Есептер шығару: Дененің салмағы. Салмақсыздық. Физика, 9 сынып, қосымша материал.


W Жүгі бар серіппелі таразымен активити:

  • Адамның қолы Жерге қатысты тыныштықта тұрып, таразыны көрсеткен кезде дене салмағы модулі бойынша ауырлық күшіне тең екендігін көрсетеді.
  • Таразыны жүкпен бірге төмен қарай қозғалтамыз. Салмақ азаяды.
  • Таразыны жүкпен бірге жоғары қарай көтереміз. Салмақ артады.
  • Таразыны қолдан босатып жібереміз, сол кезде жүкпен бірге таразы да еркін құлайды. Осы жағдайда салмақтың көрсетуі нольге теңеседі. Салмақ жоғалды.

Сыни ойлау:

  • Не себепті біз бұл көріністі байқадық?
  • Біздің салмағымыз неден тәуелді?
  • Салмақсыздықтың болу себебі неде?

W BILIMLAND білім беру ресурсымен жұмыс

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/massa-zhane-kush/lesson/salmaq

  • Неліктен жердегі дененің салмағы оның географиялық орнына байланысты болады?

Жауап:

  • Географиялық ендікте орналасыуна байланысты болады (себебі полюстерде – gmax; экваторда – gmin)

g=9,83 м/с2

g=9,8 м/с2

g=9,78 м/с2

G Жұптық жұмыс.

Тапсырмалар:

1. Иіндік таразыға ілінге 10 кг апельсин салмағы көбірек болады:

1) экваторда;

2) 450 ендікте;

3) полюсте.

2. Дене салмағы дене қозғалатын үдеуге байланысты болады.

Өткен сабақтағы білімдеріңе сүйене отырып, кестені толтырыңдар(ТМ Кесте).

W G I Тест тапсырмаларын орындау.

  • Тесіліп қалған құтыдан сүт ағып жатыр. Егер байқамай құтыны құлатып алатын болса, онда сүттің еркін түсуі
  • баяулайды;
  • ыдыстан ағуы тоқтайды;
  • тезірек ағады;
  • сүттің ағуы өзгермейді;
  • дұрыс жауабы жоқ.

2. Лифт 10 м/с2 үдеумен тік төмен түсіп келе жатыр. Лифт ішінде массасы 60 кг болатын адам бар. Адамның салмағы неге тең? (g = 10 м/с2)

1) 600 Н 2) 1200 Н 3) 0 4) 60 Н 5) жауабы жоқ

3. Дөңес көпірдің жоғарғы нүктесінде 72 км/сағ жылдамдықпен жүретін көліктің салмағын анықтаңдар. Осы нүктеде көпірдің пішіні радиусы 500 м болатын шеңберге сәйкес келеді, көлік массасы 500 кг.

1) 4900 Н 2) 4714 Н 3) 4600 Н 4) 4478 Н 5) 4324 Н

4. Массасы 40 кг бала, ұзындығы 4 м алтыбақанда тербеледі. 6 м/с жылдамдықпен тербелу кезінде ең төменгі нүктеде бала алтыбақан орындығына қандай күшпен әсер етеді.

1) 500 Н 2) 400 Н 3) 40 Н 4) 760 Н 5) 300 Н

Құрылымдық тапсырманы орындау:

5. I, G ( тақтада мұғалім түзету жұмыстарын жасайды).

Массасы 85 кг ұшқыш түйіліп ұшу жасады.

(a) (i) ұшқыштың асқын салмақ нүктесін анықта. Оны суретте А нүктесімен көрсет.

(ii) бұл нүктеде ұшқыш неге асқын салмақ сезінетінін түсіндір.

(iii) А нүктесіндегі ұшқыштың салмағын анықта.

(b) (i) ұшқыш салмақсыздық қалпында болатын нүктені анықта. Оны суретте В нүктесімен көрсет.

(ii) неліктен және қандай жағдайда осы нүктеде ұшқыш салмақсыздық қалпында болатындығын түсіндір.

(iii) өз болжамыңды растайтын формуланы жаз.

Рефлексия: Егер дене тұрақты түрде күш түсірілетін болса, онда дене қалай қозғалады? Мысал келтіріңдер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу