінің тақырыбын түсіндіреді, оларды тыңдайды. Содан соң келесі топқа ауысады, өз тобына оралады.

Жұпта жұмыс.

(G) 2тапсырма. Жұппен есеп шығару.

  • Дене, көкжиекеке 600 бұрыш жасай бағытталған 20 Н күштің әрекетінен горизональ бетте қозғалады. Денені 5 м қашықтыққа жылжытқанда атқарылған жұмысты анықтаңдар.
  • Дененің қозғалыс бағытында айнымалы күш әрекет етеді. Суретте денеге әсер еткен күштің жолына тәуелділік графигі берілген. Күштің атқарған жұмысын анықтаңдар.
  • Массасы 20 г снаряд 600 м/с жылдамдықпен қозғалып ағаш тосқауылға тиеді және оны тесіп 200 м/с жылдамдықпен тосқауылдан шығады. Ағаштың кедергі күшінің жұмысы неге тең, егер тосқауылдың қалыңдығы 10 см ?
  • Суретте серпімділік күшінің серіппенің созылуына тәуелділік графигі берілген.

А) серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

Б) егер серіппені 0,5 м, 1,2 м созса қандай потенциал энергияларға ие болады?

В) осы кездерде сыртқы күштің, серпімділік күштің жұмыстары қандай болады?

5. Күш проекциясының орын ауыстырудан тәуелділігі графикалық түрде берілген. Қозғалыстың бірінші 6 метріндегі күштің атқарған жұмысын анықтаңдар.

Сабақтың соңы

End of the lesson

39-40 мин

Рефлексия

Сабаққа қортынды жасау (мақсаттар бойынша).

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. .

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу