Бүкіл әлемдік тартылыс күші. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы:

Бүкіл әлемдік тартылыс күші. The law of the world.

Мектеп: НЗМ Көкшетау қ.

Уақыты:.../.../2018 ж.

Мұғалім: Қабылов М.Б.

Сынып: 9 «а»

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

9.2.2.9 - ауырлық күшін дене массасына гравитациялық өрістің әсері ретінде түсіну;

9.2.2.7 - Жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну;

9.2.2.5 - бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;

Таным объектісін талдай алу машығын дамыту,заңдылықты талдай,саралай білу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

бүкіл әлемдік тартылыс заңының тұжырымдамасын жасайды;

заңды өмірмен байланыстыра алады;

өз түсінігімен заңдылықтың қолдану аясын мысалдар келтіру арқылы түсінік бере алады;

есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оның тапсырмаға сай жауабын алады.

Жартысын көп оқушылар:

берілген оқу мақсатына (анимацияға,тапсырмаға т.б.)сәйкес математикалық өрнегін қорытып шығарады.

Кейбір оқушылар:

Заңның қолдану аясын анықтап, оны өмірдегі маңыздылығын сипаттайды.

Жетістік критерийлері

  • Бүкіл әлемдік заңының тұжырымдамасын біледі;
  • Гравитациялық өріс әсерінен дененің тартылуын сипаттайды;
  • Бүкіл әлемдік тартылыс күшін пайдаланып денелердің өзара тартылуын түсіндіре алады;
  • Шамалар арасындағы байланысты тағайындай алады, оны өмірмен байланыстырады.

Тілдік міндеттер

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Дене

Тело

Body

Ғарыш

Космос

Cosmos

Жұлдыз

Звезда

Star

Планета

Планета

Planet

Ай

Луна

Moon

Жер

Земля

Earth

Комета

Комета

Comet

Галактика

Галактика

Galaxy

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Закон всемирного тяготения

Gravitational force

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыс барысында бір-бірін тыңдай білу. Әрбір оқушының өз ойын жеткізуінің маңыздылығын түсіну. Әрбір тұжырымның маңызды екендігін білу. Адалдыққа үйрету.Жолдастық көмектің маңыздылығын айыра білу.

Әлем азаматы

Ньютонның жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы ролі, механика заңдарын білудің маңыздылығын түсіну.

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия (векторларды қосу, проекция алу)

АКТ қолдану дағдылары

Гравитациялық өрісті модельдеу:

https://phet.colorado.edu/en/simulation/gravity-force-lab

қосымша:

hhttps://bilimland.kz/ru

Бастапқы білім

Гравитациялық өріс, денелердің жерге тартылуы

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Басы

0-2 мин

Сабақты ұйымдастыру

3-5 мин

Сұрақ жауап білімдерін тексеру

  • Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?
  • Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты туралы не айтуға болады?
  • Екі дененің өзара әректтесуі кезінде пайда болатын күштер бірін-бірі теңгере алады ма?

Бұл сұрақтарды жалпы сыныпқа арнап қоюға болады немесе жеке топтарға тапсырма ретінде ұсынып өз ой-пікірлерін жеткізуге жағдай жасауға да болады.

6-20 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Проблемалық жағдай.

1.Адам неге құс сияқты ұшып кетпейді?

2.Неліктен денелер құлағанда жерге түседі?

3.Бір бірімізбен сөйлесіп тұрғанда арамыздағы тартылысты неге сезбейміз? I.Ғалымдардың күн жүйесіндегі денелердің өзара әсерлесуі бойынша жұпта жұмыс жасап ғалымдардың көзқарастарын және негізгі идеяларын анықтауды ұсыну(топқа бөлу арқылы)

1-топ Роберт Гук;Г.Галилей

2-топ И.Кеплер;Н.Коперник

3-топ У.Гильберт;И.Ньютон

Оқушылар топ-тобымен ұсынылған таблицаға сай өз мәліметтерін тұжырымдап анықтама беріп,таблицаны толтырады. Оқушылар топ ішіндегі жұмыстарын басқа топтармен бөліседі.

Ғалым

Аспан денелерінің қозғалысы туралы көзқарасы, болжамы

Қорытынды

Моделі

1

2

3

4

5

6

Мұғалімнің іс-әрекеті: Кеңес беру, бағыттау,оқушыларға сұрақтар қою.

Денелердің ерекше бір механикалық қасиеті олардың өте алыс қашықтықтан бірін - бірі тартатын қабілеті жатады. Шексіз әлем кеңестігінде, Жерде де, кез - келген денелердің арасында әрекет ететін өзара тартылыс күшін бүкіләлемдік тартылыс күші немесе гравитациялық күштер деп атайды. Бұл әлемде билігін жүргізетін әмбебап күш. Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты.. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді . Ньютон онан кейінгі жылдары астроном И. Кеплердің XVII ғасыр басында ашқан ғаламшарлардың қозғалыс заңдылығының физикалық түсіндірмесін табуға тырысты және гравитациялық күштердің сан мәні қанша болатынын есептеді.Ғаламшарлардың қалай қозғалатынын біле отырып Ньютон оларға қандай күштер әсер ететіндігін анықтағысы келді. Бұл әдіс механиканың кері есебі деп аталады. Механиканың негізгі есебі бойынша массасы мен жылдамдығы белгілі денеге әсер ететін күштің салдарынан кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтау болса ,механиканың кері есебінде дененің қалай қозғалатындығына қарай оған әсер ететін күштерді анықтау болып табылады.Осы есепті шешу арқылы Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашты.

Барлық денелер бір-біріне өздерінің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады:

Пропорционалдық коэфициент G-табиғаттағы барлық денелер үшін бірдей және оны бүкіл әлемдік тартылыс тұрақтысы немесе гравитациялық тұрақты деп атайды.

G = 6,67·10 -11 Н·м2/кг2(ХБЖ-да)

!!! Барлық денелер – алмалардан ғаламшарларға дейiн, бiртұтас бүкiл әлемдiк тартылыс заңына бағынады.

Ортасы

21-40 мин

II.Гравитациялық өрістегі модельдеу

Оқушылар шамалар арасындағы байланысты анықтайды.

Модельдеу барысында сыни ойлаудың СТТТ кестесін тұрғызу

С

Сипатта

Массалары әртүрлі денелерді алып, тұрақты қашықтықтағы әсерлесуін сипаттаңдар

Т

Түсіндір

Дененің біреуінің массасын өзгертіп, тұрақты қашықтықтағы әсерлесу күшін бақылап, нәтижесі бойынша болжау жасап, түсіндір.

Т

Талда

Әсерлесу күшінің массамен байланысын талда

Т

Топта

Әсерлесу күшінің масса мен арақашықтыққа тәуелділігіг топта

Жұмыстың нәтижесінде:

  • Заңның тұжырымдамасын және математикалық өрнегін шығару:
  • Моделдеу негізінде заңның тұжырымдамасын құру оны оқулықтағы заңның тұжырымдамасымен салыстыру, толықтырулар енгізу.
  • Математикалық өрнегін қорытып шығаруды ұсыну.
  • G-коэффицентінің физикалық мағынасын ашу.

Бағалу критерилері арқылы бағалауды жүргізу

Заңдылық

Тарсырма № топ бойынша

Дескриптор

Оқушы

Ұпай

Бүкіләлемдік тартылыс заңын қолданады

Ауырлық күшін дене массасына гравитациялық өрістің әсері ретінде сипаттайды

Бүкіл әлемдік тартылыс заңын және бір қалыпты айналатын денелер үшін кинематика заңдарын қолданады

1

1

1

Бүкіләлемдік тартылыс және Ньютонның екінші заңын қолданады

1

Сабақтың екінші жартысында

41-65

Топтардың атқарған жұмыстарымен кері байланыс ұйымдастыру

I.Ғалымдардың күн жүйесіндегі денелердің өзара әсерлесуі бойынша жұпта жұмыс жасап ғалымдардың көзқарастарын және негізгі идеяларын анықтауды ұсыну(топқа бөлу арқылы)

1-топ Роберт Гук;Г.Галилей

2-топ И.Кеплер;Н.Коперник

3-топ У.Гильберт;И.Ньютон

II. Гравитациялық өрістегі модельдеу тапсырмасының нәтижесін талдау.

Кері байланыс жасап,қортындылау

Мен үшін бүгінгі сабақта тиімді болғаны ... себебі ...

Мен үшін бүгін қиындық тудырғаны.... сондықтан ...

Менің көзқарасымша біз... сәтті жүзеге асыра алдық, себебі ...

Сабақтың ... тапсырмасын біз жақсы орындай алдық ... себебі ...

Келесі сабақта ... тапсырманы қайта жасар едім, себебі...

Бүгінгі сабақтан өзім үшін түйгенім ...

Аяғы

66-75

76-80

Сабақты пысықтау/қорытындалу/үшін мына видео роликті көріп талдауды ұсынуға болады

https://www.youtube.com/watch?v=w311PjX_rWw

Оқушыларды бағлау

Үй жұмысын беру

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Есептер қосымша қағазда көрсетілген

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Есептер шығару барысында барлық оқушылар бағаланады.

Егер оқушылардың әрбір негізгі жаттығуларда ескерілсе, жұмыс сапасы мен тақырыпты түсінуі бағалануы мүмкін.

Қосымша оқушыларды тілдік білімдерін Mr. Ericson тексереді өз ойымен бөліседі.

Пәнаралық байланыс

Математика пәнімен тығыз байланыста болғаның оқушыларға түсіндіру.

Қауіпсіздік ережелері

Дербес компьютерлерді қолдану барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуының оқушыларға түсіндіру және қадағалау.

АКТ құндылықтары

Есептеу барысында оқушылар өз жауаптарын тексеру үшін дербес компьютерлерді қолданады.

НЗМ құндылықтары

Қауіпті жабдықпен жұмыс жауапты қатынастың дамуына себепші болады. Жұппен жұмыс достастыққа әкеледі. Коммуникативтік дағдылар, серіктеспен жұмыс және сұрақтарға жауап бере отырып жұмыс ұсынылады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үш пайдаланыңыз. Сабағыңызды қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағлау

Ең жақсы өткен екі аспектіні атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалуға қажет болуы қандай ақпаратты білді

Әдістемелік бірлестігінің жетекшсі:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу