Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2В Гравитациялық өріс | Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.2.8 тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау | |
Сабақ мақсаттары | тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтайды | |
Бағалау критерийлері |
| |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Ауырлық күші, гравитациялық өріс, гравитациялық тұрақты, гравитациялық өріс кернеулігі Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер: Не әсер етеді …… Сіздің ойыңызша не болады, егер ….. Сіз жасаған өзгерістің нәтижесі ……. Сіз ұсынған гипотеза ….. Не тұрақты болуы қажет? | |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады: бір-бірін сыйлау, ашықтық және бірігіп жұмыс жасай алу, ойларын ашық айта білу | |
Пәнаралық байланыстар | Формулаларды түрлендіру және математикалық амалдарды қолдану | |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы. | |
Бастапқы білім
| 9 сынып қисық сызықты қозғалыс және ауырлық күші әсерінен қозғалыс |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың Басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | 1.Ұйымдастыру кезеңі (W) Активити 1 «Ой қозғау» 1. Неліктен денелер құлайды? 2. Егер ғарышта ауа жоқ болса, онда гравитация бар ма? 3. Денелердің бір бірін тартуы ауа арқылы бола ма? 4. Салмақ және масса арасындағы айырмашылық қандай? 5. Неліктен Сіз Айда аз салмақта боласыз? 6. Егер айда сіздің салмағыныз аз болса, онда сіз Айда арықтау боласыз ба? 7. Барлық денелер гравитация себебінен бірдей үдеуге ие болады ма? (W) Активити 2 1.Вакуумдағы заттың құлауы туралы бейнематериал қарау 2.Оқушылар қорытынды жасайды. (G)Жұптық жұмыс Тапсырма Ауырлық күші мен тартылыс заңы формулаларын қолданып, гравитациялық өріс кернеулігінің (еркін түсу үдеуі) өрнегін қорытып шығару; Оқушылардың бірі қорыту жолын тақтада көрсету арқылы өз-өздерін бағалайды. Гравитациялық өрістің кернеулігі (еркін түсу үдеуі)
(W) Сұрақ
Есептер шығару 1.Қайсыбір ғаламшардағы ауырлық күшінің жүк массасына тәуелділігі төмендегі кестеде келтірілген.
а) Кестедегі мәліметтер бойынша F ауырлық күшінің (Оу өсі) m жүк массасына (Ох өсі) тәуелділігін салыңыздар.
График бойынша: б) Гравитациялық өріс кернеулігін анықтаңыз. _____________ в) Ғаламшардың массасы 6,44ˑ1023 кг екендігін біле отырып, ғаламшардың радиусын анықтаңыз ________________ 2.Радиусы 70000 км қайсыбір ғаламшардың бетінен 115 м биіктіктегі дене оның бетіне 3 с өткен соң құлайды. Ғаламшарды шар деп есептеңдер. (V= Анықтаңыз: а) ғаламшардағы еркін түсу үдеуін б) ғаламшардың массасын в) ғаламшардың орташа тығыздығын г) Радиусы 1,5 R тең болатын геостационар орбита бойымен қозғалатын ғаламшар серігінің айналу периодын Кері байланыс Адамның салмағын қалай ұлғайтуға болады? | http://www.youtube.com/watch?v=z_sJ15feNGw&safe=active ТМ | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?