Есептер шығару: Дененің салмағы. Салмақсыздық. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2 А Динамика негіздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Есептер шығару: Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.10 - үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтау;

9.2.2.11 - салмақсыздық жағдайын түсіндіру;

Сабақ мақсаты

Оқушылар салмақ – шығу тегі серпімді күш екенін біледі, үдемелі қозғалатын дененің салмағын анықтай алады, салмақсыздық күйін түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар егер тірек немесе аспа үдемелі қозғалатын болса, онда дене салмағын есептей алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оқушылар: салмақ, деформация, салмақсыздық, асқын салмақ терминдерін қолдана алады.

Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер:

Дене салмағының пайда болу себебі ...

Вертикаль үдемелі қозғалатын дененің салмағы ...

 Құндылықтарды дарыту

Өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, топта жұмыс жасау. Төзімділік.

 Пәнаралық байланыстар

Математика (формуланы түрлендіру, математикалық аламдар)

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстары

Бастапқы білім

 

Ньютон заңдары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2 мин

2-12 мин

12-17 мин

17- 20 мин

20-28 мин

28-36 мин

36-42 мин

42-45 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын анықтау.

W Жүгі бар серіппелі таразымен активити:

  • Адамның қолы Жерге қатысты тыныштықта тұрып, таразыны көрсеткен кезде дене салмағы модулі бойынша ауырлық күшіне тең екендігін көрсетеді.
  • Таразыны жүкпен бірге төмен қарай қозғалтамыз. Салмақ азаяды.
  • Таразыны жүкпен бірге жоғары қарай көтереміз. Салмақ артады.
  • Таразыны қолдан босатып жібереміз, сол кезде жүкпен бірге таразы да еркін құлайды. Осы жағдайда салмақтың көрсетуі нольге теңеседі. Салмақ жоғалды.

Сыни ойлау:

  • Не себепті біз бұл көріністі байқадық?
  • Біздің салмағымыз неден тәуелді?
  • Салмақсыздықтың болу себебі неде?

W BILIMLAND білім беру ресурсымен жұмыс

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/fizika-negizi/massa-zhane-kush/lesson/salmaq

  • Неліктен жердегі дененің салмағы оның географиялық орнына байланысты болады?

Жауап:

  • Географиялық ендікте орналасуына байланысты болады (себебі полюстерде – gmax; экваторда – gmin)

g=9,83 м/с2

g=9,8 м/с2

g=9,78 м/с2

G Жұптық жұмыс.

Тапсырмалар:

1. Иіндік таразыға ілінген 10 кг апельсин салмағы көбірек болады:

1) экваторда;

2) 450 ендікте;

3) полюсте.

2. Дене салмағы дене қозғалатын үдеуге байланысты болады.

Өткен сабақтағы білімдеріңе сүйене отырып, кестені толтырыңдар(ТМ Кесте).

Үдеу

Денеге не болады?

Р салмақты

Fа ауырлық күшімен салыстыру

Есептеу формуласы

Дененің күйі

Рифма

1

а=0

1)Тыныштықта

немесе

2) тұрақты жылдамдықпен түзу сызықты қозғалады.

Р=Fт

Р=m•g

Дене тыныштықта немесе түзусызықты бірқалыпты

Үдеу жоқ, онда ауырлық күші дене салмағына тең

2

а

Үдеумен жоғары

Р> Fт

Р=m•(g+a)

Асқын салмақ

Үдеу жоғары бағытталса, онда асқын салмақ қаупі бар

3

а

Үдеумен төмен

Р< Fт

Р=m•(g-a)

Салмақ азаюы

Үдеу төмен бағытталса, дене жеңілдей бастайды

4

а= g

Дене тірекке әсер етпейді, аспаға ілінбейді, яғни салмақсыздықта болады.

Р = о

Р=0

Салмақсыздық

Үдеу g-ге тең болса, онда ол – салмақсыздық

W G I Тест тапсырмаларын орындау

  •  Тесіліп қалған құтыдан сүт ағып жатыр. Егер байқамай құтыны құлатып алатын болса, онда сүттің еркін түсуі
  •  баяулайды;
  •  ыдыстан ағуы тоқтайды;
  •  тезірек ағады;
  •  сүттің ағуы өзгермейді;
  •  дұрыс жауабы жоқ.

2. Лифт 10 м/с2 үдеумен тік төмен түсіп келе жатыр. Лифт ішінде массасы 60 кг болатын адам бар. Адамның салмағы неге тең? (g = 10 м/с2)

1) 600 Н 2) 1200 Н 3) 0 4) 60 Н 5) жауабы жоқ

3. Дөңес көпірдің жоғарғы нүктесінде 72 км/сағ жылдамдықпен жүретін көліктің салмағын анықтаңдар. Осы нүктеде көпірдің пішіні радиусы 500 м болатын шеңберге сәйкес келеді, көлік массасы 500 кг.

1) 4900 Н 2) 4714 Н 3) 4600 Н 4) 4478 Н 5) 4324 Н

4. Массасы 40 кг бала, ұзындығы 4 м алтыбақанда тербеледі. 6 м/с жылдамдықпен тербелу кезінде ең төменгі нүктеде бала алтыбақан орындығына қандай күшпен әсер етеді.

1) 500 Н 2) 400 Н 3) 40 Н 4) 760 Н 5) 300 Н

Құрылымдық тапсырманы орындау:

5. I, G ( тақтада мұғалімнің түзету жұмыстары).

Массасы 85 кг ұшқыш түйіліп ұшу жасады.

(a) (i) ұшқыштың асқын салмақ нүктесін анықта. Оны суретте А нүктесімен көрсет.

(ii) бұл нүктеде ұшқыш неге асқын салмақ сезінетінін түсіндір.

(iii) А нүктесіндегі ұшқыштың салмағын анықта.

(b) (i) ұшқыш салмақсыздық қалпында болатын нүктені анықта. Оны суретте В нүктесімен көрсет.

(ii) неліктен және қандай жағдайда осы нүктеде ұшқыш салмақсыздық қалпында болатындығын түсіндір.

(iii) өз болжамыңды растайтын формуланы жаз.

Рефлексия: Егер дене тұрақты түрде күш түсірілетін болса, онда дене қалай қозғалады? Мысал келтіріңдер.

Презентация, ТМ тапсырмалар

ТМ Кесте

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу