Ауырлық күшінің әсерінен денелердің қозғалысы Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Күні:

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Сынып: 9

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

Ауырлық күшінің әсерінен денелердің қозғалысы

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы

Сабақтың оқу мақсаттары:

9.2.2.8 – таратылыс өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу

Сабақ міндеттері

  • Ауырлық күші өрісінің дене қозғалысына қалай әсер ететінін түсіну
  • Жылдамдық векторының құраушыларын анықтау
  • Формулаларды есептер шығаруда қолдану

Бағалау критериялары

Оқушылар оқу мақсаттарына жетеді, егер:

  • Ауырлық күші өрісінде қозғалған дененің траекториясын атайды.
  • Есеп шығаруда ұшу алысытығын, ұшу биіктігін, ұшу уақытын есептей алады.

Құндылықтарды дарыту:

  • Оқушылардың дүние танымын кеңейту.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
  • Оқушылардың өз оқуына жауапкершіліктерін арттыру.,

Тілдік мақсаттар:

 Оқушылар мынадай терминдерді қолдана отырып сұрақтарға жауап беріп және тәжірибелерді сипаттай алады:

 Сабақ терминдері:

 Парабола, горизонталь бағыт, вертикаль бағыт, жылдамдық векторының құраушылары, ұшу алыстығы, көтерілу биіктігі.

Құрал жабдықтар

Презентация, тапсырма парақтары

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім:

Оқушылар ауырлық өрісіндегі денелердің қозғалысы туралы теорияны біледі.

 Сабақ кезеңдері

Уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минуты

5 минут

5 минут

15 минут

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа психологиялық дайындық

? Өткен сабақта қандай жаңа мәліметтерді білдіңдер?

? Оған дейін не біліп едіңдер?

Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар сабақтың басында есептердің шығару жолдарын тақтаға жазады. Мұғалім тексереді. Басқа оқушылар өз жауаптарымен салыстырады.

Диалог сұрақтары:

Дене ауырлық күші өрісінде қалай қозғалады?

Горизонталь лақтырылған дененің алысқа ұшуы қандай параметрлерге тәуелді?

Горизонталь лақтырылған дененің жылдамдығының қай құраушысы тұрақты болады?

Горизонталь лақтырылған дененің жылдамдығының қай құраушысы өзгереді?

(АСТ/START) оқушыларға атылған оқтың суретін көрсетіңіз.

Диалог сұрақтары:

  • Не бақыладыңдар? Қандай траектория?
  • Алысқа немесе жақынға атылған оқ суреттерінің қандай ерекшеліктері бар?
  • Алыстан немесе жақыннан атылған оқ траекторияларының айырмашылығы бар ма?

Жаңа тақырып: Денелердің ауырлық күші өрісінде қозғалысы

(T) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Түсіндіру жоспары:

  • ОХ осі бойынша қозғалыс теңдеулері.
  • ОУ осі бойынша қозғалыс теңдеулері.
  • Ұшу уақыты, ұшу алыстығы, кез келген уақыт мезетіндегі жылдамдықты есептеу
  • Ұшу алыстығының лақтыру бұрышына тәуелділігі

(f\G) Қалыптастырушы бағалау

Мақсаты: алған білімді бекіту

Жұмыс түрі: жұптық

Бағалау: үлгі бойынша өзін өзі бағалау

Оқушылар ұсынылған есептерді шығарады

Бір оқушы тақтада шығарады. Мұғалім есептің тақтада шығарылуын қадағалайды. Қажет болса бағыттап отырады.

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар өз жауаптарын сыныптастыраның жауаптарымен салыстырады. Қажет болған жағдайда мұғалім жауаптарды түзейді.

Қосымша1.

Презентация фото

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=IDWMJB0OZb0

Тапсырма парақтары

Сабақ соңы

3 минуты

Оқушылар «Жетістіктер баспалдағынан осы сабақтағы өз деңгейлеріне сай келетін баспалдақты анықтайды.

Үй тапсырмасы . есеп шығару. Қосымша 2.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Осы кезеңде берілген таппсырманы өздігінен орындай алмай отырған оқушыларға көмек көрсету жоспарланады

Барлық оқушылар есептерді шығарады.

Кейбір оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Кейбір оқушылар алынған ақпаратқа толық талдау жасай алады.

  • Ауызша жауаптарды бағалау (мұғалім бағалауы)
  • Өтілген тақырыпты өзіндік бағалау

Жазба жұмыстарында орындықта тік отыру ережесін ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Қосымша 1

  • Суретте көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған доптың траекториясы көрсетілген. Бастапқы нүстеде бастапқы лақтыру жылдамдығы мен жылдамдық вектортының құраушылары көрсетілген.
  • Осы суретте А,В,С нүктелерінде осы жылдамдық пен оның құраушыларының өзгеру бағытын көрсетіңдер
  • Егер доп 15 м/с бастапқы жылдамдықпен, 20о бұрышпен лақтырылған болса, қанша уақыт ұшатынын анықтаңдар. о.

  • Құбырдан су 50 м/ с жылдамдықпен көкжиекке 30° бұрыш жасай атқылайды. Су ағысының көтерілу биіктігі мен ұшу алыстығын анықтаңдар.
  • Дененің ұшу алыстығы мен көтеілу биіктігі бір біріне тең болуы үшін денені көкжиекке қандай бұрыш жасай лақтыру керек?
  • Ұшу алыстығы ең үлкен болуы үшін денені көкжиекке қандай бұрышпен лақытыру керек?
  • Ұшудың қай нүстесінде снарядтың жылдамдығы ең аз болады
  • . Егер ауаның кедергісі жоқ болса, қарудан атылған соң оқтың үдеуі қалай бағытталады? Ауаның кедергісі бар болса бұл шама қалай өзгереді?
  • Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене 4 секунд ұшады. Дене ең жоғары қандай биіктікке жетті?
  • Бала 15 м биіктіктегі терезеден допты горизонталь лақтырып жіберді. Доп жерге қанша уақытта жетті, егер доп үйден 5,3 м қашықтыққа құлаған болса, қандай бастапқы жылдамдыпен лақтырылған?
  • Үстел бетімен 1 м/с жылдамдықпен қозғалған шарик жерге құлап үстелден 0,45 м қашықтыққа домалап кетті. Үстелдің биіктігі қандай? ,
  • Горизонталь ұшып бара жатқан ұшақтан тасталған бомба неге вертикаль төмен түспейді?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу