Дененің импульсі және күш импульсі. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.
ОМ:
9.2.3.3 - дене импульсы мен күш импульсі анықтамасын білу;
9.2.3.4 - теңәрекетті күшті дене импульсінің жылдамдығы ретінде түсіну;
9.2.3.5 - импульстың сақталу заңын тұжырымдау
- Массасы 500 г болатын шарик 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты домалап келеді. Оның импульсі неге тең?
- 20 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан дененің импульсі 500 кг ·м/с. Оның массасы қандай?
- Массасы 0,5 кг арбашаның импулсі 5 кг ·м/с тең болса, оның жылдамдығын анықта.
Орта деңгей
- Массасы 2 кг материалық нүктенің қозғалысы x=5-8t+4t2 теңдеуімен өрнектеледі. Оның 2с және 4 с өткенен кейінгі импульстерін анықтаңдар.
- Массасы 10 г оқ қабырғаны тесіп өткенде жылдамдығы 800 м/с-тен 300 м/с-ке дейін кеміді. Оқ импульсінің өзгерісін табыңдар.
- Массасы 22 кг бала 2,5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, массасы 12 кг жылжымалы платформаға қарғып шықты. Бала мен платформаның жылдамдығы қандай?
Жеткілікті деңгей
- Зеңбірек ядросы 20 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта ұшып кележатып массалары сәйкесінше 5 кг және 10 кг екі жарықшаққа бөліне жарылды. Кіші жарықшақтың жылдамдығы 90 м/с болып бастапқы бағыты бойынша қозғалса, үлкен жарықшаның жылдамдығы мен бағытын тап.
- Дененің координаталары мына заңдылықпен өзгереді x=-6+3t+0,25t2, ал импульсі
заңдылықпен өзгереді. Дененің массасы мен оған ісер ететін күшті тап.
Жоғарғы деңгей
- Метеорлар Жер бетіне жетпей атмосферада жанып кететіні белгілі. Осы жағдайда оның импульсімен не болады?
- Снаряд өзінің траекторисының жоғарғы нүтесінде 100 м биіктікте екі бөлшекке жарылды: 1 кг және 1,5 кг. Осы нүктедегі оның жылдамдығы м/с. Үлкен жарықшақтын жылдамдығы м/с және бағытымен бағыттас болыпты. Екі бөлшектің жерге түскендегі арақашықтығын анықтаңдар. Ауа кедергісі ескерілмейді.
Кұрылымдық тапсырма.
- Массасы 1.2 кг болатын В добы тұрақты жылдамдықпен қозғалып бара жатып тыныштық күйде тұрған массасы 3.6 кг S добымен соқтығысады. 1.1 суретке қараңыз.
сурет 1.1
Үйкеліс күштерін ескермеңіз.
1.2 суретте В добының соқтығысуға дейінгі, S добымен соқтығысу кезіндегі және соқтығысудан кейінгі v жылдамдығының t уақыт бойынша өзгеруі көрсетілген.
сурет 1.2
(а) 1.2 суреттегі v жылдамдығының оң және теріс мәндерінің мағынасын тұжырымдаңыз
…………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………….
……………………………………………………………………………………… [1]
(b) 1.2 суреттен пайдаланып анықтаңыз, В добының S добымен соқтығысу кезіндегі
(і) В добының импульсінің өзгерісін
Импульстің өзгерісі = ……………………….. Нс [3]
(іі) В добына әсер ететін күштің мәнін
Күш = …………… Н [3]
(с) Соқтығысудан кейінгі S добының жылдамдығын есептеңіз
Жылдамдық = …………….. мс-1 [2]
(d) 1.2 суреттегі мәліметтен және (с) дағы жауабыңызды пайдаланып бұл соқтығысу серпімді немесе серпімсіз болғаны туралы сапалы қорытынды жасаңыз.
…………………………………………………………………………………………
…………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………[2]
[Барлығы: 11]
Cambridge International A and AS level_Physics 9702_qp2_s2009
http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20International%20A%20and%20AS%20Level/Physics% 20(9702)/9702_s09_qp_2.pdf
Марк схемасы: http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20International%20A%20and%20AS%20Level/Physics% 20(9702)/9702_s09_ms_2.pdf
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?