Импульстің сақталу заңы. Физика, 9 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Импульстің сақталу заңы.

Сабақ мақсаттары:

- Импульстің сақталу заңына анықтама беру;

- Серпімді және серпімсіз соқтығысу есептеріне импульстің сақталу заңын қолдану.

Тұйық жүйедегі денелердің кезкелген әрекеттесулерінде олардың импульстарының геометриялық қосындысы тұрақты болады.

Алгоритм

Есептің шартын оқыңдар және қысқаша берілгенін жазыңдар. Шамаларды СИ жүйесіне келдіріңдер.

Есепті сараптаңдар: есеп шарты бойынша денелер жүйесінің әрекеттесуге дейінгі және әрекеттесуден кейінгі суретерін салыңдар. Суретте сәйкесінше әрекеттесуге дейін және кейінгі жылдамдық векторларын көрсетіңдер.

Денелер жүйесі тұйық екендігін анықтаңдар. Егер тұйық жүйе болатын болса, осы жүйеге қатысты импульс сақталу заңын векторлық түрде жазыңдар. Егер жүйе тұйық болмаса векторлық түрінде импульс өзгеріс теңдеуін жазыңдар.

Координаталық осьтің оң бағытын анықтаңдар және импульстің сақталу заңын (немесе өзгеріс теңдеуін) осы оське проекциялар түрінде жазыңдар.

Қажетілігіне қарай қосымша теңдеулерді жазыңдар.

Белгісіз шаманы шығарыңдар. Шыққан формулаға мәндерді қойып есептеңдер.

Массасы 20 т вагон 0,3 м/с жылдамықпен қозғалып, массасы 30 т жылдамдығы 0,2 м/с жылдамдықпен қозғалған вагонды қуып жетеді және соғылып тіркеледі. Әрекеттесуден кейінгі вагондардың жылдамдығын анықта.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу