file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Денелердің ауырлық күші әсерінен қозғалысы. Еркін түсу және горизонталь лақтырылған дене қозғалысы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Күні:

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

Денелердің ауырлық күші әсерінен қозғалысы.

Сабақ1. Еркін түсу және горизонталь лақтырылған дене қозғалысы

Сабақтың оқу мақсаттары:

 9.2.2.8 - рассчитывать параметры движения тела в поле тяготения.

Сабақ міндеттері

  • Ауырлық күші өрісінің дене қозғалысына әсерін түсіну;
  • Негізгі зертханалық өлшемдерді жасау;
  • Тәжірибе өткізу мен талдау жасау дағдыларын қолдана білу;
  • Әр түрлі құралдармен жұмыс жасай білу;
  • Формулаларды есеп шығаруда қолдану.

Бағалау критериялары

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

  • Ауырлық күші өрісіндегі дене қозғалысының траекториясын атаса
  • Алғашқы өлшеулер жүргізсе
  • Алғашқы өлшеуге өзгерістер енгізе отырып, өлшеуді қайталаса
  • Тәжірибедегі үрдісті анықтау
  • Тәжірибе өткізуге бөгет жасайтын факторларды анықтау
  • Тәжірибені жақсарту жолдарын ұсына алады

Құндылықтарды дарыту:

  • Оқушылардың дүние танымын кеңейту.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
  • Оқушылардың өз оқуына жауапкершіліктерін арттыру.,

Тілдік мақсаттар:

 Оқушылар мынадай терминдерді қолдана отырып сұрақтарға жауап беріп және тәжірибелерді сипаттай алады:

 Сабақ терминдері:

 Парабола, горизонталь бағыт, тік бағыт, бағыт, құраушылар, жылдамдық векторының құраушылары, ұшу алыстығы, көтерілу биіктігі.

Құрал жабдықтар

Презентация, тапсырма парақтары, штатив, муфта, бағыттаушы желоб

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім:

 Еркін түсу

 Сабақ кезеңдері

Уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минуты

5 минут

5 минут

15 минут

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа психологиялық дайындық

? Өткен сабақта қандай жаңа мәліметтерді білдіңдер?

? Оған дейін не біліп едіңдер?

Диалог сұрақтары:

Салмақ дегеніміз не??

Дене үдеумен жоғары немесе төмен қозғалса дененің массасы қалай өзгереді?

Бұл жағдайда салмақ өзгере ме

Неге олай болады

(АСТ/START) оқушыларға қағаз таратып беріп доп сияқты мыжуды ұсыныңыз. Сонан соң орнынан қозғалмай жасаған доптарын корзинаға лақтырсын.

Диалог сұрақтары:

  • Не бақыладыңдар? Қандай тректория?
  • Жақын немесе алыс отырған оқушылар доптарын қалай лақтырды?
  • Жақын немесе алыс отырған оқушылар лақтырған доптардың траекториясы өзгеше ме?

Сабақ тақырыбын жариялау: Денелердің ауырлық күші өрісінде қозғалуы

(T) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Денеге тек ауырлық күші әсер еткен жағдайдағы дененің қозғалысының сипаты мен заңдылықтарын оқып үйренеміз. Қозғалыс бірнеше түрде болуы мүмкін: тік жоғары және төмен лақтырылған дене қозғалысы, горизонталь және көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы. Олар парашютпен секіру, трамплиннен секіру т.б. қозғалыстарды сипаттайды.

Түсіндіру жоспары:

  • Жалпы түсінік
  • Еркін түсу. Сілтеме бойынша бейнебаян көру
  • Галилео Галилей тәжірибесі
  • Еркін түсу үдеуіне есеп шығару алгоритмі
  • Есеп шығару мысалы
  • Горизонталь лақтырылған дене қозғалысы

(f\G) Қалыптастырушы бағалау.

Лақтыру алыстығының лақтыру күшіне тәуелділігін зерттеу.

Мақсаты: алынған білімді бекіту

Жұмыс түрі: жұптық

Бағалау: мұғалім бағалауы

Оқушылар жұппен шағын зерттеу жүргізеді. Зерттеу үшін өлшеуіш таспа мен өшіргіш (немесе шарик) қажет.

Өшіргішті партаның шетіне қойып саусақпен шертіп ұышру керек. Партаның биіктігі h және партадан өшіргіш құлаған ара қашықтықты L өлшеу керек.

Осы мәліметтерді қолданып өшіргіштің бастапқы жылдамдығын есептейді. Тәжірибені 2-3 рет қайталау керек.

Оқушылар өз жауаптарын сыныптастарының жауаптарымен салыстырады.

Қосымша 1.

Қағаз

Қағаз лақтыруға арналған корзина

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=1dlnCyCNL8g

Әрбір оқушыға шығару

Сабақ соңы

3 минуты

Оқушылар «Жетістіктер баспалдағынан осы сабақтағы өз деңгейлеріне сай келетін баспалдақты анықтайды.

Үй тапсырмасы . есеп шығару. Қосымша 2.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Осы кезеңде берілген таппсырманы өздігінен орындай алмай отырған оқушыларға көмек көрсету жоспарланады

Барлық оқушылар есептерді шығарады.

Кейбір оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Кейбір оқушылар алынған ақпаратқа толық талдау жасай алады.

  • Ауызша жауаптарды бағалау (мұғалім бағалауы)
  • Өтілген тақырыпты өзіндік бағалау

Жазба жұмыстарында орындықта тік отыру ережесін ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Қосымша 1

Лақтыру алыстығының лақтыру күшіне тәуелділігін зерттеу.

Зерттеу жоспары:

  • Партаның биіктігін өлше h.

h=………………м

  • Өшіргішті партаның шетіне орналастыр.
  • Саусақпен шертіп өшіргішті ұшыр.
  • Парта мен құлаған өшіргіштің арасын өлше.

L1=………………………м.

  • Лақтыру жылдамдығын есепте.

 υ1=……………………………..м\с

  • Тәжірибені үш рет қайталап, жылдамдықтың мәндерін жаз.

L2=………………………м. υ2=……………………………..м\с

L3=………………………м. υ3=……………………………..м\с

  • Алынған жылдамдық пен құлау алыстығын салыстыр. Бұл тәжірибеде қандай заңдылық байқалды.

………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

  • Өлшеудің өте дәл болмауының екі себебін жаз.
  • ………………………………………………………………………………………………………
  • .……………………………………………………………………………………………………
  • Тәжірибені жақсартуға екі ұсыныс жаз
  • ………………………………………………………………………………………………………
  • .……………………………………………………………………………………………………

Қосымша 2

Үй тапсырмасы

  • Дене 80 м биіктіктен құлайды. Құлаудың соңғы секундындағы оның орын ауыстыруын анықтаңдар.
  • Егер соңғы 2 с дене 60 м құлаған болса, дене барлығы қанша уақыт құлаған?
  • Серіппелі пистолеттің «снаряды» тік жоғары атылғанда Н = 1м биіктікке көтеріледі. Егер пистолетті h = 64 см биіктікке горизонталь орналастыратын болсақ, «снарядың» ұшу алыстығы қанша болады? «Снарядтың» ұшып шығу жылдамдығы екі жағдайда бірдей.
  • Бала 6 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 5 м биіктіктен суға секіреді. Суға жеткенде баланың жылдамдығының шамасы мен бағыты қандай?


Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу