Салмақ. Үйкеліс күші Есептер шығару. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Динамика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Салмақ. Үйкеліс күші

Есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • салмақсыздық жағдайын түсіндіру;
  • егер де тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағын есептей білу;

Сабақ

мақсаттары

Оқушылардың барлығы:Ньютон заңдарының тұжырымдамасын біледі және түсінеді;

Көптеген оқушылар:Ньютон заңдарына және салмақтың түрлеріне есептеулер жүргізе алады;

Кейбіреуі:Ньютон заңдарына және салмақ туралы талдаулар жасай алады.

Жетістік критерийері

Салмақсыздық және шектен тыс жүктеме туындайтын шарттарды өз бетімен түсіндіреді

Салмақсыздық күйін түсіндіреді

Өзара әрекеттесетін беткейлердің үйкеліс, кедергі күшінің табиғатын түсінеді

Үйкеліс күшінің неге тәуелді екендігін анықтайды

Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайды

Үйкеліс күшін есептеу формуласын біледі және қолданады

 Тілдік

  мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Күш, ауырлық күші, салмақ, асқын салмақ, салмақсыздық, үдеу,масса, инерттілік,инерция,инерциялық санақ жүйесі

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық,мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу.

Пәнаралық

байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару және графикті оқи білу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы.

Бастапқы білім

 

7 сынып физика курсынан - күштер,күштердің түрлері, салмақ, салмақсыздық, инерция,инерциялық санақ жүйесі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

3-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқу мақсатын анықтау.

«Ой қозғау»

  • Не себепті дене салмағы көлге теңесе алады, ал массасы жоқ?
  • Масса дегеніміз не?
  • Салмақ дегеніміз не?
  • Салмақтың белгіленуі қандай?

Сабақтың ортасы

6-25 мин

26-40 мин

41-51

52-59

60-78

W Сыныппен жұмыс.

Дененің жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әер ететін күші дененің салмағы деп аталады

Дене тіреуімен бірге вертикаль жоғары қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен артық болады.

Асқын салмақ P=m(g+a)

Асқын салмақты төмендегі қатынаспен бағалауға болады...

k=P/ Fa

Төмендегі суретті түсіндіріп көріңдер

Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.

Салмақсыздық кезінде орындалатын шарт:

g=a

Есептер шығару

1.Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы және оған түсірілген тіректің күші қандай? Суретін салыңдар және күштердің бағытын көрсетіңдер.

2.Көпірдің қисықтық радиусы 100м. Автомобильдің массасы 2000кг, оның осы нүктедегі қозғалыс жылдамдығы 5м/с. Ойыс көпірдің төменгі нүктесіндегі автомобильдің салмағы қандай?

3.Лифтінің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеудің модулі а=0,2 м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай болады? Асқын салмақты бағалаңдар.

4.Массасы 2т автокөлік дөңес көпірден 36 км\сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Егер көпірдің қисықтық радиусы 100м болса, онда ол көпірдің ортаңғы нүктесін қандай күшпен қысады?

5.Парашют ашылғанда парашютшінің жылдамдығы 1с ішінде 50м/с – тан 10м/с- ке дейін кемиді. Парашютші қандай асқын салмақ күйін кешеді.

6.Жолаушы бір сәт салмақсыздық күй кешу үшін, автомобиль радиусы 40м дөңес көпірдің ортасынан қандай жылдамдықпен өтуі қажет?

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

  • Оқу мақсаты: салмақсыздық жағдайын түсіндіру;

егер де тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағын есептей білу;

W Сыныппен жұмыс

Үйкеліс күші дегеніміз...

Үйкеліс күшінің өрнегі...

Үйкелістүрлерін ажырату (суретке қарап отырып)

Үйкеліс қай жерде көп болады...

Үйкеліс күшінің бағыты

Есептер шығару

  • Ит жеккен шананың қар үстімен қозғалған кездегі жұмсайтын ең үлкен күші 0,5кН. Егер үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, жегілген иттер бірқалыпты қозғала отырып, массасы қандай жүк тиелген шананы сүйрей алады?
  • Массасы 2кг ағаш білеушені қатаңдығы 100Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бір қалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3 тең. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
  • Массасы 50 кг бала төбешіктен шанамен сырғанап, горизонталь жолмен 10с ішінде 20м жүріп барып, тоқтады. Үйкеліс күшін және үйкеліс коэффициентін табыңдар.
  • 12 м/с жылдамдықпен келе жатқан автобус авариялық тежелуден кейін қанша уақыт өткенде тоқтайды? Авариялық тежелу кезіндегі кедергі коэффициенті 0,4 ге тең.
  • Автомашина доңғалақтарының жолмен сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,25 болса, горизонталь жолда 36км/саг жылдамдықпен келе жатқан машинаның бұрылу доғасының ең кіші радиусын табыңдар.

Слайд

Таратпа материал

Слайд

Таратпа материал

Таратпа материалдар

79-80 мин

Үй тапсырмасы:

Рефлексия: Сөйлемді аяқтау

Мен бүгінгі сабақта...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу